Жер асты суының ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 06:57, реферат

Краткое описание

Жер асты суының ластануы — адам әрекеттерінен ластанған жер беті суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда (артезиан сулары). Ластаушы заттектердің жер асты суларына қалай түсетіні әлі толық анықталмаған.[1][2]

Вложенные файлы: 1 файл

Жер асты суының ластануы.docx

— 82.68 Кб (Скачать файл)

                            Жер асты суының ластануы

"Жер  асты суының ластануы"

Жер асты суының ластануы — адам әрекеттерінен ластанған жер беті суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда (артезиан сулары). Ластаушы заттектердің жер асты суларына қалай түсетіні әлі толық анықталмаған.[1][2]

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ  ЛАСТАНУЫ– 1) сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сәл) ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан (ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.

 

ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

 

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне  жер үсті суларымен қоса арнайы ұңғылар  орнату арқылы жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің елімізде де, шет елдерде  де мыңдаған қалалар мен елді мекендер жерасты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пакстан, Америка, Австралия,Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы  дамыған елдерге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап  беретін сенімді табиғи сүзгіш болып табылады. Қазақстан жер аумағы жағынан Республикамыздың жерасты су ресурстарын мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.

       Жерасты  сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан  үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақшылыққа жататыны жағынан көзге түседі. Дегенмен, оның ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика территориясында түрлі  мақсаттарға сай ашылып, зерттелінген 633 жерасты су қоры бар, олардың пайдалану  қуаты тәулігіне 43384 мың текше  метр. Бүл Ертыс өзенінің Обь өзеніне  құяр жеріндегі су көлемімен пара-пар.

Осындай табиғи байлықтың  иесі болған еліміздің алдында оны  үлкен жауапкершілікпен орынды және тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені  республиканың Солтүстік Батыс  және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған  жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі қарқанда орындалуда, кейінгі жылдарда тіпті  тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерттеліп дайындалған  көптеген жерасты су көздері 10-15 жылдар бойы игерілмей келеді. Бұл деген  жерасты суларының қорын пайдаланбай  жатып қайта қарап бекіту керек  деген сөз.

Республикамызда тау-кен  өндірістері мен шикізат өндеу  саласының дамуына байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды салмақ өсе түсуде, оның ішінде жерасты суларының сапасына нақтылы кауіп төне бастады. Ақтөбе-Алға, Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау, Жамбыл-Қаратау, Өскемен-Лениногор-Зыряновск  сияқты үлкен аймақтық-өндірістік кешендердің  маңында табиғатқа зиянды ошақтар  орын тепті. Республикамызда 710-ға жуық қатерлі ошақтар барлығы анықталған олардың басым көпшілігі Қарағанды  және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 70 елді мекеннің су мүқтаждығына пайдаланылатын 113 жерасты су кенінің 41 су қабылдағышының тазалылығына кауып  төнгендігі анықталып отыр.

Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің мыңайында  зиянды қалдықтармен ластану қауыпы бола тұрса да, тұтынушыға жеткен судың  сапасы ГОСТ "Ішетін су" талаптарына  сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ  ластандыру процессі жалғаса берсе, бұл сулардың сапасы төмендігі, шектелу  нормативтерінен асып кетіп, осы  себептен, пайдалану шебінен шығып  қалулары мүмкін.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен  қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығынын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған техниқалық және санитарлық шаралды іске асыру керек.

Бұл үшін:

  • су тазартқыш станцияларында өңдеу технологиясын жақсарту,
  • суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу және пайдаланудан кейінге ағазуды дамыту,
  • су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ішер суды (тұщы суды) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.

Қазіргі кезенде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақта оны жетілдіру үшін ең алдымен жекеше немесе ұжымдық мақсатта пайдаланылатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын бақылауды және іштей бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың немесе су көтіргіш ұңғылардың (скважина) рұқсат құжатынсыз пайдалануын тоқтау керек. Ондай рұқсат беретін құжат Республика Үкіметімен жасалатын "Контракт" (шарт) және "Арнайы су пайдалану Рұқсаты" болып саналады. Контракт мынадай жағдайда жасалады:

1. Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса.

2. Жерасты сулары шөлмектерге (бутылқаға) құю және оларды сату арқылы коммерциялық пайда көзіне айналса.

3. Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдалану үшін.

4. Температурасы жоғары жерасты суларын жылу және ыстық су көздері ретінде пайдалану үшін.

Жерасты суларын "Арнайы су пайдалану Рұқсатын" алу арқылы пайдалану мына жағдайда іске асырылады:

1. Ауыз су және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланатын жерасты суларының өндіру мөлшері тәуелігіне 50 мың текше метрден кем болса.

2. Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай мен газ өндіру барысында ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда суармалы жерлерді құрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыралататын жерасты суларын пайдалануда.

3. Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық әрекеттерден пайда болатын жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы қатпарына күшпен тарату үшін.

 

 

                    Жер асты сулары жағдайының мониторингісі

Жер асты сулары жағдайын бақылау «Сарымсақ» жинауышы орналасқан аймақта, қатты қалдықтар жинауышының аймағында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында жүзеге асырылады.

Жер асты суларының сапасын бақылау кезінде мұнай өңдеу кәсіпорындарына тән ластаушы заттарды: сульфаттарды, сульфидтерді, хлоридтерді, фенолдарды, нитраттарды, нитриттерді, фосфаттарды, аммоний азотын және жер асты суларындағы мұнай өнімдерінің құрамын бақылауға баса назар аударылды.  

 


Информация о работе Жер асты суының ластануы