Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 10:50, реферат
2000-ыншы жылғы 1-маусымда Қазақстан Республикалық Статистика агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% – қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары.
Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары.
Скачать (38.5Kb) |
Теги: студенттер, Әлеуметтану |
2000-ыншы жылғы 1-маусымда Қазақстан Республикалық Статистика агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% – қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары. 2000-ыншы жылдың қаңтар-мамырында халықтың табиғи өсімі-26,3мың(1999 жылдың қаңтар-мамырында-21,7 мың) адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы өсіп-өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18 ), қарағанды (706), Қостанай (585), павлодар (39), Солтүстік Қазақстан (832) және Шығыс Қазақстан (1236 адам) облыстарында өлгендер саны туғандар санынан артық. Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Тудың ең аз деңгейі (1000 адамға – 10,7) –Қостанай облысында , ең жоғары деңгейі (1000 адамға-23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті. 2000-жылдың бес айында республика өлімінің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны-1999 жылдың қаңтар-мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде-67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффициенті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында-10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8-ге дейін) Қарағанды, шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффициентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде-12,2 селолық жерлерде-9,3 адам болған. Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде. Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау, мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет. Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттімейтін әлеуметтік-эконмикалық көкейтесті мәселелерді тез тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. |
Соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда
адам санының өсімі бар екенін
көрсетті. Алайда кейінгі жылдардағы
елдің демографиялық ахуалының
нашарлап бара жатқанын ресми деректер
де жоққа шығармайды. Осы өзекті
мәселеге арналған Азаттық радиосының
дөңгелек үстеліне ресми орындар
және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты
24 желтоқсанда Алматыда өткен
республикалық конференцияда сөйлеген
сөзінде мәжіліс депутаты Айткүл Самақова
өткен жылдың «қаңтарынан қыркүйек айына
дейін – алдыңғы жылдың дәл осындай кезеңімен
салыстырғанда – 1339 сәби кем туды», –
деп мәлімдеді. Алайда, депутат 2009 жылы
нақты қанша сәбидің дүниеге келгені туралы
тіс жармады.
Оған қоса ерлер мен әйелдердің санындағы
айырмашылықтың алшақтай түскені байқалды.
Айткүл Самақованың атап көрсетуінше,
«ерлер мен әйелдер санындағы айырмашылық
30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа
қарай 100 ер кісіге 140 әйел адам келеді.
Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы
ерлердің саны айтарлықтай кем болып отыр.
Мәжіліс депутатының мәліметіне сәйкес,
ерлер мен әйелдердің жас ұзақтығында
да айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалға,
2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден
10,5 жылға кем болған.
Азаттық радиосының кезекті дөңгелек
үстелінің тақырыбы Қазақстандағы қалыптасып
отырған осындай демографиялық ахуалға
арналады. Оған «Аман-саулық» қоғамдық
ұйымының жетекшісі Бақтылы Түменова,
тарих ғылымдарының докторы, демограф
Әзімбай Ғали және Қазақстан президентінің
жанындағы әйелдер істері және отбасылық
демографиялық саясат бойынша ұлттық
комиссия хатшылығының бас сарапшысы
Гаухар Нұрахметова қатысады.
Дөңгелек үстелді Азат Еуропа/Азаттық
радиосының қызметкері Сұлтанхан Аққұлұлы
жүргізді.
Дөңгелек үстелдің толық аудиожазбасын
мына жерден тыңдауға болады.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕНІ АҢҒАРТТЫ?
Жүргізуші:
– Бүгінгі пікірсайысымызда талданатын
бірінші мәселе: Қазақстандағы демографиялық
көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлағанын
ресми билік мойындады. Ал олардың нашарлауына
нақты қандай факторлар себеп болды?
Гаухар Нұрахметова:
– Рақмет. Демографиялық проблемалармен
айналысу, оны шешу – мемлекетіміздің
ең басты міндеті. Өздеріңіз білесіздер,
Қазақстанда
Гаухар Нұрахметова, Қазақстан
президентінің жанындағы
демографиялық ахуал 2001 жылға дейін
жақсы көрсеткіштермен шыққан. 2001
жылдан бастап демографиялық ахуал
жақсарғанымен әр жанұяда баланың
туу деңгейі төмендеп кетті деп
айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында
қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл, әрине,
үлкен мәселе.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұның
басты себептері – отбасының ажырасуы,
еркектер арасындағы өлім көрсеткішінің
жоғары болып отырғандығы. Бірақ, республика
бойынша кейбір облыстарда бала туу деңгейі
өте жақсы деп айта аламын. Мысалы, Шымкент
секілді оңтүстік облыстарда 2008 жылы бала
туу 21 пайызға көбейді. Ал Солтүстік Қазақстан
облысында керісінше 2,5 пайызға ғана. Бұл
бала тууы бойынша республикамыздағы
ең төменгі деңгей.
2001 жылдан бастап демографиялық
ахуал жақсарғанымен әр
Мұның әртүрлі себептері бар. Мысалы,
халқымыздың арасында көптеген аурулардан
қайтыс болу, содан кейін қазіргі
жас отбасылар арасында батыстың
сәнімен некеге отырмай, тіркеусіз
тұра беретіндер де көбейіп барады.
Зерттеулер спирттік ішімдіктермен
әуестену, нашақорлық деген факторлардың
да бұған әсері үлкен екендігін
анықтап отыр.
Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде
жүрек дертінен қаза табатындардың саны
бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Семей
полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі
деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап,
дүние салуы жоғарғы қалпында қалдып отыр.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ ОРАЛМАНДАР
ЕСЕБІНЕН АРТЫП ОТЫР
Әзімбай Ғали:
– Біріншіден, жалпы туу үрдістерінің
әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары
бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан
жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен.
Егер де санақтың деректері рас болса,
бұл – өте жоғары көрсеткіш.
Қазақстан жұртшылығының санының өсуі
– оралмандар есебінен болды. Тек қана
соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан
Әзімбай Ғали, демограф, тарих ғылымдарының докторы. Алматы, наурыз, 2009 жыл.
астам оралман келді. Сол санның
арқасында Қазақстан жұртшылығы
16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ
деректері дұрыс болып шықса.
Ал қазақтың саны 11 миллионнан асты. Бұл
– өте жақсы көрсеткіш. Бірақ қазақ жұртшылығының,
орыс жұртшылығының туу коэффициенттері
төмендеп келе жатыр.
Бірқатар этностар, ол: орыс, украин, белорусс,
татарлардың депопуляциясы байқалады.
Қазір немістердің де депопуляциясы басталады.
Яғни, осы ұлттардың туғандарынан өлгендері
көбірек. Бұл ұлттардың тұрмысы, денсаулығы
қазақтан артықтау болуы мүмкін. Бірақ
тууы төмен болғандықтан, ол белгілі бір
кезеңде бұл ұлттардың азаюына әкеледі.
Ал қазақтың саны өте жақсы өсті. Біз 1989-жылғы
көрсеткішке жеттік. Бірақ территориямыз
бес Франция, ал халқымыз 16 миллион 400 мыңның
үстінде.
Дегенмен бүгінгі таңда қанша ынталандырсаң
да мемлекет баланың санын көбейте алмайды.
Тек қана ол әлеуметтік шара болып қалады.
Қазақстан тұрғындарының сандық өсуінің
бір-ақ негізгі жолы бар. Ол бала тууды
мейлінше 2,5 баладан төмендетпеу. Ынталандыру
Екіншіден, оралмандар, үшіншіден, басқа
ұлттардың келуі және олардың қазақ болып
жазылуын ынталандыру.
Соның ішінде мысалы қырғыздың, өзбектің
бір бөлігін, қарақалпақтың т.б қазаққа
өте жақын ұлттарды Қазақстанға шақырып,
оларға қазақтың төлқұжатын беру. Сондықтан
бүгінгі таңда геодемографиялық тартыс
күшейе береді.
Бақтылы Түменова:
– Әзекеңнің айтқаны дұрыс. Мақтанып 16
миллионнан астық дегеніміз ол көбінесе
біздің мемлекетке қайтып келген оралмандар
есебінен болды. Және де олардың ішінде
бала туу бірнеше есе көп.
Жоспарланған жүктілік деген бар. Ол бізде
азайып барады. Ал оның бәрі неге байланысты?
Тек қана әлеуметтік-экономикалық жағдайға
Бақтылы Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық ұйымының жетекшісі. Алматы, 29 қазан 2009 жыл.
байланысты. Мен бір нәрсені
айтайын деп едім. Негізі өмірге
келгенде әрбір жүз қыз балаға
жүз бес ер баладан келеді екен.
Бір жасқа келгенде олардың саны
теңеседі. Ал он алты жастан бастап еркектердің
саны азая береді.
Менің алдымда екі адамның айтқаны да
дұрыс. Ол ішкілікке де, нашақорлыққа да
байланысты. Егер біз Еуропаның жақсы
мемлекеттеріне қарасақ, ол жақта әйел
өмірінің ұзақтылығы еркекпен салыстырғанда
көп болса үш-төрт жылдан артық болмайды.
Ал бізде бұл айырмашылық он жылдан асып
кеткен. Менің айтайын дегенім, бүгінгі
күні бізде қандай жақсы деп айтсақ та
жасырын проблемалар бар. Ол демография
арқылы көрініп тұр.
Бізде балалардың тууы неге байланысты?
