Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 07:46, реферат
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын.