Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз, Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат беру.

Содержание

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1. Жалпы мәліметтер.
1.1. Географиялық орны мен тарихы.
1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.

2. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
2.1. Халқы.
2.2. Өнекәсібі мен ауыл шаруашылығы.
2.3. Транспорты мен ішкі айырмашылықтары.

3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.
3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен классификациясы.
3.2. Түркияның туристік ресурстары.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 149.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісұлы  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университеті

Жаратылыстану бөлімі

 

 

 

 

 

География кафедрасы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                        Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Орал-2009

 

 

 

Жоспар:

I. Кіріспе.

 

II. Негізгі бөлім.

     1. Жалпы мәліметтер.

     1.1. Географиялық орны мен тарихы.

     1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.

     1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.

    

2.  Әлеуметтік-экономикалық географиясы.

     2.1. Халқы.

     2.2. Өнекәсібі  мен ауыл шаруашылығы.

     2.3. Транспорты  мен ішкі айырмашылықтары.

   

3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.

     3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен  классификациясы.

     3.2. Түркияның туристік ресурстары.    

 

III. Қорытынды.

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Менің курстық  жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз, Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат беру.

 Түркия – шығыс жарты шарда Батыс Азия мен Еуропада орналасқан исламдық мемлекет. Оның ауданы (ішкі су қоймаларын қосқанда) 781 мың км2. Түркия халқы 65 млн адам. Астанасы – Анкара. Басқару формасы – республика. Әкімшілік-территориялық құрылымы – унитарлы мемлекет. 1982 жылғы конституция бойынша мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – Ұлы ұлттық ұйым. 1923 жылдан бері әкімшілік бөлінуі жағынан 80 илға тармақталады. Түркияның негізгі территориясының 97 % - Азияда және бар жоғы 3% - Еуропада. Түркияның географиялық орнының ерекшелігі – ежелден Еуропа мен Азияны, Қара теңіз елдері мен халықтарын Жерорта теңізімен қосып тұрған маңызды жолдар қиылысында орналасуы. Қазір бүкіл Түркия территориясы бойынша еуропа мен Азия елдерін қосатын көптеген шоссе және теміржол магистральдары өтеді.

Түркия территориясының  батыстан шығысқа қарай максималды созылуы – 1600 км,солтүстіктен оңтүстікке – 600 км. Үш жағынан ол теңіздермен шайылып жатыр: солтүстігінде – Қара, батысында – Эгей, оңтүстігінде – Жерорта теңізі. Түркияның еуропалық және азиялық бөліктері бір-бірінен Қара, Эгей, Мрамор теңіздерімен және Босфор, Дарданелла бұғаздары арқылы өтетін су жүйесімен бөлінген. Босфор бұғазының оңтүстігі мен Золотой Рог бухтасында (Мрамор теңізі) әлемнің әдемі қалаларының біі мен Түркияның ең ірі қаласы Стамбул (бұрынғы Константинополь) орналасқан.

1949 жылы Түркия  Еуропа кеңесіне, 1952 жылы НАТО-ға, 1960 жылы ОЭС-ке кірді. 1964 жылы Иран  және Пәкістанмен экономикалық  даму ұйымына кірді. 1992 жылы Түркия Қара теңіз экономикалық серіктестігінің ұйымдастырушысы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Географиялық  орны.

 

Түркия Азиядан  оңтүстік-шығыс Еуропаға созылған Анатолия немесе Кіші Азия деп аталатын құрлық бөлігінде орналасқан. Кіші Азия (Анатолия) солтүстігінде Қара теңізбен, оңтүстігінде–Жерорта теңізімен шайылып жатыр. Анатолияны Еуразиядан Босфор мен дарданелла бұғазы бөліп жатыр. Солтүстіктегі таулар мен оңтүстіктегі Тавр Анатолия төбесін (көтерілуін) жан-жағынан қамал тәрізді қоршап жатыр. Шығыста сөнген вулкандар мен тигр,Евфрат өзендерінің бастауы орналасқан. Түркияның жағалық сызық ұзындығы 8500 км-ге тең.

Елдің көп бөлігі Кіші Азия мен Армян таулы қыраттарына  тиесілі. Солтүстікте Понтий таулары, оңтүстікте Тавр жоталары орналасқан. Негізгі өзендері: Евфрат, Тигр, Қызыл-Ирмак, Сакарья. Ірі өзендері: Ван мен Тұз (тұзды).

Негізі Түркия территориясы, Анатолий таулы үстіртін қоспағанда, қалың өзен торымен жабылған. Бірақ барлық өзендер таудан бастау алатындықтан оларда сарқырамалар, шатқалдар  көп кездеседі, бұл өз алдына кемелердің жүзуіне үлкен кедергі. Дегенмен мұндай өзендер қазір аз қолданылатын гидроэнергия көздері ретінде тиімді. Жер жерде Түркия беткі сулары суландыру жұмыстарына пайдаланылады.

Өзен ағындары тым асқан тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жаңбырлы маусымдар мен қар еру кездерінде көптеген өзендер қатты ағыстар қалыптастырып, су баасу қаупін туғызады. Ал құрғақшылық жаз бен күз маусымдарында олар құрғап кетуге дейін барады.

Тарихы.

Түркия Кіші Азияда Орталық Азиядан түркі  тілдес тайпалардың көшіп келуіне байланысты пайда блды. Кейбір ғалымдардың ойынша «түрік» сөзі аударғанда «адам», «дулыға» деген мағына береді. Түркияның астанасы Анкара ежелгі Анкире қонысының орнында пайда болған, ол өз алдына ежелгі фригий тілінде «тұрақ», «жолдағы аялдама орны» деген мағына береді,

Бұрынғы кездері  түрік мемлекетінің астанасы Истамбул қаласы болды (еуропаша-Стамбул). Ол Мехмед жаулап алушы  басқарған түріктер қиратқан ежелгі Константинополь орнында салынды (бұл қала Византия империясының астанасы болды). Византия құлағаннан соң еуропалық және азиялық Түркияны – Румелия мен Анатолияны біріктірген Осман империясы пайда ьолды. Осман империясы Ресей және Польшамен көп соғысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясы  жеңіліске ұшырады: 1918 жылы 30 қазанда «Агамемнон» бронетасығышының бортынан британ адмиралы Түркияға өз әскерлерін араб елдері мен Батуми, Баку қалаларынан шығару туралы бұйрық берді. Түркия армиясы қарусыз қалып, флот ағыпшындар мен француздар қолына көше бастады. Осыдан барып Осман империясы құлап, соған байланысты Стамбул түрік мемлекетінің астанасы болудан қалды.

1923 жылы қазанда Түркия республика, ал оның астанасы Анкара болып жарияланды. Бірінші президент блып Мұстафа Кемаль сайланды, ол елді 1938 жылдың 10 қарашасына дейін басқарды. Мұстафа Кмаль Түркияны ислам саясатқа әсер етпейтін зайырлы мемлекетке айналдырды. Бүгінгі күні Түркия БҰҰ мен  НАТО мүшесі, Жерорта теңізі мен Батыс Азия аренасында басты роль ойнайтын мемлекеттердің бірі.Мемлекет басында – президент.парламент 2 палатадан түрып, әр 4 жыл сайын қайта сайланады.Үкіметті премьер-министр басқарады.

Түркия тарихындағы  аты шулы даталар:

1075-1077 – түрік селжұқтарының Нкеяны жаулап алуы;

1077 – Коний (Рум,Ромей) сұлтанатының пайда болуы, бұл түрік-селжұқ  мемлекетінің астанасы Конье болып, шекарасы бүкіл Кіші Азия териториясын қамтыды;

1243 – Коний сүлтанаты Иранның монғол ильхандарының (хулагуидтердің) вассалына айналды. 1307 жылы ұсақ князьдіктерге ыдырады. Оның бірі – Осман бейлигі (округі)14 ғ. Басында қалыптасқан Осман империясының өзегі болды;

1318 – хулагуидтерсоңғы селжұқ сұлтанын құлатып, бұл мемлекетті қиратты;

1299 – Ертоғрұлдың ұлы мен мүрагері Осман «сұлтан» титулын қабылдап, Коний сұлтандары билігін мойындамады. Оның атымен түріктер осман түріктері немесе османдықтр деп аталды. Олардың Кіші Азияға деген билігі қатая түсті, ал Коний сұлтандары болса, бұған еш кедергі жасай алмады;

1326 – византиялықтардан соғыс нәтижесінде алынған жерлерде астанасы Бурсада орналасқан Түрік сұлтанаты пайда болды. Түрік сұлтандары билігінің тірегі янычарлар болды.

1362 – түріктер Еуропадағы жерлерді жаулап алып, астананы Адрианополь (Эдирне( қаласына көшірді. Түркияның еуропалық иеліктері Румелия деген атқа ие болды;

1375 – түріктер Киликияны жаулап алды;

1396 жыл 25 қыркүйек – Болгариядағы Никополь қамалы тұсында венгер королі Сигизмунд басқарған крестоносецтер мен Баязид сұлтаны армиясы арасында Никополь шайқасы болды. Шайқастағы жеңіс Осман империясының Балқан түбегіндегі билігін қатайта түсті; 1402 жыл 28 шілде – Анкара тұсындағы шайқас. Әмір темірден жеңілген Баязид сұлтан тұтқынға түсіп, сонда қайтыс болады. Бірақ 30 жылдан соң Баязид сұлтан  мұрагерлері қираған елді қайта құрып батысқа қарай бет алды;

1453 – түріктер Константинопольды алып, оны жаңа империяның астанасына айналдырды;

Селим Грозный тұсында Осман империясы Сирия, Аравия мен Египетті жаулап алды;

1526 – Мохач шайқасыболды. Оның нәтижесінде түріктер чех-венгр әскерін құлатып, Венгрияны оккупациялап, 1529 жылы Венаға жақындады. Өзінің шарықтау шегінде, Сүлеймен сұлтанның билігі кезінде (1520-1555) империя Венадан Парсы шығанағына, Қырымнан Мароккоға дейін созылды;

1678 – түріктер Днепрден батысқа қарай украин территориясын жаулап алды;

1683 жыл 12 қыркүйек – Вена шайқасы. Бұл шайқас Осман империясы Австрия астанасы Венаны 2 ай қоршауда ұстағаннан кейін болды. Қасиетті лига әскерлерінің жеңісі Осман империясының Еуропадағы жаулап алу соғыстарын түбірімен тоқтатты;

242 жылға созылған  орыс-түрік соғыстары кезеңі,

1676-1918 – 17-19 ғғ. Ресей мен Осман империясы арасындағы 10 әскери қақтығыс. Орыс-түрік соғыстары Осман империясының (1299-1923) құлауының басты себептерінің бірі;

19ғ. Империяның  шеткі бөліктерінде сепаратистік  қақтығыстар күщейе түсті. Әлсіздене  түсе Осман империясы Германияға  сүйенуге тырысты, бірақ бұл  оны Бірінші дүниежүзілік соғысқа кіргізіп, жеңіліске ұшыратты;

1918 жыл 30 қазан – Мудросс бейбітшілік келісімі жасалып, 1920 жылы 10 тамызда Севр бейбітшілік келсімі қабылданды. Бұл келісім бойынша Осман империясы таратылу керек еді, соның ішінде Кіші Азияның ірі қалаларының бірі Измир (Смирна) Грецияға өту керек болды. Грек армиясы оны 1919 жылы 15 тамызда жаулап алды,бұдан кейін тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Мұстафа Кемаль бастаған түріктер бейбітшілік келісімін мойындамай гректерді елден әскери күшпен қуып шықты. 1922 жылы 18 қркүйекте Түркия жаулап алушылардан босатылды. 1923 жылы 24 шілдеде Лозан бейбітшілік келісімімен Түркияның жаңа шекаралары анықталды;

1923 жыл 29 қазан – Түркия республика болып жаияланып, Мұстафа Кемаль Ататүрік (түріктер атасы) тегін қабылдап мемлекеттің алғашқы президенті болды;

1925 жыл желтоқсан – түркия мұсылман жыл санауынан грегориан күнтізбесіне көщті.

 

    1. Табиғат жағдайлары. Рельефі.

 

Рельефі жағынан  Түркия – таулы ел; оның теңіз  деңгейінен орташа биіктігі 1000 м. Территориясының  көп бөлігі Кішіазиялық таулы үстіртке тиесілі, соның ішіндешеткі таулар (Понтий мен Тавр) және олардың арасында орналасқан Анатолий таулы қыраты. Ойпатты жазықтар елде аз, олар көбіне жеке теңіз жағалаулары мен өзен маңында орналасқан.

Понтий таулары  Қара теңіз жағалауына параллель түрде 1000 км-ден астам ұзындыққа созылып жатыр. Шығыста олар Грузия мен Армения шекараларына дейін, батыста – Сакарья өзенінің ойпатты жазықтарына дейін. Понтий таулары үздіксіз тау жүйесі емес, оның арасында терең тау аңғарлары мен жағалық сызыққа паллель өтетін қазаншұңқырлар орналасқан. Солтүстікте Понтий таулары күрт Қара теңізге қарай түседі, бұл жердегі жаға маңы сызығы ені 5-10 км-ге тең. Тек Қызыл-Ирмак, Есіл-Ирмак пен Сакарья ірі өзендерінің маңында жаға маңы сызығының ені 60-70 км-ге дейін кеңейеді.

Понтий тауларының орташа биіктігі 2500 м шамасында. Шығыс  бөлігінде тау жоталары ең үлкен  биіктігіне жетеді (Качкар тауы,3931 м); шатқалдар, альпілік гребеньдер мен сайлардың  жоқтығы бұл тауларда еркін жүруге қиындық туғызады. Батысқа қарай Понтий таулары 900 км-ге дейін төмендеп, мұндағы олардың биіктігі 2000 м-ден аспайды.

Оңтүстікте  Түркияның Жерорта теңіз жағалауы бйында күрделі тау жүйесі Тавр (Торос) орналасқан. Үлкен ішкі өзендерге  байланысты оны 3 бөлікке бөледі: Батыс, Орталық және Шығыс Тавр.

Батыс Тавр –  Анталья ойпаты мен шығанағын  дөңгеленте қоршап тұрған тау жүйесі. Шығанақтың батысы мен шығысында таулар теңізге терең еіп, Ликий мен Киликий түбектерін алып жатыр. Жоғарғы тау жоталары (Бедаг,3086 м; Эльмал, 3073 м) терең сайлармен бөлінген, каньондармен тілімденген. Батыс Тавр жоталары арасында, әсіресе солтүстікте терең шұңғымалар мен көл топтары орналасқан (тұщы көлдер: Бейшехир, Эгридир, Сугла; ащы көлдер: Аджигель, акшехир; Испарта қазаншұңқыры мен т.б.). Мұның бәрі бұл ауданның «түрік көлдер елі» деп аталуына себеп болды.

Орталық Тавр көршілес Тавр бөліктерінің арсында рельефтің  альпілік типімен және биіктігімен  ерекшеленеді. Мұндағы көптеген жоталардың биіктігі 3000 м-ден асады. Батысы мен оңтүстік-батысында Орталық Тавр Жерорта теңізінің жағалауына жақындай түседі. Тек кей жерлерде Анамур, Аланья, Силифке, Финике аудандарындағыдай жағалауларда тар аллювиальды жазықтар кездеседі

Таврдың солтүстік-шығыс  жалғасы, Бинбог пен Тахтал жоталары, Антитавра атымен белгілі. Бұл жоталар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созыла төмендеп Ұзынайла таулы үстіртімен қосылады.

Шығыс Тавр Мұрат  өзенінен Ван өзеніне дейін оңтүстіктен  елдің шығыс шекарасына дейін  созылған. Оның шығыс бөлігі (Хакяри ауданы) ең биік; тау шыңдарының биіктігі мұнда 4000 м-ге,ал Джило тауында 4 168 м-ге жетеді. Жота Евфрат пен Тигр өзен аңғарларымен тілімденген.

Информация о работе Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы