Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 21:25, доклад
Балқаш теңіз көлі туралы
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Бүгін Қазақстан ғалымдары
тағы бір экологиялық
апат қаупін болжамдайды.
Олардың айтуынша, Балқаш
көлінің құрғап
кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша
Орталық Азияда төртінші
көл
болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті
халқының тұрмысы және
аймақтағы экономикасы үшін
орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш
көлінің
солтүстік жағалауына
барып, сондағы жағдайды зерттеп
көрген.
Көл
жағасында тұратын
жергілікті тұрғындардың
кейбірі көлдегі су деңгейінің
соңғы 30-40 жылдың
ішінде айтарлықтай азайғанын
айтады. Көбі 3 миллион
халықтың тұрмысына қажетті
суды қамтамасыз етіп,
аймақтың қантамыры қызметін
атқарып келетін
Балқаш көлі құрғап кетпей ма
деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті
көлдің өзгергені
туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі
күрт
төмендеді. Қазір өзіміз
тұрған
жерімізде бұрын су болатын.
Анау тұрған мұнарадан жұрт
парашютпен суға секіретін.
Кафелер тұрған жерде де су
болатын бұрын", - дейді
Егор.
Су деңгейінің
төмендегеніне
табиғи өзгерістер ықпал
еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп
төндіретін
басты күш - ол адамның
іс-әрекеті.
Көлдің
негізгі қайнар-көзі
Іле өзені болып табылады.
Іле суының басым бөлігі Қапшағай
су қоймасын толтыру үшін
және
ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан,
Балқашқа келетін су
мөлшері
табиғи деңгейден едәуір
кем боп шығады.
Соның үстіне Іле Қытайдан
келіп ағады. Қытай болса, Іле
суын Батыс Қытай аймақтарын
дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын
деп отыр.
Көлдің
деңгейін жіті қадағалап
жүретін ғалымдар
Балқашты қорғаудың арнайы шаралары
енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар
тұрмақ,
көлдің құрғап
біту қаупі астында қалғанын
былайғы жұрт біле де бермейді
екен.
Бұл
туралы зейнетке шыққан ғалым Михаил
Сироткин айтады:
"Халықтың басым бөлігі
Балқашқа құрғап кету қаупі
төніп
тұрғанын
білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап
кетсе ғой, сонда ғана
ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі
не істеу керек деп қимылдай бастайтын
шығар. Ол заңды
да. Өйткені, проблеманың
бар екенін халық әзірше білмейді",
- деп шағымданады Михаил
Сироткин.
Әйтсе
де, қарапайым халық қауіптің
бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл
проблемамен талай жыл айналысып келеді.
Наталья Воробьева - биология ғалымы. Балқаштың
шынымен-ақ аянашты халде қалғанын
ол мойындап отыр.