Бұршақ тұқымдастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 10:45, реферат

Краткое описание

Бұршақ тұқымдастар - қосжарнақты өсімдіктер. Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.

Вложенные файлы: 1 файл

Бұршақ тұқымдастар..docx

— 37.67 Кб (Скачать файл)

             Бұршақ тұқымдастар.

Бұршақ тұқымдастар - қосжарнақты өсімдіктер. Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.

Бұршақ гүлі

 

Бұршақтың құрамындағы ақуыз  басқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда  жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан  тұрады. Бұршақ құрамында аскорбин қышқылы көп - 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1,5-2 есе артық.

 

 

 

 

 

Бұршақ тұқымдастарда  сонымен бірге фитаттар бар, жануарларда  жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олар жасушаларды қатерлі ісік түзілістерінен қорғай алады.

Ағуыздың айрықша мол  мөлшері соя құрамында бар (100 грамында 40 грамм), сонымен бірге  бұл ағуыз барлық өсімдік ағуыздарының ішінде ең жоғарғы қоректік құндылыққа ие. Бұршақ тұқымдастардың құрғақ тұқымдарындағы көмірсулар құрамы 100 грамда 40-тан 60 грамға дейін, ал май - 5 грамнан (бұршақ тұқымдастардың көпшілігі үшін) 20 грамға дейін (соя  тұқымдары үшін) құрайды. Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сарыбөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ - пайдалы мал азығы. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қарадан), улысы да (тентекмия) бар.

Бұршақтар тұқымдасының коптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшоптік, бал  жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. осімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар  тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың қүрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп молшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).

Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек). 150-дей түрі бар; БОР-дың  флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі  жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дөн алу  мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шоп ретінде егістікті  бүлдіреді.

Егістік сиыржоңышқа (вика посевная) пішен дайындау жөне дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая ) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді.

Дәнді бұршақ дақылдары мал  шаруашылығындағы ақуыз мәселесін  шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі  жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады.  Олардың сабаны мен мекені  де мал азықтық  құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді  бұршақ дақылдарының тұқымдары  өңдеу  өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін  бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы  азотты сіңірудің нәтижесінде  қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының  азотты байлау қабілетінің  арасында топырақ органикалық заттармен  және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына  жақсы алғы дақыл болып табылады.

Бұршақ тұқымдасы. Асбұршақ

Бұршақ дәнділер - бұршақ тұқымдасы(Fabaceae, Leguminosae) - шөптесін, бұта және ағаш өсімдіктер. Дәнді бұршақты дақылдарға - асбұршақ, май бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), малазықтық бұршақ, бөрібұршақ, жасымық, ноқат және басқалары.

       Ас бұршағының 100 г - 79 ккал. Ағуыздың, көмірсулардың,  жасұнықтың тамаша көзі, құрамында  темір, калий, фосфор, мырыш, С  дәрумені, В тобының дәрумендері  бар.

Дәнді бұршақты дақылдардың  тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы бос  азоттан дәндері мен вегетативтік мүшелеріне ақуыз түзіп қана коймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.

Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан  тез өсіп, танапты ерте боматады. Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы  тұрғыдан алғанда, дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына  жақсы алғы дақыл.

 

Емдік қасиеті

Бұршақ - жүрек-тамыр ауруы бар адамдардың жейтін тамағының қатарында болуы керек. Жасыл бұршақ адам ағзасына радиоактивті металдардың сіңуіне қарсы тұрады. Бұршақ қатерлі ісік ауруларының, инфарктың, қан қысымы артуының туындау ықтималдығын төмендетеді. Бұршақты жасыл кезінде жинайды. Одан көже, ботқа жасайды. Түрлі ет тағамдарына қосымша ретінде пайдаланады. Салаттарға қосады. Тап осы бұршақ туралы Гиппократ айтқан: «Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек». Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда ақуыз көп болады. Ақуыз, әсіресе, май бұршақ дәнінде мол(39%), Сары бөрібұршақ дәніндегі ақуыздың мөлшері 36 пайызға, асбұршақ дәнінде 24 пайызға тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі - олардың ақуыздары тез қорытылып, ағзаға жақсы сіңеді. Майбұршақ дәнінің ақуызының сіңімділіг 89 пайыз, малазықтық бұршақтікі - 87 пайыз, ал жасымық пен асбұршақ дәніндегі ақуыздың сіңімділіг 85 пайызға тең. Ақуызбен қатар, дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде майлар мен А, Н, Д, Е, С тобындағы витаминдері бар.

