Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 22:24, реферат
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Мемлекет нысандарының мазмұнын талқылай келе, олардың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1)Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы,
ұғымы мен түрлері және дамуы
2)Мемлекеттің басқару нысаны.Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері
3)Мемлекеттің саяси режимі
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі