Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 12:19, реферат
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, ХХЫ ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Қалдықтан алынатын өнім мол
Еліміздің экологиялық жағдайы нашар облыстың бірі – Қарағанды. Өйткені мұнда зауыттар мен шахталардың 236 қазандығынан тонналаған денсаулыққа зиянды қалдықтар, улы газдар атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін ластайды.
Халықтың денсаулығына, халық шаруашылығына жəне қоршаған ортаға қалдықтардың келтіретін зиян көлемі де өсе түсуде.
Қарағанды аймағының экологиялық
проблемаларыныңерекшелігі
Қазіргі кезде күлтөкпеге, қалдық заттарды сақтауға, күл-қоқысты төгуге арналған жалпы жер көлемінің өзі 6 мың гектар. Оларда 1,5 миллиард тоннаға жуық өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар сақталуда.
Қалдықтардың химиялық құрамында неше алуан заттар бар. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластандыратын, адамның жүрегін айнытатын химиялық қосындылар көптеп саналады.
Сондықтан да барлық қалдықтарды, оның ішінде бас айналдырып, жүрек айнытатын қалдықтардың құрамына физикалық-химиялық талдау жасап, топыраққа, жер астындағы суға, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жəне экологияға зиянды заттарды есепке алудың маңызы зор.
Металлургтер қаласы Теміртауда 21 өнеркəсіп жəне алты автотранспорт кəсіпорыны жұмыс істейді. Олардың өндірістік қызметінің салдарынан көптеген қатты қалдықтар ашық ауаға төгіліп, табиғатты ластандыруда.
Облысымыздың аймағында өнеркəсіптік кəсіпорындар мол шоғырланған. Соның ішінде көмір байыту жəне көмір өндіру қалдықтары, кен өндірісінің породалары, отын-энергетика комплексінің қалдықтары, күл, металлургия шлактары жəне басқалары бар.
Қарағандының көмір ғылыми- зерттеу институты кен өнімін мол да сапалы өндіру мəселесімен көп жылдан бері үздіксіз шұғылданып келеді. Сонымен бірге институт ғалымдары экологияның тазалығын сақтауға да айтарлықтай үлес қосуда.
Ал экологияның тазалығын сақтауда шахталардан көмір өндірумен бірге, метан газын айырып алудың да маңызы зор. Өйткені метан газы өнеркəсіп пен тұрмысқа қажетті өнім.
Көмір өндіру кезінде жыл сайын Қарағандыда 200 миллион текше метр өнеркəсіпке қажетті метан газы алынатын болса, оның тек 12 миллион текше метрі ғана, яғни 10 проценті пайдаланып, шахтаның қазандықтарында жағылып жүр. Қалған метан атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін көмір қышқылымен ластауда.
Міне, сондықтан Қарағандының
көмір ғылыми-зерттеу
Қарағанды металлургия комбинатының
қалдық суды тазалағыш жабдықтары арқылы
жыл сайын өнеркəсіп
Қазіргі кезде Қарағанды
қаласында шығарылатын
Қалдықтардың морфологиялық құрамына талдау жасаған кезде 1 текше метр қалдықта 22 процент қағаз, 38 процент тамақ қалдықтары, 6 процент тоқыма бұйымдары, 4 процент металл, 3,8 процент шыны, 18 процент пластмасса жəне полимерлік қалдықтар бар екендігі анықталған.
Шикі зат алу үшін кеніштерді
қопарғанша қалдықтардан алынған заттарды
қайта өңдеген əлдеқайда тиімді
болмақ. Егер осы қалдықтарды өңдесе,
қағаз қалдықтарынан- картон, престелген
қағаз-картон табақшаларын, сүйектерден
– сүйек ұнын, тамақ қалдықтарынан-
компост (органикалық тыңайтқыш), полимерлер
мен пластиктерден- құрылыстық жəне
тұрмыстық бұйымдарға, металл құбырлардың
сыртын жабуға арналған шикізат алуға
болады. Қарағанды қаласына көң-қоқысты,
өндірістік қалдықты жəне тұрмыстық
қалдықтарды өңдейтін зауыт қажет.
Бұндай зауыттан өндірілген өнімдерден
алдымен өндіріс үшін шикізат
қажет етпейді, ол қалдықтарды өңдеу
кезінде алынады, өндіріс үшін қымбат
бағалы химикаттар қажет емес, қатты
қысымға жəне жоғары ыстыққа шыдамды
жабдықтарды керек етпейді, қалдықтар
залалсыздандырлатындықтан
Өлкеміздің экологиялық орталықтары
Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына.
Ғылымның шамадан тыс дамып, оның жойқын күшке айналуына байланысты адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік табиғаттың сорына қарай күрт өзгерді. Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы 20 жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас бірсыпыра жанданды. Қазір қоғам алдында тұтастай экологиялық білім жүйесін құру міндет тұр. Облыста қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірнеше ұйымдар құрылған.
Экологиялық «Сарыарқа» клубы, «Экомузей», «Экоцентр», «Экообраз», «Табиғат қорғау сақшысы» ұйымы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экология бөлімшесі, облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жəне басқа ұйымдар мен қоғамдар бір-бірімен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жүргізуде.
Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сонымен бірге облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе ағаш, бұта, гүл отырғызу яғни көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданады.
«Таза өзен» деп аталатын
акцияны облыстық ЭкоМұражай қызметкерлері
1998 жылдан бері өткізіп келеді. Содан
бері 23 рет акция өткізілген. Мұндай
акция өткізудің мақсаты
Қарағанды қаласында еліміздің ғалым – зоологтары қатысқан қоршаған ортаны қорғауға байланысты өткен семинар-кеңесте облыста сиреп бара жатқан құстарды сақтап қалумен шұғылданатын ғылыми орталық ашу жөнінде айтылды. Бұндай ғылыми орталық 2004 жылы ашылмақ. Қаладағы зоопарк базасында құрылатын ғылыми орталыққа суда жүзетін құстарды сақтау шаралары жүзеге асырылады. Қызыл кітапқа енгізілген суда жүзетін құстардың 21 түрінің 5- еуі осы зоопаркте қамқорлыққа алынған.
Бұл көрсеткіш облыстағы
экология жəне табиғат қорғау мəселесіне,
экологиялық проблемаларды шешу
жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау,
Қарағандының экологиялық проблемалары
туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны
бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш
өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының
радиоактивтік қалдықтарымен
Өлкетану электрондық
каталогқа өлке экологиясы