 

Тағамдық қасиеті

Дайын тамақты  дәмдеу жолдары:

    • Пицца үстіне консервіленген қызанақ (ең жақсы болғанда, шөптер, дәмдеуіштер, сарымсақ) және салқындатылған көкөністер, мысалы ұсатылған саумалдық, брокколи, асбұршақ, дәндер. Үстіне ірімшік себіңіз.
    • Салқындатылған лазанье. Үстіне туралған кәді және қызанақ қойыңыз. Оған майсыз ірімшік сеуіп пісіріңіз. Салатпен қосып жеңіз.
    • Дайын мексикалық тамағы тез дайындалатын сальсамен бірге дәмдендіріледі. Қызанақ, қияр, пияз және балдыркөкті төртбұрышты етіп тураңыз. Осының барлығын тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз. Үстіне дәмдендірілген бұрыш және ұнтақталған күнзе қосыңыз.
    • Салқындатылған бәлішке көкөніс қосып пісірген өте дәмді. Пісірілген кезде көкөніс жұмсақтанады. Мысалы, саңырауқұлақ, қызанақ, жульен, түрлі түсті бұрыш және кәді қосуға болады.
    • Сіз құймақ немесе тәтті нан алсаңыз, оларды ұнтақталған саумалдықпен бірге жеуіңізге болады. Бірақ оны мұздатпаңыз. Сонымен қоса, саумалдық орамдарын, майлылығы аз ірімшік, пияз қосуға болады. Оларды күйдірмейтін табаға салыңыз, үстіне туралған қызанақ, көк шөптер, ұнтақталған ірімшік сеуіп пісіріңіз.
    • Үнді тағамымен райта тәріздес салат дайындай аласыз. Төртбұрышты туралған қияр, пияз, сәбіз, күнзе, майлылығы аз йогуртты араластырыңыз. Жаңа ғана ұнтақталған мята мен чили бұрышын себіңіз.
    • Қытай тағамдары үшін, біз қарапайым шығыс салатын ұсынамыз. Жаңа ірі бұршақты, пияз, консервіден алынған бамбук және колтруп суын қосыңыз. Оны қырыққабат жапырықтарымен бірге үстіне күнжүт майын немесе соя тұздығын қосып жеңіз.

Бұршақ дәнділер топтары

 

Дәнді бұршақты дақылдар пайдалану  максатына қарай бірнеше топқа  бөлінеді:

    • тағамдық дәнді бұршақтар(асбұршақ(Lens), үрмебұршақ, ноқат)
    • малазықтық дәнді бұршақтар(пелюшка, малазықтық бөрібұршақ, малазықтық бұршақ)
    • техникалық дәнді бұршақ(май бұрашақ)
    • аралас пайдаланылатын дәнді бұршақтар(жасымық, ноғатық(Lathyrus))
    • жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын бұршақтар(алколоидты бөрібұршақ)

 

 

 

Қорытынды

Бұршақ тұқымдастар қосжарнақты  өсімдіктер класына жатады. Жемісі - шырынды, құрғақ. Бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі құстар, жарғанаттар және су арқылы таралады. Бұршақ тұқымдастар тамыр түтікшелері арқылы бос азотты сіңіріп, тамыр түйнектерін түзеді. Гүл құрылысында ерекшелік бар. Гүл бөліктері «желкен, ескек, қайықша» деп аталады. Жемісі - бұршаққап. Құрамында нәруыз көп болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

↑ Қазақ энциклопедиясы I том

↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық  энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас  ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бұршақ тұқымдастар