Қазақстанның таулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 08:31, реферат

Краткое описание

Кең байтақ Қазақстанда таулар,ормандар өте көп. Қазақстан жерінің басым бөлігін оңтүстік шығыс пен шығыс аумағын қамтыған таулармен қоршалған жазық дала құрайды. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы таулардың биіктігі теңіз деңгейінде 5000 метрге жетеді. Мемлекеттің солтүстігі Батыс Сібірдің оң жақтағы жазық даласымен шектессе, орталығы – Қазақстан құмдауыты өңірі оңтүстік – шығыс жағалауы мен шығыс жерінде Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары орналасқан.

Вложенные файлы: 1 файл

10_uyN.ppt

— 1.90 Мб (Скачать файл)

Қазақстанның таулары

 

Хан тәңірі,Белуха тауы

  • Кең байтақ Қазақстанда таулар,ормандар өте көп. Қазақстан жерінің басым бөлігін оңтүстік шығыс пен шығыс аумағын қамтыған таулармен қоршалған жазық дала құрайды. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы таулардың биіктігі теңіз деңгейінде 5000 метрге жетеді. Мемлекеттің солтүстігі Батыс Сібірдің оң жақтағы жазық даласымен шектессе, орталығы – Қазақстан құмдауыты өңірі оңтүстік – шығыс жағалауы мен шығыс жерінде Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары орналасқан.
  • Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына(теңіз деңгейінен 132м төмен), ал ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы. Ең төмен және ең биік нүктенің айырымы 7127 метр.
  • Альпинизмнің нағыз Меккесі көршілес белгілі Хан Тәңірі (7 010 м) және Қырғызстанға тиесілі Жеңіс шыңдарымен (7 439) әйгілі Орталық Тянь-Шань болды. Хан Тәңірі Қазақстанның ең жоғары нүктесі, Орталық Тянь - Шанның ең әдемі шыңдарының бірі саналады. Үшкір ұшты пирамида түріндегі мәрмәр шың жан жақтан көрінеді. Тау баяғыдан аңызға ие. Оны Тәңір тау және күн бату кезінде қызыл реңкке ие болуына қарай Қантау деп те атайды. Бұл ең солтүстік әлемнің жеті мыңдығы. Хан Тәңіріне жету қиын, сонысымен альпинистер мен қызық қуған туризм әуесқойлары үшін қызықты. Қазақстанға таудың солтүстік бөлігі тиесілі. «Хан тәңірінің Солтүстік Қабырғасына» шығу көптеген туристердің орындалмас арманы болып табылады

Кешкі Хан Тәңірі

Іле Алатау тау жотасы

Бурабай көліндегі Жұмбақтас  жартасы

Белуха тауы 

 

 

  • Белуха тауы Солтүстік Шығыста ақ қарлы шыңымен (4506 м) Сібірмен мен Алтайдағы ең биігі. Бұл қар, мұз, құлама сырғымалар мен жарқыраған су сарқырамаларының хандығы. Онымен Бүркіт аулы тауы көршілес, оның биіктігі - 3 373 м. Бүркіт аулы - Белухадан кейінгі Оңтүстік Алтайдың әйгілі шыңдарының бірі.

Белуха тауы


Информация о работе Қазақстанның таулары