Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 22:02, реферат
Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.