Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 21:25, реферат

Краткое описание

Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау – бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды.

Вложенные файлы: 1 файл

referat_1.docx

— 21.38 Кб (Скачать файл)

 

Реферат

Тақырыбы: Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері.

Пәні:Банктік құқық

 

 

 

 

 

 

 

 

Орыедаған:

Тексеретін:

 

 

 

 

Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау – бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды.

Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  1. олар Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге асыратын банктік операциялардың және мәмілелердің барысында туындайды;
  2. олар коммерциялық банктердің лицензияланған операциялары мен мәмілелеріне байланысты туындайды;
  3. олар жүйелі, мақсатты әрі тұрақты сипатта болады;
  4. олар банк жүйесін және банктік қызметті мемлекеттік реттеу барысында туындайды;
  5. олар мемлекеттің қаржы, ақша-кредит және инвестициялық саясаты ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды;
  6. олар мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкінің кредиттік-қаржылық және әкімшілік қызметтің нәтижесінде туындайды;
  7. олар Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруы, бақылауы және лицензиялауы барысында туындайды;
  8. олар Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму банкінің мемлекеттік қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және бөлуге, мемлекеттің алтын-валюта активін қалыптастыруға байланысты туындайды;
  9. олардың объектілеріне ақшалар, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар және банктік құпия режимімен қамтылған ақпарат жатады;
  10. олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит тарту, инвестициялау, банктік кредиттеу операцияларына және бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;
  11. олардың жүйесі банктік және өзге де заңнамалық актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес қалыптасады;
  12. олар қаржылық инструменттер айналымнан пайда алу барысында туындайды;
  13. олар негізінен сенімгерлік сипатта болады.

Банктік құқықтың құқықтық реттеу әдістері оның құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.

Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т.б. элементтерге сай қалыптасады.

Банктік құқық ауқымында мемлекеттік өктем-әмірлі-императивтік әдіс, қос (не одан да көп) тарапты-келісімді немесе шартты-диспозитивтік әдіс, сондай-ақ банк жүйесінің, банктер мен олардың клиенттерінің және банктік қызметтің қайсыбір мәселелеріне тікелей қатысты императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерінің аса қажетті жекелеген тұстарын біріктіретін кешенді әдіс пайдаланылады.

Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындуа (орындатқызу) арқылы жүзеге асырылады.

Диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі қоғамдық банктік қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін тиісті заңнамалық актілер және тараптардың арасында жасалған банктік шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.

Кешенді банктік-құқытық реттеу әдісі негізінен қоғамдық банктік қатынасқа қатысушылардың экономикалық-қаржылық және өзге де мүдделерінің теңдестірілімдігін көздеу, олардың банктік қызметінің тиімділігін және мемлекеттің (оның уәкілетті органдарының) өктем нұсқамаларын орындау еріктілігі дәрежесін айқындау тұрғысынан жүзеге асырылады.

Демек императивтік және диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдістерінің өзара байланысы мен бірыңғайлығы негізінде кешенді банктік құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқықтың кешенді әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеше – корпоративтік ая субъектілерінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ қаржылық инструменттер қозғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді. Банктік құқық жүйесінің негізгі белгілеріне оның құқықтық нормаларының біртұтастығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.

Осындай құқықтық нормалар мен институттардың банктік құқық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Банктік құқықтың жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларының бірыңғайлығына орай біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған және белгілі бір тәртіппен орналыстырылған құқықтық нормалардың жүйесінен тұратын өзінің ішкі құрылысын (құрылымен) білдіреді.

Банктік құқықтың құқықтыұ нормалары мен институттарын іштей жүйелеу және топтастыру нәтижесінде оның аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.

Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:

  1. Банктік құрылыстың құқықтық негідері.
  2. Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару-реттеудің құқықтық негіздері.
  3. Мемлекеттік банктік бақылау-қадағалаудың құқықтық негідері.
  4. Банктік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттік банктік бақылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімінің құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарының жұмыс істеуіне орай туындайтын банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:

  1. Банктердің банктік шот ашу – жүргізу операцияларын құқықтық реттеуге.
  2. Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу.
  3. Банктердің кредиттеу операцияларын құқықтық реттеу.
  4. Банктердің төлемдік – есеп айырысу операцияларын құқықтық реттеу.
  5. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын құқықтық реттеу.
  6. Банктердің валюталық операцияларын құқықтық реттеу сияқты ірі функционалдық институттар құрайды.

Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.

Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың нормалары бар нормативтік құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері болып табылады.

 

 

 

 

 

әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

  1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
  2. Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года
  3. Указ Президента Республики Казахстан от 30.03.95 «О национальном банке Республики Казахстан».
  4. Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам банковской деятельности» от 11.07.1997.
  5. Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998.
  6. Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-II «О рынке ценных бумаг»
  7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 753 «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»

 


Информация о работе Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері