Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 09:21, курсовая работа
Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді.
Демография ғылымы туралы түсінік.
Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография – салыстырмалы жас ғылым.
Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.
Халықтың саны және ұдайы
өсуі.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
Халықты санау әдісі.
Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді. Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда – түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін болды.
1940 жылдардың соңынан
бастап дүние жүзі мен оның
ижеке аймақтары тұрғын
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.
Адамзат қоғамының ілгері
дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде
жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық
құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер шарында
халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым
болып келеді. «Әрі қарай қалай болады?»
деген заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне
халықтың шамадан тыс артық көбею қаупі
төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы
ресурстар шексіз емес қой! Осы саулнамалық
сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана
жер шарының ресурсын ғана біліп қоймай,
сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің
заңдарын да білу қажет. Халықтың ұдайы
өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты
олардың арасындағы айырма табиғи өсім
деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға
шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен
есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп:
туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім –
18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне бірнеше факторлар
әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен,
5 топқа біріктіріледі:
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың
тууы мен өлуі –
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың
ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат
жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге
келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе
адамдар физиологиялық қартаюдан емес,
негізінен, олар аурудан немесе басқа
да себептерден өледі. Аурудың таралуы
әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты
болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде
– безгек ауруы, тропикада – ұйқы ауруы
т.б.
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған
жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал
деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының
дамуы, әйелдердің қоғңамдық жағдайы,
халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын
кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында
14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші
факторлардың келесісі – демографиялық
топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың
жастық және жыныстық құрамы, некелесу
және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі
факторлар тобының бірі – ол мәдени әлеуметтік
және психологиялық факторлар. Мысалы,
көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы,
мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп
аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам,
индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды.
Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ,
мысалы, будда, протестант, провославие
діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші
факторлар арасында ерекше орынды соғыс
пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе
соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы
аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста
шамамен 10 млн—нан аса адам көз жұмса,
Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға
жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы
сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының
төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға
шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға
ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының
азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,
үеркектердің біраз бөлігінің соғыста
шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына
алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну,
су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық
режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын
мыңдаған адам өмірін қиюда.
Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде – халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Біздің елімізде де демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденцияларды болдыриауға боғытталған қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы», ал 2001 жылғы 30 қазанда «ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламасы»жайлы қаулылар қабылданды. Республикамыздың демографиялық хал – ахуалын сауықтыру барысында және оны жүзеге асыруда, «Көші – қон және демография жөніндегі агенттік» ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Бұл құқбылыс «демографиялық жарылыс» деп аталды. Оның нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі жылына 25-30‰ шамасында өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай уавытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.
Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде. Осыған байланыстытұрақтандыруға жетудің тура жолы бірінші кезекте – дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды. 1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауытқу 5%) гиперболалық эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес, сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық өзгеруі тиіс. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады (жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет болды