Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 22:48, реферат

Краткое описание

Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Содержание

• 1 Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері
o 1.1 Пайда болу тегіне қарай
o 1.2 Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
o 1.3 Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай
o 1.4 Жерсілкіну ұзақтығы
• 2 Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
• 3 Жерсілкінудің басқа да түрлері
• 4 Пайдаланылған әдебиеттер
• 5 Тағы қараңыз

Вложенные файлы: 1 файл

Жер сілкіну.docx

— 232.15 Кб (Скачать файл)

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Жер сілкіну ошақтары (1963 - 1998)

Тектоникалық плиталардың  қозғалуы

1906 жылы АҚШ-та Сан-Францискода болған қатерлі жерсілкнісінің зардаптары

 

Цунами болып өткен  аймақ

Menu

0:00

For a better video playback experience we recommend a [ HTML5 video browser]. 
In the future, do not show this message

Жапониядағы жерсілкініс  кезіндегі толқындардың Тынық мұхитында  таралуы (2011)

Мазмұны 

[жасыру] 

  • 1 Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері
    • 1.1 Пайда болу тегіне қарай
    • 1.2 Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
    • 1.3 Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай
    • 1.4 Жерсілкіну ұзақтығы
  • 2 Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
  • 3 Жерсілкінудің басқа да түрлері
  • 4 Пайдаланылған әдебиеттер
  • 5 Тағы қараңыз

Жерсілкіну түрлері  мен басқа да сипаттамалары мен  өзгешеліктері[өңдеу]

Пайда болу тегіне қарай[өңдеу]


Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып  бөлінеді.

Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық  жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық  жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Сейсмикалық толқындар  таралуына қарай[өңдеу]


Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.

Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына  байланысты болады.

Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше  км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.

Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай[өңдеу]


Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

  • Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
  • орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
  • аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.

Ең көп тарағаны жақын  және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жерсілкіну ұзақтығы[өңдеу]


Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында — 1×1024 эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.

Жерсілкінудің өлшеу  құралдары мен әдістері[өңдеу]

Сейсмограф

Жерсілкіну үлкен апаттарға  әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан  және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе.

Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте  күшті жерсілкіну болады.

Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.

Жерсілкінудің геологиялық  жағдайларын зерттеу алдағы уақытта  жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік  береді.

Осының негізінде сейсмикалық  аудандау жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:

  • Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.

Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы  белдемдері (Тынық мұхитының батыс  шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.

Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.

  • Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.

Бұл белдеуде жерсілкіну болатын  ошақтардың 21%-і орналасқан.

Жерсілкіну ошақтарының  белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық  даму ерекшеліктеріне байланысты.

Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті  мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.

Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.

Жерсілкінудің басқа  да түрлері[өңдеу]

Қазіргі кезде адамның  табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапониядағы жер сілкінісі мен цунамидің құрбандары 14,5 мыңнан асты

© REUTERS

08:37 28/04/2011

АСТАНА, 28 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Жапонияның солтүстік шығысында наурызда болған талқандаушы жер сілкінісі мен цунами, сондай-ақ сәуірде қайталанған жер сілкінісінің нәтижесінде қаза тапқандардың саны 14 мың  517 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.  
 
Бұрын 14 мың 300 құрбан болғандар туралы хабарланған.  
  
Полицияның мәліметтеріне, 11 мың 432 адам хабар-ошарсыз кеткен болып есепте тұр. 
 
Жапонияның География институтының мәліметтеріне сәйкес цунами жалпы ауданы 561 шаршы метрді құрайтын аумақты басты, ол Токионың өзегін құрайтын арнайы аумақтың 23 арнайы аумағын құрайтын  90% сәйкес деп хабарлады. Су басқан аумақтың басым бөлігі 327 мың шаршы километр Мияги префектурасына тиесілі.  
 
«Фукусима-1» АЭС-тегі жер сілкінісінен кейін салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты апаттар сериясы тіркелген.

 

 


Информация о работе Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері