Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 14:41, реферат
Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Археология ғылымының негіздері.
Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері.
Орталық Қазақстан археологиялық ескерткіштері:
Беғызы – Дәндібай мәдениеті ескерткіштері.
Арал ескерткіштері 13-14ғғ.
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер:
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Қоғамдық пәндер кафедрасы.
Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштер.
Алматы 2014 жыл
ЖОСПАР:
Кіріспе:
Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.
Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының ерте палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975). С.Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В.Ф. Зайберт неолит кезеңінің А.е. материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А.А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М.К.Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған — 171 Археологиялық ескерткіштер ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында — 26, Булаевта — 3, Возвышенскийде — 1, Жамбылда — 17, Есілде — 50, Мамлютте — 1, Пресновта — 6, Сергеевте — 50, Аққайыңда — 3, Қызылжарда — 13 нышан бар. А.е. облысы су көзі — Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 Археологиялық ескерткіштен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд.) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 Археологиялық ескерткіштер бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а.ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум.-мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т.б обалар қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданыдағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда табылған А.е. де қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Петропавл қ. жерінде әр дәуірдің 16 А.е. болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана — ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.
Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі қазбалар
1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.
Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері – Қазақстанның шығыс өңірінде көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштердің тобы. Негізінен қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғ-да басталды. Оған белгілі ғалымдар: Г.И. Спасский, А.В. Адрианов, Н.Я. Коншин, В.В. Радлов, С.С. Черников, С.Аманжолов, А.Аманжолов, С.С. Сорокин, А.А. Крылова, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев, Ф.Х. Арсланова, С.Ақынжанов, З.Самашев, Ю.И. Трифонов, Ж.Таймағамбетов, А.А. Чариков, А.С. Ермолаева, Ә.Төлеубаев, Г.Г. Петенева, т.б. ат салысты. Тас дәуірі ескерткіштері арасында ең көне уақытқа жататын нысан ретінде Күршім ауд-ндағы ерте палеолиттік (ашель кезеңі) Қозыбай тұрағы белгілі. Бұдан кейінгі, яғни мустье кезеңіне қарасты ескерткіштерден Қанай (ерте қабаты), Нарым, Бөдене-1 тұрақтары ашылған. Свинчатка, Пещеры, Қанай (жоғ. қабаты), Новоникольское, Хайрюзовка, Шульбинка тұрақтары кейінгі палеолитке тән құралдардың маңызды тобын берді. Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (б.з.б. 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарының экономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал ш. мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мыс., қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археол. барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қа-уымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай а. маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш. Трушниково, Малокрасноярка қоныстарынан алынған бірегей материалдар осы өлке ғана емес, жалпы Қазақстанның соңғы қола кезеңіне қатысты құндылықтарға айналды. Қола мен ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан өтпелі кезең ескерткішіне жататын Измайловка зиратынан қызықты әрі бірегей мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының жүздеген ескерткіштері анықталып отыр. Тас, топырақтан үйілген обалары бар сақ қорымдары Ертіс пен оның салаларының алқаптарында, Қалба-Нарымның теріскей және күнгей беткейлерінде, Шыңғыстау мен Тарбағатайдың жоталарында, Шілікті алқабында жиі кездеседі. Бұл дәуір тұрғындарының мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны 3 кезеңге бөліп қарастырады: майемер (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 – 4 ғ-лар) және құлажорға (б.з.б. 3 – 1 ғ-лар) кезеңдері. Атап айтқанда, зерттеу деректері Шілікті және Берел сияқты сақ обаларынан алынып отырған соны материалдармен кеңінен толықтырылды. Орта ғасырлар дәуірінің жәдігерлері арасында Түрік қағандығы кезеңінің жерлеу орындары мен көптеген тас мүсіндері, әсіресе, Ертіс бойында көптеп саналатын қимақ (кимек) обалары, қыпшақ заманының жәдігерлері белгілі. Ескерткіштердің айрықша түріне өлкеде кеңінен тараған тастағы таңбалар, яғни петроглифтер жатады. Көне замандардан бастап орта ғасырларға дейінгі уақытты қамтитын петроглифтердің бірнеше мың үлгісі сақталған. Ш. І. а. е-н ашып-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның, Кіндік Азияның, тіпті бүкіл далалық Еуразияның көне және ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар құнды деректердің өте көлемді тобы жинақталған.
Орталық Қазақстан археологиялық ескерткіштері: Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде "андрондықтар" деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық
жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946
жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны
ұйымдастырған және 80-жылдардың басына
дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан
болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша,
Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері
екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай
мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті
екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра
кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра,
Атасу өзендері атымен аталады. Андронов
мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің
арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің
мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай
мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы
қола дәуіріне жатады.Нұра кезеңінін ескерткіштерін,
негізінен алғанда, жерлеу орындары —
көне қорымдар құрайды.Жерлеу орындары
кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге
жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде
болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі
әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек,
тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат)
түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың
орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары
кішігірім жалпақ тастардан қаланған
тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш
жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас
сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған
үлкен жалпақ тастардан жасалады.Бұл дәуірде
көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай
өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң
күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы
керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар
қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда,
қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ.
Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды
өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай
ауданының аумағында зерттелген "Қанаттас"
деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды
қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып
жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып
отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа
да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі.
Кейбір андрондықтар "адам өлгеннен
соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы"қажет
деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды,
малдың етін қойған. Андронов дәуірінің
Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері
— сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері
— Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б.
Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей
дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып
келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу
кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген,
өртеген сүйектер өте сирек кездеседі.
Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен
қақпатастардан салынған тас сандықтар.
Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір —
төрт ағаштан жасалған рама түрінде де
кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына
шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу
кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер
кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан
қойылған екі тас сандыққа екі адамды
жерлеу салты.
Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде
бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы
жерленген патриархалдық жерлеу орындары.
Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп,
бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып
жерлейтін болған. Атасу кезеңінде корымдардың,
қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат
ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың
диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен
тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат
орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат
орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы
болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.
Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен
болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде
жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел,
кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам
зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын
осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар
шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған,
қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге
кейде 6—8 қыш ыдыс қойылады.
Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас
туыстардың үлкен патриархалдық отбасы
бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы
соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен
зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған
4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас
етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл
дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен.
Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою,
не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын
бұрын дүние салған аталарының, туыстарының
зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге
дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп
келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан
бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді.
Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан
бүйіріне дейін біртұтас болып келсе,
Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан
белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Беғазы – Дәндібай
мәдениеті ескерткіштері: Бұл кезеңде Андронов дәуірінің
кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа
сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар,
сыртын айнала үлкен гранит тастармен
көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда
бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа,
бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс
қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің
көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар
осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай
заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды.
Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген.
Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан
жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды.
Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған
4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде
қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ.
Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі
табылмаған адамға қойылған символикалық
жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі
халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың
жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі
жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда,
сол адамның тіпті бір бармағы табылса
да, не сауытының бір бөлігі табылса да,
зиратына соларды көметін ғұрып болған.
Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге
ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген
үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар
патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ
жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол
қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы,
ру басылардың зираты.
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің
ең соңғы кезеңі — "Беғазы-Дәндібай
мәдениеті" деп аталады. Оның хронологиялық
шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде,
б.з.д. XII—VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай
мәдениеті ескерткіштерінің ең басты
ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде
дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке
жататын үйлердің, жерлеу орындарының
кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау,
тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді.
Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен
иленген балшық арқылы байланыстырылып,
ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс
бетін қаратып қалаған. XVIII—XIX ғасырдағы
қазақтың тастан салған кыстау үйлерінің
де қабырғасы осылай өрілген. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының
көпшілігі — қорған-қоршаулар. Олардың
пішімі кейде дөңгелек, кейде төртбұрышты
болып келеді. Қорғандардың биіктігі 70—80
см- ден 1,5—2 м-ге дейін болады. Қорған тастан,
қиыршық тас және топырақтан салынып,
сырты үлкен қақпақтастармен көмкеріледі.
Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды
отбасыларға арналған, көп адам жерленген
зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген
үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл
осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің,
беделді бай адамдардың зираты. Осы мәдениетке
жататын қыш құмыралардың сипаттамасы
мынадай: ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес
болып томпайып келген, түбі тегіс. Сол
кезеңде көшпелі тұрмыска ыңғайлы ыдыстар
көбейе түсті. Беғазы-Дәндібай құмыраларының өрнегі әр түрлі. Тарақ жүзді
ою-өрнекпен салынған үшбұрышты, балдақ
пішінді батырып салынған өрнектермен
қатар тырнақпен, ұштаған таяқшамен салынған
өрнектер де көп кездеседі. Батырып салынған
таға сиякты өрнек, моншақ өрнек, түйін өрнек
кездеседі. Беғазы-Дәндібай төлтума мәдениеті
жергілікті негізде қалыптасты. Шаруашылық
кәсіптің жаңа түріне көшу тұсында ірі-ірі
мәдени кауымдар пайда болды. Зерттеулердің
нәтижесі Орталық Қазақстанның дүние
жүзіндегі ежелгі мәдениет орталықтарының
бірі болғандығын айқындап берді.
Арал ескерткіштері
13-14ғғ. Археологияның тағы бір жарқын
ашулары «Арал катастрофасымен», оның
шекарасының тарылуы мен суының тартылуымен
байланысты. 2001 жылы кеуіп кеткен теңіз
табанында тас пен қыштан тұрғызылған
кесене табылды. Кесене құрылысы XIV ғ. жатқызылды.Арал
теңізінің табанындағы ескерткіштерге
деген назар 2004 жылы қайта жанданды. Мұнда
ортағасырлық қалашық пен мазарат табылды.
Арал – бірегей бассейн, жан-жағында шөлдер
орналасып, мұхитпен байланыспаса да теңіз
аталады. Аридтік аймақтың тұйық бассейндерінің
көпшілігі сияқты Арал да тұрақсыз деңгейлі.
Деңгейдің өзгеруімен қатар, оның ауданы,
көлемі және минералдануы да өзгеріп тұруы
табиғи нәрсе. Алайда, мұндай ауқымды бассейннің
өмір сүруі, оның деңгейінің ондаған метрге
ауытқуының басты факторы, Орта Азияның
ірі өзендері – Әмудария мен Сырдарияның
Аралға құятын суының көлемі мен ұзақтығына
тікелей байланысты. Бұл жағдай, өзендер
Орта Азияның жазығымен көшіп жүріп Арал
ойпатына жетпеген кездерінде, онда эол
процестері басым болғандығымен дәлелденеді.
Әмударияның ұзақ мерзімге Сарықамысқа
бұрылуы Темірдің Хорезмді жаулап алуымен
байланысты болды. оның әскерлері көптеген
қалалар мен ирригациялық жүйелерді толық
жойды. Нәтижесінде Әмудария Сарқамыс
ойпатына қарай ағып, оны толтырды және
қысқа мерзімге Үзбоймен аққан болу керек.
Арал деңгейі 43-44 м-ге төмендеді. Бұл XIV
ғ. аяғында болған жағдай. Бірақ, XV ғ. Сарықамыс
көлінің деңгейі 10 м-ге төмендеп, кейін
қайта 30 м-ге көтерілді және осы деңгейде
немесе осыған жақын деңгейде ұзақ уақыт
тұрды.Шартты түрде Арал-асар деп аталған
қалашық Қызылордадан солтүстік-батысқа
қарай 370 км қашықтықта орналасқан Қаратерең
ауылынан 65,2 км жерде. Қалашықтың жалпы
ауданы 6 га-дай. Бетінен көптеген шаруашылық
заттар: диірмен тастары, керамикалық
ыдыстар мен олардың сынықтары, темір
және қола бұйымдардың бөліктері, 14 ғ.
ортасына жататын күміс теңгелер табылды.Қалашық
маңындағы мазаратта орналасқан кесене
қалдықтары қызықты. Құрылыс биіктігі
1,6 м жайылған төбе түрінде сақталған.
Қазба жүргізгеннен кейін ортағасырлық
кесене аршылды. Көлемі, құрылыс материалдары
мен архитектуралық әдістері бойынша
ғимараттың бұл түрін қасбетті кесенелерге
жатқызуға болады. Мұндай ғимараттардың
порталы тамаша шыңылтырлы тақталармен
әшекейленген. Жанындағы есіктері бар
жоғына қарамастан, мұндай кесенелер тек
бір жақтан келіп, қабылдау үшін есептелген.
Кесене архитектурасын, географиялық
орналасуын, жерлеу түрлерін және артефактілерді
сараптау негізінде бұл ескерткішті XIII
ғ. аяғы – XIV ғ. ортасына жатқызуға болады.Арал
теңізінің қайту аймағындағы археологиялық
ескерткіштерді мақсатты зерттеу 2004 жылдан
басталды. Аймақтың даму ерекшеліктерін
ашуға көмектесетін археологиялық ескерткіштер
анықталды, қызықты олжалар табылды, ескерткіштердің
мәдени-хронологиялық артрибуциясының,
сонымен қатар, аталған аймақтағы этномәдени
процесстер динамикасының жекелеген мәселелері
ұсынылды.
Информация о работе Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштер