Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 16:42, реферат

Краткое описание

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

омір тіршілік қауіпсіздігі.doc

— 225.50 Кб (Скачать файл)

Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері


Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік  дегеніміз — азаматтардың өмірі  мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын  барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • 1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);
  • 2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);
  • 3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);
  • 4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбір түрлеріне жалпы сипаттама

]Терроризм


Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қылмыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі —  терроризм. Заңда терроризм — адамдардың қаза болуы, елеулі зиян келтіру, не қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-ерекеттер жасау деп айқындаған. Бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту да терроризм әрекет ретінде қарастырылады.

Терроризм —  адамдар топтасқан немесе құнды  мүлік сақталатын жерлерде жарылыс  жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді  жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге терроризмге қарудың әр түрін, улы заттарды қолдану егер пұл әрекеттер адамның өміріне, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, топырақтың құнарлылығына және осыған ұқсас нысандарға қауіп төндіретін болса, халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі жүйелерді жою немесе бұзу, гранатометадан немесе оқпен атылатын қарудың басқа түрінен оқ жаудыру; электр және су жабдықтарын істен шығару жатқызылады. Аталған әрекеттерді жасаймын деп қорқыту дегеніміз — бірынғай ниетті шын мәнінде жүзеге асыруды айғақтайтын әрекеттермен ұштасуы мүмкін терроризм актісін жасаймын деп тікелей айтуды көрсетеді, мысалы, жарылғыш заттарды сатып алу, жарылғыш қүрылғыларды орнату және т.б.

Террорлық әрекет жасаған сәттен бастап адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер аяқталған қылмыс деп танылады. Өлімнің немесе басқа да зиянды салдардың нақты туындауы терроризмі аяқталған қылмыс деп тану үшін талап етілмейді. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты — терроризмнің міндетті белгісі. Соған орай, террорлық әрекет жасаған адам қоғамды астаң-кестең қылуға, көптеген адамдардың өміріне, денсаулығына мүлкінің сақталуына және т.б. қорқыныш сезімін тудыртуға ұмтылады. Террорлық әрекетті дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен террорлық әрекеттің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау


Жарылыс, өрт  қою немесе өзге де іс-әрекеттердің дайындалып жатқандағы туралы көрінеу  жалған хабарлау халық арасында үрей туғызады, нерв жүйесіне әсер етіп, қорқыныш адамдардың көпшілік бөлігін жарылғыш заттарды іздеп, зиянсыз әрекет етуге итермелейді. Сондықтан осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті бекіту әбден заңға сәйкес болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған мұндай қылмыстар тек мемлекеттік басқару органдарының қалыпты қызмет етуіне ғана емес, сонымен бірге мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне, сондай-ақ жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне де зиян келтіреді.

Мұндай зиян келтіру дайындалып жатқан террорлық  әрекет туралы тиісті құқық корғау органдарына, мекемелер немесе кәсіпорындарға, сондай-ақ жеке азаматтарға көрінеу  жалған хабарлаудан тұрады. Дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы хабар түрлі нысанда және түрлі тәсілмен жасалуы мүмкін: ауызша, жазбаша, телефонмен, басқа адамдардың көмегі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, анонимді түрде және т.б. Айыпты адам өзінің көрінеу жалған мәлімет хабарлайтынын біледі және сол арқылы ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның әкімшілігін және қалың бүқарпнМ үрейлендіріп, қоркытқысы келеді. Бұл қылмыс құрамының міндетті белгісі көрінеу жалған мәлімет болып есептеледі. Ол адамның ойдан құралған мәліметінің шындықты жанаспайтынын білетіндігін білдіреді. Алайда соған қарамастан, ол қандай да бір себепке байланысты, оны біреулерге жеткізгісі келеді.

Бұзақылық


Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.

Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды  анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға  қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын

білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз  күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні  ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.

Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

Тағылық


Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.[1]

Таза ауа — тіршілік кепілі 
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. 
 
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. 
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай 
көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға 
шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процесінтіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0,5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталады, ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды. Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозандармен де ластайды. Әсі- 
ресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3—0,5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 %. 1988 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 процентке ості. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні 
белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе, онда күн сөулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ, онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетінденгі энергия космос кеңістігіне тарамай калады, ауаның температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып кете ме деген болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікті радио-телевизор хабарлары айтыл жатады. Газет-журналдардан оқып жатырмыз 0,04 продентке дейін СО2 жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз «парниктік эффект» дейітн құбылысты тудырады. Климат мүлдем өзгеріп кетеді, жылдық орташа температурас 0,8—3 градусқа дейін өседі. 
Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргендс бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамға бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды айлаудың өзі қорқынышты. 
Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфсра байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, басқа да көршілес отырған елдерге нұсқан келтіруде. Өйткені ауа өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа ауысып отырады да улы, зиянды заттарды тарата береді. 
АҚШ-та жыл сайын ауаға 150—160 миллион тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни жан басына шаққанда бұл әрбір адамға 400—500 килограмнан келеді. Зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5,2 проценттей көміртектің тотығы, 18 про-цент күкірт тотығы, 12 процент көмірлі өттек, 6 процент азот тотығы, 12 процент әртүрлі заттар бары анықталды. Осындай улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер жүзінде 300 миллиондай аетомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200—250 миллион тоннадай болады. 
Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына береді. 
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман (смог)» түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес, шет елдің мемілекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар орнату, газбен және электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары зерттелуде. 
Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып, әр түрлі улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мындаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты Лондонның түтінді тұманын американ ғалымы Л.Баттонның жазғанын төмендегі тараулардан оқисыздар. 
Ортаны қорғау агенттігі 1984 жьшды Америка Құрама Штат-тары конгресіне «Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян» деген баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2,3 миллиард доллар болған. 1900 жылы оның көлемі 16,9 миллиардқа жеткен. 
1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (бұрынғы СССР-де) химия өнеркөсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты, 12 мың тонна күкірт қышқылды, 30 мың тонна күкіртті ангидритті және көптеген басқа затгарды атмосфералық ауаға таратқан. 
Атмосфера ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігі шұғыл «төмендейді. Күн сәулесі энергиясының 40—50 процентке жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің ‘ еліміздің (ТМД-елдерінің) барлық цемент заводтарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шаршы километр территорияда айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар. 
Планетаның радиоакгивті элементтер мен ластануы (улануы) — саналы және сауатты адамдарға белгілі. Бұл түсінікті дс. Жапонияда атом бомбасын жарылу қасіретінің салдарын сипаттап жазу, атмосферадағы ядролық қаруларды сынауға қарсы шығу біздің барлығмызды бұл зәру проблемаға егжей-тегжейлі қанықтырады. 
Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде-бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталынады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшірген сымақты болып, бір жеті күн халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді-кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды-жасылды оттарды көріп тамашалаған. Қараңғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы екенін. Сол адамдардан күні бүгінге біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. 
Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда, Невада штатындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро қондырғыларынан 200-ден астам жер астында жарылыс сыналған. Барлық сынаулардың үштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруының сынағы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы километрдей алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивтік төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталынады деп ғалымдар тұжырым жасайды. 
Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер, атом саласындағы мамандар кепілдік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткендей, ядролық технологияның соның ішінде «бейбітшілік» 
мақсатын-дағының ең күрделі проблемасы — жоғары активтік заттардың қалдықтары – цезий-137, стронций – 90 және басқаларын сақтауда болып отыр. Қазіргі Америкда осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашинітон штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қалдықтар түскен. 
1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды: 
Тіпті елде жыл сайын өндірілетін радиоактивті қалдықтардың бір проценті ғана айналаны қоршаған ортаға түссе, радиоактиитік қарулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға тасталған 100 атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі. 
Бірақ атом энергиясы жөніндегі комииссия қалдықтардың қалған 90% қауіпсіз етіп жерлей ала ма?» 
Құрылықты радиоактивті зарарлаудан қорғай отырып, мұхитты ластайды. Көптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып бітеп, мұхиттың ең терең жерлеріне тастайды. Контейнерлердің беріктігі мен бұлар тасталынатын тереңдік қауіпсіздікті біраз уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім білмейді. 
Цирконий-93-тің радиоактивтік ыдырау кезеңі миллион жылдай, ал цезий-137-тікі үш миллион жылдай болады т.б. Өзімізді радиоактивтік қалдықтардан қауіпсіз ете отырып, кейінгі ұрпақ-тарымыз үшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып отырған жоқпыз ба? Бұлар қашан да болсын контейнерлерден сөзсіз шығып, терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі мүмкін ғой. 
Басқа да тастандылар бар. Олар радиоактивті емес, алайда өте қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз күні бұрын өлшеніп, целлофан қапшыққа орап салынып қойылған конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзініндің ұлыңызға сыйға тартатын плюш аюды синтетикалық мөлдір қапшыққа мүқият оралып, сырты өсем бантпен байланған. Шампунь немесе ваннаға арналған қылқан сүйығы жұмсақ пластик флакондар сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін химиялық ыдыстар биосфераға түседі де, оны ластайды.




Информация о работе Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері