Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 10:19, реферат
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға борыш борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Осы ұғым туралы еліміздің және шетелдің әртүрлі атақты ғалым экономистердің көзқарастарын талдап көрейік.
Кеулімжаев К.К. былай деген: Дебиторлық борыш деп ақша түріндегі жеке азаматтардың, ұйымдардың және басқа да дебеторлардың берілген кәсіпорын алдындағы міндеттемесі, ол әртүрлі іс әрекеттер барысында жиі түрде несиеге сатылған тауар, жұмыс, қызмет нәтижесінде пайда болады,- деген.