Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап елде жүргізілген агралық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардабтары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және зандық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие-қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық прцестерге елеулі нұқсан келтірді. Ол шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, теріс процестердің белең алуына, өндірістің құлдырауына, өнімді сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист-делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Бұл себептерінің біріне айналды.

Вложенные файлы: 1 файл

А.Ш. ШЫГЫНЫ.docx

— 29.85 Кб (Скачать файл)

Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері 

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап елде жүргізілген агралық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардабтары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және зандық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие-қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық прцестерге елеулі нұқсан келтірді. Ол шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, теріс процестердің белең алуына, өндірістің құлдырауына, өнімді сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист-делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Бұл себептерінің біріне айналды.

Ауыл шаруашылығы ұдайы залал шегетін салаға айналды, ал ішкі жалпы өнімдегі агралық сектордың үлес салмағы 1990 жылғы 34 пайыздан 2000 жылы 8 пайызға дейін төмендеді. Сөйте тұра ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржыландырудың көлемі 1991-2001 жылдары 1991-1994 жылдармен салыстырғанда 8,8 есе кеміді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің берешегінің жалпы көлемі 2000 жылы 1994 жылға қарағанда 1,9 есе өсті.

Ұзақ және орта мерзімге берілетін несиенің үлес салмағы күрт азайып кетті, оның есесіне тұқым себу мен егін жинау жұмыстарын атқаруға берілетін қысқа мерзімді, тонаушылық несиенің көлемі өсті.

Мемлекет ауылды байыпты қолдаудан бойын аулақ салды, мұның өзі кәсіпорындарды санациялау мен банкроттау процестерінің белең алуына апарып соқтырды. Есептей келгенде, 2000 жылы бір шаруа қожалығына (фермерге) шаққандағы мемлекеттік жәрдемнің көлемі 551 теңге, оның ішінде бюджеттен тікелей жәрдем (дотация) — 80 теңге, өндірістік шығындар өтемі — 52 теңге, жеңілдіктер — 283 теңге болды.

Сонымен бірге төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарды отандық  және шетелдік инвесторлардың басқаруына беру жолымен қаржылық сауықтыру жөніндегі аграрлық саясатты село олигархтары жылдам пайдаланып, ауыл еңбеккерлерінің берешегі есебіне олардың мүлкі мен жер үлестерін иемденіп алды, сөйтіп ауылда аса ірі меншік иелері мен жалдамалы жұмыскерлер табын туындатты. Тек бір жылдың ішінде ғана өзінің жер үлесіне құқығын басқаға беру жөнінде 80 мың шарт жасалды, және де ондай үлестер көбіне «Агроцентр – Астана», «Голдан-Грейн» секілді ірі компаниялардың, «Апако» корпорациясының және басқаларының басқаруына көшті. Соның нәтижесінде, 1999 жылы ірі жеке меншік фирмалар 5 миллион гектар егістікті яғни елдегі дәнді дақылдар себілетін барлық жердің 40 пайызын пайдаланды.

Соңғы жылдарда (1999-2000 ж.ж.) өндірістің салыстырмалы түрде тұрақтануына қарамастан, залалды шаруашылықтардың үлес салмағы 2000 жылы 50 пайыз денгейінде қалды.

Осыған байланысты Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында баяндалған аграрлық реформалардың жаңа бағытына үлкен мән беріліп отыр, онда ел экономикасын көтерудегі басты міндет ретінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы алға қойылған.

Жолдауда көрсетілген ірі проблемалардың үшеуін бөліп көрсеткіміз келеді. Олар: ауылды мемлекеттік қолдау, ішкі көші-қон процестері жөніндегі мемлекеттік саясат және ауыл шаруашылық жеріне жеке меншік институтын енгізу.

  1. 1.     Ауылды мемлекеттік қолдау

Жолдауда айтылғандай, 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен жыл сайын қосымша 8-10 миллиард теңге бөлінбек. Ауылды қолдау басты міндет деген идеяның өзін өрбіте түссек, біздің ойымызша, мемлекеттің материалдық-техникалық қорлардың табиғи монополияларының өніміне бағаның тепе-тендігін қамтамасыз ету және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алынатын ауыл шаруашылық өніміне кепілді баға белгілеу жөніндегі реттеуші қызметін көтеру қажет.

