Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 21:49, реферат

Краткое описание

Менің рефератымның тақырыбы интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар. Аталған тақырып негізінде - Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігін, Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптарын, Топологияға авторлық және айрықша құқық негіздерін, Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесін, Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шартын, Күрделі микротәсім читің даму тарихын, Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы жөніндегі тақырыптарды қамтып ашатын болам.

Содержание

Негізгі бөлім
Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптары
Топологияға авторлық және айрықша құқық
Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесі.
Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шарты.
Күрделі микротәсім читің даму тарихы.
Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

интегралды микросхема реферат.docx

— 44.90 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 1курс  магистранты А.С.Төремұратова   

 

 

 

           Астана 2013

ЖОСПАР

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігі
  2. Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптары
    1. Топологияға авторлық және айрықша құқық
    2. Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесі.
    3. Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шарты.
  3. Күрделі микротәсім читің даму тарихы.
    1. Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің рефератымның тақырыбы интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар. Аталған тақырып негізінде - Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігін, Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптарын, Топологияға авторлық және айрықша құқық негіздерін, Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесін, Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шартын, Күрделі микротәсім читің даму тарихын, Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы жөніндегі тақырыптарды қамтып ашатын болам.

Рефератымның басты мақсаты Интегралды микротәсімдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесінің бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалаунуына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсім дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесінің де маңыздылығын атап өткім келеді.

Сонымен қатар күрделі микротәсім «чиптің» қазіргі қоғамда алатын орны оның пайда болу тарихы жөнінде де бірнеше мәліметтерді ашықым келеді. Қазіргі таңда чиптер адам өмірінің бір бөлшегіне айналып бара жатыр. Осы чиптердің адамзатқа қандай пайдасы мен мүмкіншіліктерін алып келуде деген сауалдарға жауап іздейтін боламын.

Жоғарыда аталған мәселелерді жік –жігімен, егжей-тегжейлі ашып, интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтардың маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндіру болып табылады.

Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтарды қорғау жөніндегі мәселе де рефератымының басты мақсаты.

Аталған мәселелер жөнінде кең мағынада барлық қажетті материалдарды зерделей отырып өз жұмысымды қорытындылайтын болам.

 

 

 

    1. Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігі

Интегралдық микротәсім дегеніміз - элементтері мен байланыстары оның негізінде бұйым жасалған материалдың көлемінде және немесе бетінде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметін атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;  
          Интегралдық микросхема топологиясы дегеніміз - интегралдық микросхема элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткізгіште бекітілген кеңістік - геометриялық орналасуы;

Интегралды микротәсімдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесінің бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалаунуына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсім дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығы болады.

Топологияның бірнеше авторына немесе өзге де құқық иелерене тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартпен белгіленеді.

Автордың рұқсатынсыз мынадай әрекеттерді жасау:

  1. Интегралды микротәсімге енгізу арқылы немесе өзге де түрде, оның түпнұсқа болып табылмайтын бөлігін қоспағанда, топологияны тұтас немесе оның бөліктерін көшіріп алу;
  2. Топологияны немесе осы топология бар интегралды микротәсімді қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және өзге де айнлымға енгізу айрықша құқықты бұзу болып табылады.

Топологияға құқық иесінің айрықша құқығын бұзу болып табылмайтын әрекеттердің тізбесі заң актілерінде белгіленеді.

 

   Топология авторы мынадай жағдайларда:  
егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған болып табылмаса;  
егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған, бірақ автор мен жұмыс беруші арасындағы шартпен автор тіркеуге өтінім беруге және топологияны тіркеу туралы куәлік алуға құқығы көзделген болса.  
      Өтінім беру құқығын қандай да бір құжатпен растау талап етілмейді.      

4. Өтінім, топологияны алғашқы  пайдаланған күннен бастап, егер  ондай орын алған болса, екі  жылдан аспайтын мерзімде берілуі  мүмкін.  
      Өтінім тікелей уәкілетті органға беріледі немесе поштамен жіберіледі.      

5. Өтінім тікелей не өкіл  арқылы, сонымен бірге уәкілетті  органда тіркелген патенттік  сенімді өкіл арқылы берілуі  мүмкін.   
      Өкілдің өкілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатпен расталады.

Уәкiлеттi орган осы Заңға сәйкес мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады: 
1) топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, оларды қарайды және топологияларды тiркеудi жүзеге асырады; 
2) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi; 
3) тiркеу туралы куәлiктер бередi; 
4) тiркелген топологиялар туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды; 
5) тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге қойылатын талаптарды белгiлейдi; 
6) тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiктiң нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтердiң құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлейдi;

8) осы Заңда, Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  және Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген  өзге де өкiлеттiктердi жүзеге  асырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасында топологияларды құқықтық қорғау талаптары

Автордың шығармашылық қызметiнiң нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.

Топология элементтерiнiң жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға ол жасалған күнi жалпы мәлiм болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.  
         Интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға топология жасалған күнi жалпы мәлiм болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердiң жиынтығы тұтас алғанда осы баптың 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.

Құқықтық қорғау топологияларда iске асырылуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.

1. Топологияға құқықтарды  қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бұзылғанға дейiн  болған жағдайды қалпына келтiру;

3) құқықты бұзатын немесе  оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң  жолын кесу;

4) құқық бұзушының келтiрiлген  залалдар орнын толтыруы және  моральдық зиянды өтеуi;

5) залалдың орнын толтырту  орнына айрықша құқықты бұзушы  тапқан табысты өндiрiп алу;

6) айрықша құқықты бұзушының  заңдарда белгiленген он мыңнан  елу мыңға дейiнгi айлық есептiк  көрсеткiш сомасында өтем төлеуi. Өтем мөлшерiн сот залалдың  орнын толтыру немесе табысты  өндiрiп алу орнына белгiлейдi;

7) азаматтық айналымға  енгiзiлетiн немесе осы мақсатпен  сақталатын және айрықша құқықты  бұзады деп танылған интегралдық  микросхемалар мен осындай микросхемаларды  қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы  оларды дайындауға арналған материалдар  мен жабдықтарды жою немесе  құқық иеленушiнiң пайдасына алып  қою;

8) бұзылған құқық кiмге  тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық  туралы мiндеттi түрде жариялау;

9) заң актiлерiнде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға  байланысты өзге де шаралар  қабылдау жолымен жүзеге асырады.

2. Егер лицензиялық шартта  көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға  лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Топологияға авторлық және айрықша құқық

Топологияны шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

Егер топология жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бiрақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрiнде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресiмдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.

Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi.

Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi.

Құқық иеленушi топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен, атап айтқанда, басқа тұлғалардың осы топологияны құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осындай топологиясы бар интегралдық микросхемалар дайындау арқылы пайдалануға құқығы бар.

Топологияның бiрнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартта белгiленедi.  
         Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.

Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мынадай iс-әрекеттер жасау:  
1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiру;

2) топологияны, осы топологиямен  бiрге интегралдық микросхеманы  немесе осындай интегралдық микросхемасы  бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға  ұсыну, сату және азаматтық айналымға  өзге де жолмен енгiзу топологияға  айрықша құқықты бұзу болып  табылады.

Айрықша құқықты беру

Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi.

Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.

Лицензиялық шартта лицензиатқа:  
1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);

2) топологияны пайдалану  құқығын лицензиардың оны пайдалану  мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ  лицензияны басқа тұлғаларға  беру құқығынсыз (айрықша лицензия);

3) топологияны пайдалану  құқығын лицензиардың оны пайдалану  мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны  басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.  
Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп саналады.

Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.  
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты болады.

Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.  
Тiркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, тiркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. V074648 
Тiркеуден өтпеген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.  
Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

 

Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық

Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.

Авторға сыйақы төлеу мөлшерi, ережесi және тәртiбi автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiмде белгiленедi. Келiсiмге келе алмаған жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасауға үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиiс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.

Информация о работе Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар