Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 08:04, реферат
Қытай математикасының алғышарттары болып, ежелгі мәдениеттің түрлі классификациялық жүйелері табылады. Олар: инь және янь күштері, әлем айналымының бес фазасы, сегіз тригамма және тағы басқалар жайлы ұғымдар. Математиканың дамуы оның мемлекеттік басқару жүйесінің қажеттіліктеріне тікелей байланысты болды. Математика Қытайда басқа ғылымдар сияқты қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандырған болатын. Математиканың негізгі ұғымдары «Тоғыз тарауда суреттелген математика» деген еңбекте қарастырылды. Оның авторы – біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда өмір сүрген Чжан Цан. Еңбек бірнеше рет толықтырылды. 1 мыңжылдықтың ортасында қорытындыланып, тоғыз трактаттан құрылған математикалық канон болып шықты.