Астыққа мемлекеттік тапсырысты қалпына келтіру немесе өндірушілердің өндірістік шығынын өтеп, қайтарып және белгілі дәрежеде табыс беретін кепілді бағамен «Азық-түлік корпорациясы арқылы» мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын өнім көлемін 50 пайыз көбейту, сондайөақ экспортқа бағдарланған өнімді міндетті түрде мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Несие саясаты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге берілетін банк қарызына ішінара мемлекеттік кепілді кқамтамасыз етуге, несие үшін алынатын өсім деңгейін төмендетуге, мемлекет қатысуымен несие серіктері желісін ұйымдастыруға, қысқа мерзімді (ағымдағы шығындарға) және ұзақ мерзімді (негізгі қорларды толықтыруға) несие беру жүйесін қалпына келтіруге бағытталуға тиіс. Қысқа мерзімді несие үшін қолайлы ақы – жылына 10-12 пайыз, ұзақ мерзімді несие үшін – 3-5 пайыз болып табылады, несиені банктер тауар өндірушілерге жыл басында аса сапалы тұқым мен асыл тұқымды мал сатып алуға төмен пайыз бен бергені жөн.

Ипотекалық несие жүйесі тек мүліктік (негізгі қорлар) кепілмен ғана емес, сондай-ақ азаматтардың жеке меншігіндегі немесе пайдалану құқығындағы жерлерді кепілдікке алу арқылы да дамуға тиіс. Ипотекалық қарызды өтеу кепілдігін қамтамасыз етудің көздері мыналар болуға тиіс: жер учаскесін сатқан кездегі және жерді пайдалану құқығы жөніндегі мәмледен алынатын процент; жер салығынан белгілі бір пайыз түрінде түсетін төлем; ипотекалық несие базарына қатысудан алынатын табыстың бір бөлігі; республткалық және жергілікті бюджет қаржылары.

Жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан салық алу жүйесінде бірыңғай әдіс қолдану қажет. Жер және салық заңдары арасындағы орын алып келген қайшылықтар жойылуы керек. Бүгінгі күні шаруа қожалықтарының (фермерлерден) жердің бағаланған құны негізінде бірыңғай жер салығы алынады, ал заңды тұлғалардан (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер, ЖШС, АҚ) алынатын жер салығы топырақтың балл-бонитет бойынша жасалған патент құрамында көрсетіледі.

Сөйтіп, жер салығының негізгі кемшілілігі оның мөлшерін бонитет балына сай топырақтың сапалық қасиеті бойынша анықтау болып табылады. Салықты ауыл шаруашылық жерлердің нормативтік бағаланған құнына белгілі бір пайыз мөлшерінде анықтаған пайдалырақ деп санаймыз. Жер сату базарының дамығанын және ауыл шаруашылығының табыстылығын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету керектігін ескерсек, жердің базар бағасы негізінде салық салу негізсіз болар еді. Жер салығының экономикалық табиғаты салықтың басқа  да кез келген түрі сияқты қосымша өнім болып табылады, осыған байланысты жер салығын тауар өндірушілерден дифференциалдық рентаны алу механизмі ретінде қарастыру керек.

Дифференциалдық рентаны жер салығы түрінде анықтаумен алудың әдістемелік жолы-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді республика аумағында басты ауыл шаруашылық дақылдарды егілетін аймақтар бойынша топтау негізінде жер салығы аумақтарын анықтау. Мұндай әзірлеменің жаңалығы – Қазақстан аумағында бағаның және жер салығының бірыңғай аймағын белгілеу.

Қазіргі жер салығының негізіне жердің биологиялық бағасы мен оның құнын бағалау нәтижесі алынған. Таяу жылдарда, әлемнің көптеген елдерінде қолданып жүргендей, жер салығын жердің нормативтік бағасының немесе базар құнының белгілі бір пайызы мөлшерінде есептеу қажеттігі туындайды.

Жер салығы мөлшерін нақты ғылыми негіздеп белгілеу үшін оның обьективті базасын – жер кадастарын, жердің экономикалық бағасын түбегейлі әзірлеу қажет. Бұл көрсеткіштерге жыл сайын түзетулер енгізіліп отыруға тиіс, ал жер учаскесін бөліп берген кезде жерге орналастыратын органдардың жердің экономикалық бағалануымен бірге сол жер учаскесінде немен шұғылдану, қандай дақыл себу, қашан себу пайдалы деген ұсыныстар бергені тиімді. Мұндай есептік деректерді жер учаскелерінің шын мәніндегі бағасын белгілеген кезде пайдалану керек.

Суармалы егістікте су ақысының мөлшері экономикалық, биологиялық және жағрапиялық жағдайларды, аудандардың мамандандырылуын, республикада суармалы жерлерде ауыл шаруашылығының белгілі бір салаларын дамыту қажеттігін, су көздерінің алыс-жақындығын, табиғи қашыртқылардың бар-жоқтығын, судың сапасын, елді мекендерден қашықтығын, өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін, экологиялық қауіпсіздікті және басқа шарттарды ескеруі қажет.

Ауыл шаруашылығы суын тұтынушыларға жеткізіп беретін мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың ыңғайлы да оңай болуы үшін әрбір әкімшілік ауданда Мемлекеттік су инспекциясының заңдық, экономикалық және әлеуметтік өзара қатынастардың барлық жақтарын ескеретін тиісті жарғысы бар филиалдарын ұйымдастыру қажет.

Құнарлы жерлерді ауыл шаруашылығынан өзге мақсатта басқадай қажетке пайдалануға жол бермеу үшін осы ереженің бұзылуына жауапкершілікті қатайта түсу қажет. Мұндай жағдай бола қалған күнде жерді пайдаланушы немесе жердің иесі жергілікті бюджетке жерде басқа мақсатқа пайдалану мәнісін жоятындай мөлшерде айыппұл немесе салық төлеуге тиіс.

Нарықтық тұрпаттағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары қалыптасу сатысында екенін ескеріп, оларды қаржылық ауыр жағдайдан шығару үшін 20 бонитеттік балдан төмен бағаланған жер учаскелерін салықтан босатуды ұсынамыз. Бұл шара ұзақ мерзімді болуы тиіс және заң жолымен кемінде 10 жыл мерзімге енгізілуі қажет.

Жоғарыда айтылған принциптерді ескере отырып, салық жүйесін құруға төмендегідей талаптар қою қажет.

  1. Салық қалай болса солай емес дәл анықталуы тиіс, мұның өзі төлеушінің өз жұмысын, оның қаржылай нәтижесін болжай отырып жоспарлануына мүмкіндік береді. Салықтың анық болмауы немесе толық анықталмауы кәсіпкерлік істің қауіп-қатерін көбейтеді, шенеуніктердің заңсыздығына жағдай туғызады.
  2. Төлеу мерзімі салық төлеушілерді толық қанағаттандыруға тиіс. Бұл талап оларға қолайлы жағдай тудыру ниетінен ғана емес, олардың қаржылық мүмкіндіктерін ескеруден де туындайды. Ауыл шаруашылық өндірісі маусымды болғандықтан, ақшалай табыс жыл ішінде бірқалыпты түсіп отырмайды.
  3. Салық салу әдістері мен төленетін сомасы оны төлеуші өте анық және түсінікті болуға тиіс. Бұл жағдай бұзылса, салық қызметінің жүгі қатты ауырлап, ол қызмет пен төлеушілер арасындағы дау-жанжалды жиілетеді.
  4. Салық жинауға жұмсалатын шығын барынша аз болуға тиіс. Бұл талап барлық жүйелер үшін бірдей және олардың тиімділігін анықтайды.

 

 

2. Ауыл тұрғындарының ішкі көші-қон проблемалары

Қазақстанда экологиялық жағынан қауіпті әлеуметтік даму жағынан артта қалған аудандар саны едәуір, оларда 2 миллиондай адам тұрады. Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан келсек, олардағы халықтың дені қазақтар, көп балалар отбасылар. Арал маңының экология жағынан қолайсыз аудандарын, Семей полигонына қапталдас аудандарды, әртүрлі зымырандық сынақ жасалған басқа да аудандарды ескерсек, әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр жерлерде тұрып жатқан қазақтардың үлес салмағы олардың республикадағы барлық санының 40 пайызындай. Экономикалық реформаларды жүргізген кезде осы аудандардың ауа райының қолайсыздығы, экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қатынастың қиындығы сияқты ерекшеліктері толық ескерілмесе, жағдай одан әрі ушыға түседі.

Бұл аудандар тұрғындарының әлеуметтік жағдайы негізінен жеке қосалқы шаруашылық (70% астамы) және әлеуметтік төлемдер (10%) есебінен құралатын ақшалай табысының өте төмен деңгейімен сипатталады. Сатудан түсетін табыс көлемі 10 пайыздан аспайды, өйткені, жеке қосалқа шаруашылық жеткілікті дамыған, өнімді сату қиындықтары ұшан-теңіз, тиісті өндірістік инфрақұрылымдар жоқ. Тұрғындардың өмір сапасының төмендігі — өндірістің құлдырауына және оны қалпына келтірудің төмен қарқынының, әлеуметтік саланы қаржыландырудың тоқталғанының салдары. Олардың әлеуметтік сала обьектілерімен қамтамасыз етілуі республикалық орта деңгейден 1,5-2,0 еседей төмен.

Ауылды жердегі демографиялық ахуалдың шиеленісуі халық санының ұдайы кемуімен, қартайған адамдар санының көбеюімен, ауылдан қалаға көшумен, кадрлардың тұрақтамауымен қабаттас журуде.

Көші-қонға ызбайлық қоныс аудару процесінің қиындықтары мен ауырпалықтарынан туындайды. Тұрған жерін айырбастау көшіп-қонушыдан едәуір рухани күштің жұмсалуын, уақыт және материал-қаражат шығындарын (олардың көлемі отбасы мүшелерінің санына, оның материалдық жағдайының деңгейіне және басқаларға байланысты) талап етеді.

Біздің ойымызша, мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бағыты ауылды жерлер мен ауыл халқы тұрып жатқан аудандардан, тіпті экологиялық қолайсыз аймақтардан еңбекке жарамды халықтың көшіп кетуін болғызбау. Мал өсірумен шұғылданатын аймақтар тұрғындарының бақуат өмір сүруіне қажетті жағдай жасау керек. Аграрлық саясаттың міндеті еліміздеқаңырап қалған аймақтар жасау емес, оларды дәйекті түрде көркейту болуы тиіс. Бұған Біріккен Араб Эмираттары (БАЭ), араб әлемінің елдері мысал бола алады. Олар шөлді және бос қалған аймақтарда барлық халықтардың ең алдымен байырғы халықтардың өркениятты өмір сүруі үшін сулы да, нулы жерлер жасады.

Келешегі бұлдыр аймақтарда тұрып жатқан халықтың проблемаларын шешудегі маңызды қадам ауылды қолдау және жұрттың үй шаруашылығын дамытуын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық өрістер жасау. Бұл орайда, осы шаруаға жұмсалған еңбекті жұмыспен қамтудың бір түрі деп заң жүзінде тану, бұл шаруашылықтардың иелеріне жеңілдікті несие беру, өндірген өнімінің артығын сатуды ұйымдастыру, шағын кәсіпкерліктің, қосалқы өндірістер, қолөнер мен олардың кооперативтерін ұйымдастыру негізінде жеке еңбек қызметінің дамуын ынталандыру қажет.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» күшіндегі заң ауылда жұмыспен қамтудың ерекшеліктерін толы5ымен ескермейді, еңбек базарында ауыл тұрғындарын қала тұрғындарымен тең емес жағдайда қояды. Бұл – еңбек жұмсау өрісінің шектеулілігі, тұрғын үй базарының жоқтығы, жұмыс күші бағасының арзандығы, жұмыс істейтін орынның тұрғын үйден алыстығы. Мемлекет тұрғындардың атамекеніндегі жағдайды жақсартуға қарағанда олардың қоңыс аударуына қаржы өлшеусіз көп шығындалады. 

Информация о работе Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері