Батыс Алтайдың географиялық орны, климаты, табиғаты, өсімдіктер мен жануарлары жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 20:01, реферат

Краткое описание

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Батыс АЛТАЙ.doc

— 63.50 Кб (Скачать файл)

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан.  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының  
 ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы  континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай- ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Бұл Қазақстанда ғана емес орталық азия ішіндегі ең ылғалды жер болып саналады. Қорықтағы қар қабаты 170 күн қазан айынан сәуір айына дейін тұрақты сақталады.

Қорықтың аумағы жабайы табиғат  болып саналады, онда, бірнеше өсімдік  белдеулері бар; 
Жапырақты орман: таулы- тайгалы; күңгіртқылқанды тайга;субальпілік, альпілік, егістік белдемдер қара топырақты.Қорықтағы кейбір өсімдіктер Қазақстанның Қызал Кітабына енгізілген: Сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум, ұсақ торлы жуа, ірі гүлді шолпанкебіс, нағыз шолпанкебіс, телпек сүйсін, алтай рауғашы, алтай гимноспермиумы, қызғылт семізот, алтай суықшөбі, алтай қасқыржидегі, қылтанды дәлен, еуропа орманоты, су қазанақ, ұсақ жемісті мүкжидек, таңдамалы плаун (сушырмауық). 

Қорықтың аймағында 2 түрлі балық  кездеседі, 2 түрлі жорғалаушылардың түрі, 130 жақын құстың түрі (Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.), қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды, Әлемнің әсемдігін көрсететін күндізгі көбелектерді махаон, аполлон Феб, аполлон Клариус,кәдуілгі апполлон, түнгі көбелектердің ішінен Геба аюшығын, түнгі туыстың көзі көбелектерін көруге болады. 

 

Қазақстанның Қызыл Кітабына құстардың 6 түрі енгізілген:

Қара ләйлек – Черный аист - Ciconia nigra L.  
Ителгі –  Балобан - Falco cherrug Gray.  
Лашын – Сапсан - Falco peregrinus Tunst.  
Бүркіт – Беркут - Aguila chrysaetus L.  
Үкі – Филин - Bubo bubo L.  
Аққұйрықты субуркіт – Орлан белохвост – Нaliaeetus albicilla.


Информация о работе Батыс Алтайдың географиялық орны, климаты, табиғаты, өсімдіктер мен жануарлары жайлы