Баспана бар ма, жастарда, жұмыс бар ма,
жоқ па? Әрбір отбасының экономикалық
жағдайына, мемлекет тарапынан жастарға
қандай көмек көрсетілетіні секілді мәселелерге
байланысты.
Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір сенім де азайып барады.
Менің ойымша, балалардың дүниеге
келу санының азайып бара жатқанына
мұның тікелей әсері бар.
Еркектер әйелдерден аз өмір сүреді. Физиология
жағынан алып қарасақ психологиялық стреске
еркектер әйелдерге қарағанда төзімсіз
келеді. Сондықтан олар өмірден ерте кетеді.
Осы көрсеткіштер арқылы біздің мемлекетте
талай проблемалар бар екенін аңғарамыз.
Ресми ақпарат көзінен естідім. АҚШ зерттеу
жүргізіп, олардың сапалы өмір деген көрсеткішіне
бұрынғы совет мемлекеттері арасынан
Қазақстан мен Түркменстан ғана жатқызылған.
Біреулер бұған қарап біздегі өмір сүрудің
деңгейі жақсы деп ойлап қалар. Бірақ өмір
сүру деңгейі мен сапалы өмір екі түрлі
нәрсе. Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі
сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады,
үкімет тарапынан айтылған анау болады,
мынау болады деген уәделерге деген сенім.
Алайда қазір сенім де азайып барады. Сондықтан
менің ойымша осы жағынан алғанда ғана
АҚШ-тың Қазақстан туралы шығарған көрсеткіштері
дұрыс. Біздің мына демография соны көрсетіп
отыр.
КӨП БАЛАЛЫ АНА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ЖӘРДЕМАҚЫ
Жүргізуші:
– Рақмет, Бақтылы ханым. Енді екінші мәселеге
көшсек. Қазақстанда 9 бала асырап отырған
Бәтес Керімқұлова өзінің «Батыр ана»,
«Алтын алқа» сынды мемлекеттік марапаттары
үшін зейнетақысына 5 мың теңге ғана мөлшерінде
қосымша қаржылай көмек берілетінін мәлімдеді.
Оны Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру
министрлігінің бас сарапшысы Аяжан Жанғабылова
да растады. Сонымен қатар, Аяжан ханым
жалғыз басты аналардың құқықтық мәртебесінің
айқындалмағанын мәлімдеді.Енді Еңбек
министрлігі сарапшысының осы сөзіне
назар аударсақ.
Аяжан Жанқабылова:
– «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»
ҚР 1999-жылғы 5 сәуірдегі заңына сәйкес
отбасында бірге тұратын 4 және одан да
көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға
3,9 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып
төленеді немесе 5511 теңге мөлшерінде,
ол осы 2010 жылының 1-қаңтарынан бастап
беріледі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен
марапатталған немесе бұрын «Батыр ана»
атағын алған, сондай-ақ, бірінші және
екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен
марапатталған көп балалы аналарға 6 АЕК
мөлшерінде немесе 8478 теңге көлемінде
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып
төленеді.
Сонымен қатар, балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңының
шеңберінде баланың тууына байланысты
бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала
бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
берілетін жәрдемақы және айлық табысы
жан басына шаққанда орта есеппен азық-түлік
себетінің құнынан төмен болған жағдайда
отбасыларға 18 жасқа дейінгі әрбір балаға
төленетін жәрдемақы 1 АЕК мөлшерінде
төленеді, оның мөлшері биылғы жылдың
1 қаңтарынан бастап 1413 теңгені құрайды.
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, енді көп балалы
отбасыларына мемлекет тарапынан көрсетіліп
отырған осындай көмекті жеткілікті немесе
лайықты деп есептейсіздер ме?
Бақтылы Түменова:
– Бұл өте аз. Жылдан-жылға көрсеткіштер
көбейіп жатқан сияқты. Бірақ баға да өсіп
жатыр ғой. Мінекей, 1 қаңтардан бастап
электр жарығы да қымбаттап кетті. Тамақ
та, бәрі де қымбаттайды. Бұны неге ойламаймыз?!
Бізде кейде мемлекет тарапынан шығаратын
көрсеткіштердің өздері дұрыс емес. Мәселен,
1-қаңтардан бастап өмір сүрудің ең аз
мөлшері он төрт мыңға жетті. Осы көрсеткіштің
орны бөлек.
Себебі, осы көрсеткішке қарап, ең аз айлық
та жасалады. Ең аз зейнетақы да соған
қарайды. Енді айтыңызшы, бүгінгі күні
14 мыңға адам
Біз ділі мен діні қазаққа жақын халықтарды өздерімізге тартуымыз керек. Бірақ ол халықтар елдің экономикасы көтерілсе ғана келеді. Құр шақырғанға ешкім келмейді.
бір ай өмір сүре ала ма? Жоқ, сүре алмайды.
Сондықтан осы көрсеткіштердің
өздері еуропалық стандартқа сәйкес
келмейді.
2007 жылы елбасымыз Қазақстанда Еуропадан
кем болмауға барлық мүмкіншілік бар екендігін
айтқан. Мен оған толық келісемін. Бүгінгі
күні, құдайға шүкір, аз да болса 16 миллион
халқымыз бар. Бірақ бізде мұнай да бар
ғой.
Әрбір кісі басы сол мұнайдың пайдасын
көрсе ғой! Осындай байлықпенен, аз халықпенен
мұндай көрсеткіштің болуы еш сын көтермейді.
Берілетін көмек өте аз. Қазір көрші Ресейдің
145 миллион халқы бар. Мен Әзекеңнің айтқанына
келісемін. Біз ділі мен діні қазаққа жақын
халықтарды өздерімізге тартуымыз керек.
Бірақ ол халықтар елдің экономикасы көтерілсе
ғана келеді. Құр шақырғанға ешкім келмейді.
Гаухар Нұрахметова:
– Мемлекеттік тұрғыдан келсек, көптеген
мәселелер шешіліп, шаралар іске асып
жатыр. 2009 жылдың 2-желтоқсанының өзінде
елбасы кейбір заңнама актілеріне өзгертулер
енгізуге қол қойды.
Осыған байланысты бір реттік жәрдемақының
көлемі көбейтіліп, 2010 жылдан бастап 4
және одан көп балаға берілетін жәрдемақының
көлемі 70650 теңгеге жетті.
Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламасына
сәйкес көптеген жұмыстар жасалып жатыр.
Жыл сайын 400 отбасы көмек алып отырады.
Оған бюджеттен 182 миллион 952 мың теңге
бөлінген.
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨШІП
КЕЛУІНЕ ЖОЛ АШУ КЕРЕК
Әзімбай Ғали:
– Мен миграциялық мәселелерге назар
аударайын деп отырмын. Біріншіден, Қазақстаннан
орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр.
Оларды тоқтатуға болмайды. Өйткені дүниежүзілік
адам құқын бұзамыз. Сондықтан кететін
адамдар өздері кетуге құқылы. Ол халықаралық
демократиялық норма.
Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан
жұртшылығының санын кемітпеу үлкен бір
мәселе. Осы бағытта Қытай қазақтарының
Астана маңындағы Қоянды елді мекеніндегі оралмандар ауылы. Қараша, 2008 жыл.
қайтып келу мәселесін біздің Үкімет
пен Президент қолға алса. Өйткені,
Қытай мен Қазақстан
Қазақстандағы оралмандарының саны Өзбекстан
қазақтарының есебінен өсіп отыр. Олардың
80 пайызы қалаларда орналасып жатыр. Үлкен
бөлігі оңтүстік өлкелерде. Бұл мәселеде
менің бір келіспейтін жерім – кім болса
да келе берсін, азаматтық алса болды деген
көзқарас. Бұған мен келіспеймін.
Мысалы, қытай, өзбек деген сияқты т.б.
сіңбейтін немесе өздерінің геосаяси
көңілдері бар ұлттар, менің ойымша, этнодемографиялық
балансқа, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан
келтіруі мүмкін. Олар өздерінің ертеңгі
күнін ойлайды. Сол сияқты геосаяси, этнодемографиялық
балансты немесе белгілі біздің мүдделерімізді
есепке алуымыз керек.
Жалпы, халықаралық миграциялардың маңызы
үлкен. Оның ішінде қалаларда қоныстану
маңызды. Менің ойымша, мемлекеттік бағдарлама
керек. Өйткені, қазір қазақтардың жартысы
ауылда.
Бірақ бәрі қалаларда қоныстанғысы келеді.
Өйткені, басқа жағдайда тіршілік көзі
жоқ. Яғни отбасын асырау қиын. Ал қалада
тұру тағы да қиын.
Жүргізуші:
– Әзімбай мырза, ең басты сауалымызға
жауап бермедіңіз ғой.
Әзімбай Ғали:
– Жәрдемақы ешқашанда көп болмайды. Бірақ
мемлекеттің де мүмкіндігі шектеулі. Сонан
кейін, ол – демографиялық шара емес, әлеуметтік
шара. Сондықтан көп балалы отбасының
еңсесін көтеру үшін мейлінше көп төлеген
жақсы.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҚАРТАЙЫП
КЕЛЕДІ
Жүргізуші:
– Рақмет, Әзімбай мырза. Енді осы жерде
қосымша мәлімет келтіре кетейін: мәжіліс
депутаты Айткүл Самақова келтірген мәліметтерге
қарағанда, сәбилердің, аналардың және
жалпы халық өлімінің төмендеуі мен өмір-жасының
ұзаруына қарамастан, бұл көрсеткіштерімен
Информация о работе Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары