Посткеңістік кеңістіктегі геосаясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:14, статья

Краткое описание

Геосаясат – бұл саяси ғылымдар теориясының іргелі ұғымдарының бірі, ол мемлекеттердің немесе мемлекеттер блоктарының аумақтық – кеңістікте орналасу ерекшелікті жағдайының негізінде локальдық, аймақтық, құрылықтық және жаһандық халықаралық үрдістерге нақты тарихи ықпал етудің формасы мен орнын сипаттайды. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы оның пәні мен анықтамасын зерттеулерге байланысты. Осымен байланысты геосаясаттың аса маңызды проблемаларының бірі посткеңестік кеңістіктегі геосаясат екенін атап көрсетуіміз керек.
Соңғы уақытта саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ГЕОСАЯСАТ.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ГЕОСАЯСАТ


Геосаясат –  бұл саяси ғылымдар теориясының  іргелі ұғымдарының бірі, ол мемлекеттердің немесе мемлекеттер блоктарының аумақтық – кеңістікте орналасу ерекшелікті жағдайының негізінде локальдық, аймақтық, құрылықтық және жаһандық халықаралық үрдістерге нақты тарихи ықпал етудің формасы мен орнын сипаттайды. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы оның пәні мен анықтамасын зерттеулерге байланысты. Осымен байланысты геосаясаттың аса маңызды проблемаларының бірі посткеңестік кеңістіктегі геосаясат екенін атап көрсетуіміз керек.

Соңғы уақытта  саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда.

Посткеңестік  кеңістік, ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі  болып табылады. Ол өзіне Ресей  Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава, Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлкеттерінің геосаяси кеңістіктерін қосып алған.

Осымен байланысты, жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда – экономикалық әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика, саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең перспективасы ашылды. Сондықтан олардың өз сыртқы байланыстарын жіктеуге ұмтылысы, Қытайдан, Оңтүстік Азиядан, ислам дүниесінен, Еуропа мен АҚШ- тан балама іздеуі таң қаларлық нарсе емес.

Посткеңестік  кеңістік аумағында жаңа мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады. Осыған орай посткеңестік кеңістіктің негізгі сипаттарын қарастыру қажет.

Ең алдымен  КСРО орнына құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығының (бастапқыда Балтық республикалары оған кірмеді) саяси, экономикалық, әскери – саяси (мемлекет басшыларының кеңесі, премьер – министрліктер, қорғаныс министрліктері және т.б.) одақтық мемлекетаралық институттардың болуына қарамастан барынша формальді сипат алып отырғанын айтуымыз керек.

Осымен байланысты тұтас геосаяси кеңістік жоқ деуге болады, мұндай кеңістікке РФ және БР ( Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекеттері), сондай – ақ, белгілі дәрежеде Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтарын жатқызуға болатынын атап айтқан жөн. Посткеңестік кеңістіктегі қалған мемлекеттер өзге саяси күштер орталықтарына: АҚШ – қа (Украина, Грузия, Түркіменстан), Еуропаға (Украина, Молдава), Түркияға (Әзірбайжан), исламдық Азия мемлекеттеріне (Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан), Қытайға бағыт – бағдар ұстауда.

Сонымен қатар  біртұтас экономикалық интеграциялану – ықпалдасу кеңістігінің жоқ  екенін де айтуға тиіспіз. КСРО кезінде  осы аумақтық – экономикалық кеңістіктер  арасында қалыптасқан берік және өзара тәуелді шаруашылық байланыстар  мен қатынастарға қарамастан оны құру мүмкін болмай қалды.

ТМД шеңберінде интеграциялық-ықпалдастық байланыстарды  нығайтуға бағытталған 1993 жылғы  қыркүйекте Экономикалық одақ құру туралы келісім – шартқа қол қойылса  да, одан кейінгі жылдары шамамен 100 шақты нормативті құқықтық актілер қабылданса да (әртүрлі келісімдер, келісім – шарттар, шешімдер), біртұтас инфрақұрылым құру күткендей нәтиже бермеді.

Сонымен бірге, ТМД бірнеше локалді экономикалық блоктарға бөлініп кетті:

Бірінші блок ГУӨӘМ (Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдава);

Екінші блок Орталық Азия экономикалық қауымдастығы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан);

Үшінші блок Еуразия экономика қауымдастығы (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан);

Төртінші блок Кеден Одағы (Ресей, Белорусь, Қазақстан);

Бесінші блок Одақтас  мемлекеттер (Белорусь және Ресей);

Алтыншы блок ТЭК (Тұтас экономикалық Кеңістік): Ресей, Белорусь, Қазақстан, Украина.

Біртұтас геостратегиялық  кеңістіктің де жоқ екенін айтуымыз жөн. Әскери- стратегиялық кеңістікті сақтап қалу мүмкін болмады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімді (ҰҚК), 1992 жылдың мамыр айында бастапқыда ТМД елдерінің бәрі дерлік қол қойған, одан кейінгі уақытта тек алты мемлекет – Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан пролонгациялады. Ал Грузия, Әзірбайжан және Өзбекстан ондағы өздерінің мұшеліктерін тоқтатып, геосаясаттарын басқа стратегиялық әріптестерге бұрды (НАТО – ға қатысушы мемлекеттерге, ГУӨӘМ). Сонымен қатар тұтас әуе қорғанысы кеңістігі де құрылмай қалды, бұл жалпы ТМД елдерінің қауіпсіздігін айтарлықтай төмендетті. Дегенмен ГУӨӘМ елдері өздерінің әскери – стратегиялық кеңістіктерін жасауға тырысуда. Украина мен Грузия НАТО – ға сұрануда. Өзбекстан мен Қырғызстанның аумағында АҚШ әскери базасы орналасқан.

Осымен байланысты ХХІ ғасыр басында Ресейдің ТМД кеңістігін ықпалдастыруға жасаған талпынысының үлкен қаржы – экононмикалық, бюджеттік салмаққа айналғанын айтуымыз керек. Мұны ТМД- ның көптеген елдерінің басқа мемлекеттерге – Еуроодаққа, АҚШ- қа, Түркияға, Қытайға бағыт – бағдар ұстауымен түсіндіруге болады. Бірінші кезекте бұл жағдай бай табиғи ресурстары бар Достастық елдеріне (Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Қазақстан, Тәжікстан, Әзірбайжан) қатысты. Бұл елдер, Ресей сияқты, шикізат экспорты саясатын жүргізіп отырған, Ресейге бәсекелесте болып отыр.

Сондықтан Ресейдің экономикалық және әскери – стратегиялық тұтастықты сақтауға талпынысы қымбатқа түсуде, ол: миллиардтаған қарыздардың  қайтарылмауынан; ұзартылған қарыздарды реқұрылымдау өтініштерінен және талаптарынан (азайту жағына қарай); ТМД – ның басқа елдерінің аумағынан өтетін (әсіресе Украина) Ресейдің газ – мұнай құбырларынан шикізатты рұқсатсыз « ағызып» алудан көрінеді.

Дезинтеграциялық  үрдіске қарамастан, ресейдің өз төңірегіне ТМД елдерін кіріктендіру мүмкіндігінің  сақталып отырғанын айтуымыз қажет [10]. Ол үшін келесі объективтік негіздер бар: біріншіден, Ресейдің пайдалы геосаяси жағдайы, ең үлкен аумағы, транспорттық инфрақұрылымы; батыс және шығыс сауда орталықтары мен жолдарына, теңіз порттарына шығуы; тек Ресейдің ғана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бәрімен ортақ шекарасы бар; екіншіден, Ресей халқы ТМД елдері халқының жартысынан астамын құрайды; үшіншіден, Ресейдің ІЖӨ ТМД елдерінің ІЖӨ 75 % астамын құрайды (мысалы, ол Украинадан 8 есе артық); төртіншіден, ТМД өндіріс – шаруашылық байланыстары кеңестік кезеңде орнығып, бүгінгі күнге шейін Ресей кәсіпорындарының төңірегінде бұл байланыс айтарлықтай ұштасқан, өнеркәсіп үрдістерінде комплектерді дайындауда бірнеше посткеңестік елдердің кәсіпорындары бір мезетте қатысады; бесіншіден, посткеңестік кеңістіктің барлық елдерінің өнеркәсіп және

ауылшаруашылығы тауарларымен саудасы, әдетте, ТМД нарығына бағыт – бағдар ұстаған, бұған  олардың өнімдерінің төмендігі  және әлем нарықтарында бәсекеге қабілетінің  әлсіздігі себепші болып отыр. Бұл мүмкіндіктерді Ресей ең алдымен өз экономикасын инновациялық базада жаңғыртқан кезде, шикізаттық экономикасын жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге бағыт – бағдар ұстаған кезде ғана пайдалана алады.

Осылайша, менің көзқарасымша, ТМД шеңберінде толыққанды ықпалдастық бірлестігін құру іске аспады және жуық арада жүзеге асуы мүмкіндігі де аз. ТМД елдері өздерінің мүдделерінен және қол жеткізген халықаралық міндеттерінен шыға отырып, әрқайсысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысу формасы мен дәрежесін анықтайды. Барған сайын ортақ мүдделер азайып, ТМД шеңберінде қабылданған ортақ шешімдер мен құжаттар сөз күйінде, формальді сипатта қалған жағдайда, екі жақты мемлекетаралық қатынастарға басымдық берілуде. Бұның Ресейге де, Қазақстанға да және ТМД басқа елдеріне де қатысы бар.

Бұл жағдайда ең жақсы модель ықпалдастық мақсаттар  мен үрдістерді және екі жақты  форматтағы мемлекетаралық қатынастарды тепе – тең үйлестіру болып  саналады. Алайда Ресейдің өзге де ТМД  елдерімен екі жақты қатынасы қажетті деңгейден алыс тұр және қайшылықтармен ілескен. Егерде Ресей, АҚШ пен батыс әлемінің көзқарасы бойынша, өзінің геосаяси ықпал ету алаңын « таяу шетелдері» есебінен кеңейтуге талпынған жағдайда, оның салдарлары қауіпті, « империялық амбициясын (шамдануды) қалпына келтіру» ретінде қабылданады. Аталмыш көзқарас З.Бжезинскийдің « Ұлы шахмат тақтасы» атты кітабында да кең қаралған.

Посткеңестік  кеңістіктегі геосаясаттың және соның  ішіндегі елдердің өзара қарым –  қатынасы Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағы республикаларымен қарым – қатынас мысалынан жақсы байқалады [11].

Ресейдің Беларусьпен  қатынасы. Беларусь Ресейдің батысында  орналасқан. Ол сондай – ақ Литва, Украина  және НАТО мен Еуроодақ мүшесі Польшамен  шектескен. Беларусь – проваславиялық – славяндық мәдениеттегі ел, конфедеративтік бірлестіктің бөлігі (1999 ж Беларусь және Ресей мемлекеттер одағы құрылғанды), бірақ бұл бірлестік ресми түрде жарияланғанымен көбіне – көп формальді сипат алып отыр. Беларусь арқылы Ресей өзінің анклавасы – Калининград облысымен байланысты жүзеге асырады, өйткені мұны Литва арқылы іске асыру әлдеқайда проблемалы. Беларусь – Ресейдің геостратегиялық одақтасы, НАТО әскери – стратегиясын батыста тоқтататын шебі. Белорусь арқылы Ресейдің Еуроодақпен сауда жолы өтеді (сауда айналымының жартысынан астамы).

Осымен байланысты екі  мемлекеттің шын мәнінде бірігуіне  олардың әртүрлі саяси жүйеде болуы, (Белоруссияға авторитарлық тән  де, Ресейге демократиялы саяси жүйе тән), экономикалық жүйедегі айырмашылықтар (Белорусьтың экономикасы толық мағынадағы нарықтық емес, оны мемлекет реттейді және қатаң әкімшілікпен шектейді), салық және баға саясатындағы өзгешеліктер, сондай – ақ ортақ ақшаның болмауы кедергі болып отырғанын атап өтуіміз керек.

Ресейдің Украинамен қатынасы. Украина Ресей мен НАТО және Еуроодақ мүшесі Польшаның арасында геосаяси маңызды жерде орналасқан. Мемлекеттілігінің тарихы әлсіз ел, оны енді ғана қалыптастыруда. Мәдениеті екіге жарылған мемлекет, мұнда батыс – христиан өркениет мәдениеті (Батыс Украина) және шығыс – христиан проваславия мәдениеті (Украинаның шығысы мен оңтүстігі) арасында айырмашылыққа бөліну қалыптасқан. Осыдан келіп Украиндықтардың өзін – өзі тану айырмашылығы шығып, бірі – Батысқа (Еуропаға), екіншісі- Шығысқа (Ресейге) бағыт – бағдар ұстап отыр.

Геосаяси тұрғыдан ресейдің Украинамен одағы пайдалы әрі  қажет (Қара Теңізге, одан әрі Балканға шығу, Еуропаға сауда жолы). Алайда соңғы  кезде Украина Ресейге бағыт  – бағдар ұстап отырған жоқ, керісінше  Еуропа мен НАТО құрылымына жедел  кіруге тырысып Еуроодақ пен АҚШ – қа бет бұрып отыр. Солай десекте ол бір мезетте Батыстан экономикалық көмек алуға және Ресей тарапынан экономикалық жеңілдіктер алуға тырысуда.

Ресейдің Украинамен геосаяси қатынасы Беларусьтағыдай  тығыз емес, одақтастық та емес, тек әріптестік сипаттағы ғана қатынас. Сонымен бірге, көптеген қарама – қайшылықты және дау – дамайлы жағдайлар бар, мысалы, Қырым, Севастополь және Қара теңіз флоты мәселелері бойынша; Украинаның ГУӨӘМ – ге белсенді қатысуы ТМД біртұтас экономикалық кеңістік құруға ықпал етпейді; 2006 жылдың көктемінде Украинаның Приднестровьяға қарсы экономикалық (санкция) тосқауыл қоюы Ресейдің экономикасына және оның Преднестровьямен сауда қатынасына нұсқан келтірді; Ресей мен Украина арасындағы газ жөніндегі дау – дамайлық жағдай (мысалы 2005 ж. соңында «Газпроммен» болған); Украина АҚШ- тың Ирактағы әрекетін қолдады (Ресейге қарағанда) және оған әскерін жіберді.

Ресейдің Закавказьямен  қарым – қатынасы. Закавказья геосаяси ауданы Ресейдің оңтүстік «құрсақ» деп аталатын ауданында жатады және оның аса геостратегиялық маңызы бар. Ол Грузияны, Арменияны және Әзірбайжанды қосқан. Закавказьядегі геосаяси жағдай мейлінше тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады.

Бұл аймақта  Ресейдің дәстүрлі тарихи қалыптасқан геосаяси орналасуына қарамастан, бүгінгі Ресейдің оған геосаяси ықпалы шектеулі, бірқатар қиыншылықтар, жаңа биліктің түсінбеушілікке ұрынуы, дау – дамайлық жағдайлардың және қақтығыстардың жиі пайда болуы кері әсерін тигізіп отыр. Қан төгісті қақтығыстарға жол бермеу және шекараны күзету сияқты қиын миссияны атқаратын Ресейдің, бейбітшілікті қорғау және шекара әскерлерінің бұл өңірде болуының өзі жағдайды нығайтуға септігін тигізе алмай отыр.

Закавказья  аймағының негізгі проблемалары мен қайшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: Ресейдің бұрынғы ықпалының жойылуына орай, аймақта көптеген күштер орталықтарының геосаяси, экономикалық және басқа да мүдделері шоғырланды (АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Иран және т.б.); саяси жағдайдың орнықсыздығы (әсіресе Грузиядағы өткір); шешілмеген аумақтар таласы (ең алдымен Таулы Қарабах); қақтығыстар (саяси, аумақтық және діни – этникалық); этникалық және діни- мәдени жек көрушілік (әсересе Әзірбайжан мен Армения арасындағы); мұнда трансұлттық қылмыстың көптеген жолдары өтеді (есірткілер, қару – жарақтар саудасы); экстремизм мен халықаралық лаңкестік орын алған жердің бірі; көптеген мәселені Ресейдің есебінен шешуге тырысушылық, (КСРО ыдырағаннан бастап) оған экономикалық проблемалар үшін, саяси, аумақтық және діни- этникалық қақтығыстар үшін жауапкершілік жүктелген.

Ресеймен Грузия арасында аса қиын күрделі қатынас  орнығуда. Грузия басшылары ашық түрде  антиресейлік саясат жүргізуде. Геосаяси тұрғыдан Грузия, АҚШ – қа, атлантика  саясатына бағыт – бағдар ұстанған. Сонымен қатар, Ресейді де өз экономикалық мақсаттарына сай (шикізат, жеңілдетілген тарифте) пайдаланып қалуға тырысуда.

АҚШ Грузияның  антиресейлік саясатын қолдайды. 2002 жылы желтоқсанда Грузия мен АҚШ үкіметі  арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, соның негізінде американың әскери жауынгерлері Грузия аумағында бола алатын болды. АҚШ басшылары ресми түрде Грузияның Ресейдің әскери базасын аумағынан мерзімінен бұрын шығару туралы талабын қолдайды. АҚШ Грузияға жылына шамамен 150 млн. дол. қаржылай көмек көрсетеді (әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қаржыландырады). Америка ақшасына Грузия әскери қызметкерлері білім де алады.

Ресейдің Армениямен және Әзірбайжанмен қатынасы, тіптен соңғыны (Әзірбайжанның) басқа геосаяси күштер орталықтарына басым бағыт – бағдар ұстағанына қарамастан (Түркия, Иран, Ислам әлемі) жақсы қалыптасуда. Алайда бұл қатынастар Таулы Қарабах мәселесін шешуде қиындыққа тап болуда, бұл жерде Ресей екі жақты татуластырушылық миссияны атқаруға талпынуда.

Информация о работе Посткеңістік кеңістіктегі геосаясат