Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 04:46, контрольная работа
Жіппен бейнелеу тәсілі (изонить) – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Олардың негізі тегіс жерде қол инемен және жіптерден бейнелеу жасау. Көрнектелген қағаз бетіне тікке тартылған жіптер арқылы бейнелеу.
Көріністің көркем сұлулығы әрбір инемен тескен тесіктердің берілген алыстыққа кезек - кезек тартылған және тікке кесіп өткен түрлі - түсті жіптерден пайда болады.
Жіппен суреттеу өнері алғашқыда Англияда пайда болады. Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарының өзгеше тәсілін тапты. Олар тақтайға шеге қадап шартты кезекпен оған жіптерді керетін. Нәтижесінде үйге пайдаланатын әсем көрнекті бейнеленген бұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы мерекелік ашық хаттар, сәнді бұйымдар, мұқабалар сәнді өрнектеліп, әшекейленіп салынатын өрнектер, киім элементтерін безендіруге болады.