Геофизиканы қолдану мен шешетін міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:52, реферат

Краткое описание

1. Кіріспе
2. Геофизиканы қолдану
3. Шешетін міндеттері

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (5).docx

— 21.40 Кб (Скачать файл)

 Сабақ №1

Тақырыбы: Геофизиканы қолдану мен шешетін міндеттері

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Геофизиканы қолдану 

3. Шешетін міндеттері

Геофизика-Жердегі физикалык  кұбылыстар туралы ғылым.

Геофизика тақырыбы  немесе зерттеу объектісі –қатты қабаттан (литосфера), теңіз, мұхит, жер асты және бетіндегі сулардан (гидросфера), ауа қабатынан (атмосфера) тұратын Жер планетасы.

Геофизикалық зерттеудің мақсаты: Жер қойнауы оның су және ауа қабаттарының құрылысы туралы мәліметтер алу. Планетамыздың пайда болуы мен дамуын зерттеу. Геофизика бірқатар жаратылыстану ғылымдарына оның ішінде Жер туралы ғылымдар: геология, геодезия, география. Сонымен қатар геохимияға физика мен астрономияға жақын.

Литосфера геофизикасы 2-ге бөлінеді:

  1. Жалпы геофизика – ол Жердің қатты қабатын тұтас зерттейді.
  2. Барлау геофизикасы – ол пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау мақсатында Жер қабатының адам игере алатын құрылысын зерттейді.

Геологиялық және геохимиялық  әдістер: тау жыныстарының минералдық, петрографиялық немесе геохимиялық  құрамын нақты зерттейтін жақын  қашықтықтағы тура әдістерге жатса, геофизикалық әдістер алыс қашықтықтан  зерттейтін жанама әдістер.

Геологиялық денелердің орналасқан ортасына ерекшеленуі олардың заттық құрамындағы, физикалық күйіндегі  өзара айырмашылықтарына негізделеді.

Физикалық өрістердің таралуының геологиялық обьекттерге байланысты өзгерісі геофизикалық аномалиялар  деп аталады.

Қалыпты өріс - зерттеу ауданының барлық нүктелеріне тән өріс.

Аномалиялы(ауытқыған өріс) қалыпты өрістен жекелеген геологиялық  обьектілердің әсерімен ерекшеленетін  өріс. Олар ауданы жағынан  келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Құрлық немесе материктік – бұл салыстырмалы ірі аномалия.
  2. Аймақтық – бұл өрісі баяу өзгеретін, үлкен ауданда байқалатын және Жер қабығы мен жоғарғы мантиядағы ірі геологиялық құрылымдарға байланысты құрам бөлігі.
  3. Жергілікті – аймақтық аномалиялық зона құрамына енетін жекелеген шағын геологиялық обьект өрісі.

 

Табиғаты және пайда болу жағынан өрістер 2-ге бөлінеді:

  1. Табиғи өріс – адамның әсерінен тыс Жер мен Жер қабатында болатын құбылыстар нәтижесінде пайда болған өріс: гравитациялық, магниттік, электрлік, электрлі-магниттік, сейсмикалық, термиялық өрістер жатады.
  2. Жасанды өріс – зерттеуші өзі жасайды: электрлік, сейсмикалық, термиялық.

Геофизикалық аномалия көптеген факторларға байланысты:

  1. Обьект физикалық қасиеттерінің орналасқан ортадағы тау жыныстарының физикалық қасиеттерінен шамасы жағынан айырмашылығы
  2. Болжаған геологиялық обьектінің өлшемдері

Аталған параметрлерді біле отырып геологиялық дененің өрісін кеңістіктің кез-келген нүктесі үшін есептеуге болады. Осы процедураны геофизиканың тура есебін өлшеу деп атайды.

Өрістің өлшенген параметрлер  бойынша геологиялық дененің  пішінін, кеңістіктегі орнын және қасиеттерін  анықтау геофизиканың кері есебін шешу деп атайды.

Геофизикалық жұмыстар пайдалы  қазбаларды есептеу, іздеу және барлау мақсатында жүргізіледі. Негізгі мақсаты: тереңдіктегі геологиялық құрылысты зерттеу.Барлау геофизикасының әдістері:

  1. Магниттік барлау
  2. Сейсмикалық барлау
  3. Гравиметриялық барлау
  4. Электрлік барлау
  5. ҰҒЗ (ұңғымаларды зерттеу)

Жұмыс жүргізу масштабтары: майда масштабы, ірі масштабы, орта масштабы.

Шешетін міндеттер:

  1. Рудалы кен орындарды табу
  2. Мұнай, газ кен орындарын табу
  3. Руда емес пайдалы қазбалар
  4. Инженерлік-геологиялық зерттеулер
  5. Тау кен техникалық зерттеулер

Бақылау сұрақтары:

  1. Геофизика ғылымы туралы жалпы түсінік.
  2. Қандай геофизикалық әдістерді болады?
  3. Жасанды өріске не жатады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                               Орындаған:____________________                                                                  

Тексерген: _____________________


Информация о работе Геофизиканы қолдану мен шешетін міндеттері