Мәліметтердің үш негізгі модельдері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 08:16, реферат

Краткое описание

Индексті-тізбектелген файлдар белгілі жазбаға тікелей қол жеткізудің проблемаларын шешті. Мысалы, САТУЛАР файлдан бірінші жазбаны оқып, клиенттің атын және адресін анықтағымыз келсе, клиент идентификаторын қолданамыз. Енді біздерге керісінші есепті шешу керек болсын: белгілі клиентке (мысалы, идентификаторы ID=100) барлық сатуларды анықтағымыз келеді. Файлдық жүйеде тікелей бұл сұраққа жауап ала алмаймыз. Осындай сияқты қолданбалы есептерді шешу үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері өңделген. Мәліметтер қорын қолданатын бірінші ақпараттық жүйе 60-шы жылдары (XX ғ.) пайда болған. Ол иерархиялық моделъде негізделген болатын. Мәліметтер арасындағы қатынастардың иерархия түрдегі құрылымы болатын мәліметтер моделі иерархиялық модель болып табылады. Бұл модельдер ертерек пайда болған, қазіргі кезде осы заманғы реляциялық модельдерге қарағанда сирек қолданылады. Бірақ та осы модельдер негізінде жұмыс жасайтын жүйелер әлі де қолданылады.