Франция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 13:21, реферат

Краткое описание

Францияның соғыстан кейінгі тарихи үш кезеңге бөлінді. Уақытша режим (1944-1946жж)-елдің азат етілгеннен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканың қалпына келтіру кезеңі. 1946 жылғы желтоқсанынан 1958 жылы күзіне дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады.Ол дағдарыспен және 1958 жылы жаңа конституцияның негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.

Вложенные файлы: 1 файл

ФРАНЦИЯ.docx

— 26.00 Кб (Скачать файл)

Франция

 Францияның соғыстан  кейінгі тарихи үш кезеңге бөлінді. Уақытша режим (1944-1946жж)-елдің азат етілгеннен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканың қалпына келтіру кезеңі. 1946 жылғы желтоқсанынан 1958 жылы күзіне дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады.Ол дағдарыспен және 1958 жылы жаңа конституцияның негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.

 Уақытша режим.1944-1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың-коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия-Халықтық-республикалық қозғалыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті «Азат Франция» қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.

 Төртінші республика.1946-1958жж. Францияда парламенттік республика орнықты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж.Адам және азамат құқықтары туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.

1947ж. мамырына дейін үкімет үш басты партиняның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылады (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасу негізінде құрылып келді. Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды-12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға терңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі-ол елдің билеуші топтарының 1946-1954жж. Вьетнамда,1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.

 Экономиканың қалпына  келтіру. 1948ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұрынғы деңгейге жетті. Жаңарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын даму\ытуда маңызды рөл атқарды. Жан Монненің «Жаңару немесе құлдырау» деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметтін сипаттап берді. Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске аысруға бөгет болды.

 Әлеуметтік қақтығысулар. 50-жж. әлеуметтік қақтығусылар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті:ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі миимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатыпалу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П.Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.

 Алжир дағдырысы. Шын мәнісінде Төртінші республиканың дағдарысы үздіксіз жүргізілген отыршылдық соғыстардаанық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультраотаршылдық пен жаңаотаршылдықты жақтаушылартарапынан шықты. 1958 жылы басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті «Күшті билік» орнатуды талап еткен

 ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.

 Бесінші республика. «Жеке билік» режимі. 1958-1969ж. Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 жылы қыркүйекте өткен референдумға қатысқандардың 79%-ы мақұлдады. Оның негізінде екі турдан тұратын мажоритарлық жүйе бойынша Ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жақтастары «Жаңа республиканы қорғау одағы» деген атпен жаңа саяси партия құрған болатын.

Франция – экономикалық қуаты жөнінен әлемдегі алтыншы мемлекет – ғылыми сиымдылығы үлкен өнеркәсіпке, жоғары интенсивті ауыл шаруашылығына және дамыған инфрақұрылымға ие. Оның экономикасында туризмнен түсетін табыс үлкен роль атқарады – жылына 74,5 млн.туристер келеді.

 Өнеркәсіпте машина  жасау кешені басым(автомобиль жасау, авиағарыштық индустрия). Агроөнеркәсіптік кешенді де ерекше атауға болады: ел – ауылшарупшылық өнімдерінің ірі экспортері.Жоғары ғылыми- техникалық деңгейіне келесідей мысал келтіруге болады: Ұлыбританиямен бірлесе отырып дыбыстан жылдам «Конкорд» жолушы лайнері және басқа мемлекеттермен бірлесіп «Ариан» ғарыш кемесі жасалған; Франция электр энергиясын өндірудегі АЭС үлесі жөнінен әлемде екінші орын алады(75%). Экономикалық қуаттылығы Францияның «Үлкен Жетіліктегі» және Еуропалық одақтағы алдынғы позициясын айқындайды.

 Франция – НАТО-ның  мүшесі, бірақ бұл блоктың тек  саяси ұйымына ғана кіреді. Франция – ядролық және ғарыштық держава. 1996 жылы оның әскери бюджеті НАТО-ның европалық елдерінің ішіндегі ең үлкені болған(38,4 млрд.долл.- әлемде төртінші орын). «Томсон» және «Лагардер» тобы әскери өнім өндіруден алғашқы ондықта.

 БҰҰ жүйесінде Франция  – Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты  мүшесі, Парижде көптеген халықаралық ұйымдар және әлемдік ірі банктердің 25 астам басқару орталықтары орналасқан. Париж – ЮНЕСКО-ның негізгі резиденциясы.

 Кезіндегі қуатты колониалдық империяның қалдықтары – Францияның теңіздік департаменттері(Гваделупа, Мартиника,Реюньон және Француздық Гвиана), теңіздік территориялары(Француздық Полинезия, Жаңа Каледония, Уолис және Футуна, Оңтүстік және Антарктикалық аралдар) және теңіздік территориялық бірлестіктер(Майотта, Сен-Пьер және Микелон). Олардың жалпы ауданы – 135мың км, ал халқы – 1,9млн. адам. Француздық Гвианада басты француздық Куру ғарыш айлағы орналасқан.

 Географиялық-геосаяси орналасуы. Франция Европаның ең шеткі батыс бөлігінде орналасқан.Оны атланттық, жерортатеңіздік, пиренеймаңылық ел деп атайды. Теңіздік шекарасының ұзындығы(жалпы ұзындығы 3100 км) құрлыққа қарағанда үлкен.Францияда теңіздік шекараның екі фронты бар: білі – Атлант мұхиты және Бискай шығанағы, екіншісі – Жерорта теңізі.

Экономикалық – географиялық жағдайы және құрамы .Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр . Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.

 Өнеркәсібі.Екінші дүниежүзілік  соғыстан соң Франция үкіметі  соғыста күйзелген экономикасын қалпына келтірумен қатар,өндірістің мүлдем жаңа салаларын дамыта бастады .1950 жылдан бері өнеркәсіп өндірісі 4 есеге жуық өсіп,өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны соңғы 20 жылда 1,5 млн адамға қысқарды. Мұның өзі еңбек өнімділігінің артуы мен өнеркәсіп жүйесінің құрылымдық өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды .Қазіргі кезде ел өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады. Өнеркәсіп елдегі ұлттық жиынтық өнімінің 25,4 %-ын береді.Елдің экономикалық қуаттылығын символы болып келген дәстүрлі өнеркәсіп салалары соңғы онжылдықтарда өзінің жетекші рөлінен айырылып, жаңа салаларға жол беруде.Лотарингия темір кені алабының қорын пайдаланатын қара металлургия өнеркәсібі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап дағдарысқа ұшырады.Оған Еуропа мен дүние жүзі нарығында неғұрлым қуатты бәсекелестердің Бразилия, Шығыс Еуропа елдері ,Корея және т.б. пайда болуы әсер етті.Еуропалық Одақ шеңберінде өнеркәсіптің осы саласын дамытуға бағытталған шаралар нәтижесінде өндірісті неғұрлым тиімді ұйымдастырып, қайта жабдықтауға мүмкіндік туды. Орталық аудандардағы тиімсіз кәсіпорындар жабылып, негізгі металлургиялық кешендер солтүстіктегі Дюнкерк маңы мен Лотарингиядағы Мозель өзені аңғарындағы шоғырланған.Қазіргі кезде жылына 19 млн т болат өндіріледі.Алюминий өндірісінде де аумақтық өзгерістер болды бұрын олар,негізінен, Альпы мен Пиреней аудандарындағы су электр станциялары маңында орналасса ,қазіргі кезде шеттен әкелінетін шикізатты қабылдап алатын портты қалаларға көшірілген .Құрамына тоқыма, бояулар жасау, кілем тоқу,еден төсеніштерін шығару өндірісі енетін Францияның мата өнеркәсібі дүние жүзіндегі жетекші орнын жоғалтқан жоқ.Бұл салада әсіресе жүн маталарын шығарудан дүние жүзінде бірінші орын алатын «Шаржер – текстиль», мақта маталарын шығаруға маманданған DMC компаниялары көзге түседі .Қазіргі кезде сырттан әкелінетін жүн мен мақтадан басқа, бұл кәсіпорындарда жасанды талшықтар да кеңінен пайдаланылады.Негізгі орталықтары – Мюлуз,Труа, Лион және Париж маңы. Машина жасау өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған.Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар.1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығаратын болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды.Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады.Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауыл шаруашылығы машиналары, сондай – ақ кемелер мен ұшақтардың қозғалтқыштары жасалады . Францияда жылына 3,5-4 млн автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады . Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен , Рено кәсіпорны мен жеке меншік Пежо – Ситроен концернде жасалады .Француз компаниялары дүние жүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан .Елде жасалған автомобильдердің 60 ы шетке шығарылады.Көбінесе француз жеңіл көліктерін Португалия, Испания , Бразилия және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері сатып алады .

 Сыртқы экономикалық  байланыстар . Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын ажырамас бөлігіне айналды.Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән.Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ ,Германиядан кейінгі үшінші орынды бөліседі.Франция – халықаралық туризм орталығы.Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор .

 Франция мен Қазақстан  Республикасы арасындағы өзара байланыстар. Француз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастар Франция Сыртқы істер министрі Золлан Дюманың 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында орнады.Көп ұзамай Алматыда Франция елшілігі ашылды.1992 жылы қырқүйек айында Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасында өзара достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды .Бұл келісімде энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында және ғылыми зерттеулер, мамандар дайындау ісінде ынтымақтастық мәселелері қамтылады.Франция үкіметі Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн француз франкі көлемінде несие берді.


Информация о работе Франция