Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 21:33, реферат
Абай 1845 жылы бұрынғы Семей облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында туған. Шыққан руы – Тобықты. Ата – тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскембай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады. Ол, уақытта Сібір өлкесіндегі қазақ аймақтарының 1822 жылдың «Сібір қазақтары турасындағы устав» деген законы бойынша биленетін. Бұдан бұрын патша үкіметі бекіткен хандық-хандыққа бөлініп жүретін қазақ өлкесі мына заңнан соң, округ – округке бөлінетін болған.