ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Латынша анатомиялық глоссарий
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Астана медицина
университеті» АҚ
ОПХ-мен адам
анатомиясы кафедрасы
Тақырыбы: Халықаралық анантомиялық номенклатура.
Латынша анатомиялық сөздіктер.
Орындаған: Төлембаева Б.Е.
Қабылдаған: Минайдаров А.К.
Астана 2015ж
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
АНАТОМИЯЛЫҚ НОМЕНКЛАТУРА
Латынша анатомиялық
Глоссарий
Медицина ғылымының
негізгі бір саласы-адам анатомиясы
–медицинаның іргесін қалайтыны
белгілі. Болашақ дәрігерлердің
адам денесінің құрылымы туралы
білім алуы «медицина әліппесін»-анатомиялық
терминдерді игеруден басталады.
Тілді, әсіресе
латын және орыс тілдерін игеру
қиындықтарын өз басынан өткізген
осы жолдардың авторы, студент
кездердің өзінде-ақ анатомиялық
терминдердің үш тілдегі сөздігін
құрастыра жүрген-ді. Осы көпжылдық
жұмыстың нәтижесі ретінде «Анатомия
терминдерінің қазақша-орысша-латынша
сөздігі»
Деп аталатын
екі бөлімдік кітап (І бөлім, Алматы,
1963, ІІ бөлім, Алматы, 1966) оқу құралы
ретінде жарық көрген-ді. Кейіннен
бұл сөздіктер белгілі толықтырудан
кейін, 1994 жылы (Алматы, «Демеу») бір
кітап болып баспадан шықты.
Алғашқы сөздіктер
жарық көргеннен бері 40 жылдай
уақыт өтті, ол қазір библиографиялық
сирек кездесетін кітаптар қатарынан
орын алған. Сол уақыттан бері,
автордың өзі қатынасқан анатомдардың
Бүкілодақтық съездерінде –(Ташкент,
1974; Минск, 1980; Винница, 1986) және Халықаралық
Конгрестерінде (Ленинград, 1970; Токио,
1975; Мехико, 1980; Сингапур, 1995) ғылымның
осы саладағы жетістіктері ескеріле
отырып, көптеген анатомиялық терминдер
қайта қаралып, толықтырылды. Қазақстан
Республикасының Деснаулық сақтау
министрлігінің мақұлдауымен қазақ
тіліндегі тұңғыш оқу құралы
екі кітап болып жарық көрді
(Адам анатомиясы, І-бөлім, 1994; ІІ-бөлім,
1995.)
Әр тілдерге
сәйкес анатомиялық терминдерді
бір-бірімен салыстыра отырып, қазақша
лайықты балама сөз табу жұмысында
белгілі қиындықтар кездесті. Дегенмен,
мұндай қиындықтар анатомияның
барлық терминдерінен тән нәрсе
емес екен. Мәселен, сүйектер мен
асқазан-ішек құрылымдарына балама
атаулар іздегенде, қазақ тілінің
көп жағдайларда бай екені
анықталды.
Мысалы: «Гребень» (латынша-crista) деген
терминді қазақ тіліне бірнеше сөздермен
аударуға болады: қыр, арқа, жота, жал; «Вырезка»
(incisura)-тілік, кетік, ойынды, ойық; «Край»
(limbus)-жиек, шет, ернеу; «Канатик» (funiculus)-арқан,
жіп, шылбыр; «Связка» (Ligamentum)-жалғама,
байлам; «Губчатый» (spongiosus)-кеуекті, кемікті
деп аударылады.
Сүйек жүйесіне байланысты терминдерді
қарастырғанда, бір сүйекті қазақ тілінде
белгілеу үшін бірнеше термин-синонимдерді
табуға болады:
«Плечевая
кость» (humerus)-тоқпан жілік, тоқпақ
ділік, иық сүйек, «решетчатая кость»
(os sacrum)-сегізкөз, жая, «Бедренная кость»
(femur) –ортан жілік, сан сүйек; «Затылочная
кость» (os occipitale)-қарақұс, шүйде сүйек.
Іш қуысындағы
мүшелерді қарастырғанда «Слепая
кишка» (caecum) деген терминді қазақша
соқыр ішек, тұйық ішек, бүйен
деп аударуға болады; «Тонкая
кишка» (Іntestinum tenue)-қарақұс, ащы ішек,
жіңішке ішек деп аталады.
Бірқатар анатомиялық
құрылымдарға атау ізделген кездегі
байқалған қазақ тілінің байлығы,
жаңа терминдер жасауда өз
көмектерін тигізді.
Қазіргі кезеңде
қазақтың медициналық терминдерін
қалыптастыруда, бірнеше тілдерді
игерген және орыс халқы мен
туыстас түркі халықтарының озық
тәжірибелеріне сүйенетін ғалымдарды
ақылға сала, біртіндеп істелетін
күрделі жұмыстар күтіп тұр. Мұндай
жағдайда халық ауыз әдебиетінің
бай мұрасы мен қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігіне, салтына тән
көптеген көне терминдерді орынды
пайдалану маңызды.
Терминдердің
ертеректегі мұндай байлығын
академик В.В. Радлов қазақтардың
өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады.
Нерв, қан тамырлары жүйелері
мен сезім мүшелер құрылымдарына
қатысты кейбір баламаларда орыс
анатомиялық терминологиясын құру
кезінде қолданғанындай, біз де
терминдерді латыншадан транскрипциялауды
және транслитерациялауды пайдаландық.
Мәселен: орыс анатомиялық термині «гипофиз»
(латынша hypophysis)-қазақ терминологиясы
бойынша-гипофиз; «Лимфа» (lympha)-лимфа; «Миокард»
(myocardium)-миокард; «Паренхима» (parenchyma)-паренхима;
«Нефрон» (nephon)—нефрон; «Строма» (stroma)-строма;
«Эпифиз» (epiphysis)-эпифиз; «Конус» (conus)-конус;
«Пронатор» (pronator)-пронатор; «Нейрон» (neuron)-нейрон;
«Полюс» (polus)-полюс және т.б.
Халықаралық
анатомиялық номенклатураны құрудың
жауапты редакторы, белгілі кеңес
анатомы С.С. Михайлов (1987): «қазір
орыс анатомия номенклатурасын
жасау кезеңінде транскрипция
және транслитерация әдісін пайдаланбау
мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін
жолдарының бірі осы тәсілдер»-деп
жазды. Ол В. Даль өзінің атақты
сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің
түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ
атамағанын ескертеді де: «Тіл
әрқашан да дами береді, ол
шындығында да тірі»-деп есептейді.
Орыс анатомиялық
номенклатурасында латын терминдерінің
орысша баламалары бола тұра,
латынданған түрін жиі беру
кездеседі: Diafragma-грудобрюшная переграда-диафрагма;
Trachea-дыхательное горло-трахея; Acinus-пузырек-ацинус;
Pericardium-околосердечная сумка-перикард.
Анатомия терминдерінің
ең алғашқы латын тіліндегі
тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің
көрнекті ғалымдарының қатысуымен
құрастырылды. Бұл тізім Германия
анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде
өткен конгресінде бекітілді. Тізім
Базель анатомиялық номенклатурасы
(B.N.A.-Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды.
Алайда бұл номенклатура анатомдар
арасында баяу таралды, ал Англия
мен Францияда тіптен қолданылмады
десе де болады.
Көптеген анатомдарға,
B.N.A-ны түзетіп, толықтыру қажет
екені аян болды. Сондықтан, Германия
анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде
өткен съезі, анатомиялық терминдердің
жаңа тізімін қабылдады. Бұл тізім,
ғылыми әдебиетке-Иен анатомиялық
номенклатурасы (I.N.A.-Ienar Nomina Anatomica) деген
атпен енді.
1955 жылғы Париждегі
когресс халықаралық анатомия
номенклатурасы комитетінің (I.N.A.С)
ұсынуымен, Париж анатомиялық номенклатурасы
(Р.N.A.) деп аталған анатомия терминдерінің
жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрынғы
В.N.A. тізімінде 5600 анатомиялық терминдер
болса, Париж номенклатурасы 200-ден
аса жаңа терминдер енгізді
де, Базель номенклатурасына кірген
4286 терминдерді қалдырды.
Анатомиялық
терминдерді жетілдіру жұмыстары
одан әрі жалғаса берді. Анатомдардың
1965 жылы Висбаденде өткен VІІІ
Халықаралық Конгресі, анатомиялық
терминдерге мыңнан аса өзгертулер
мен толықтырулар енгізді. Ол
конгрес оған қоса, Р.N.A.-ға сәйкес
келетін әр ұлттың анатомиялық
номенклатураларын жасау ұсынылды.
Голландиялық
хирург және анатом Готфирд
Бидлооның 1685 жылы латын тілінде
шыққан «Адам денесінің анатомиясы»
атты кітабын белгісіз бір
оқымысты орыс тіліне аударған.
Бұл еңбекті «Белгісіз ғылыми
ерлік» деген мақалада Н.А. Оборин
мен А.Н. Оборин, орыс анатомиялық
терминологиясының негізін салды
деп атап көрсетті.
КСРО Денсаулық
сақтау министрлігінің медициналық
Ғылыми Кеңесі 31/1, 1959 жылғы қаулысында
Р.N.A. терминдеріне сәйкес тек
орыс анатомиялық номенклатурасы
қолданылсын деп атпты. Алғаш
рет Р.N.A. терминдеріне сәйкес
келетін орыс анатомиялық терминдерінің
ресми тізімін Д.А. Жданов пен
профессор Ю.Н. Копаев жасады (Халықаралық
анатомиялық номенклатура, М., «Медицина»,
1970).
Бұл басылымда
Токиодағы (1975ж.) анатомдардың Халықаралық
конгресінде енгізілген өзгертулер
ескеріліп, Халықаралық анатомиялық
номенклатураның ресми латын
мәтіні берілді.
Орыс анатомиялық
номенклатурасын жасаудың негізгі
қағидалары «Халықаралық анатомиялық
номенклатура» деген кітаптардың (1980,
1986) алғы сөздерінде баяндалған.
Халықаралық
анатомияның номенклатура мүмкіндігінше
ресми латын терминдеріне жақын
болуы керек. Алайда сөздің шығу
тегін (этимологиясын) сақтау әрекеті
үстем болмауы керек. Сондықтан
терминдерді сөзбе-сөз аударып, анатомиялық
құрылымдардың мәнін бұрмалауға
жол беруге болмайды.
Эпонимикалық
терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен
аталған анатомиялық құрылымдар
аттары, клиникалық терминдердің
негізі ретінде қалыптасып кеткен
жағдайда ғана орыс анатомиялық
номенклатурасында синонимдер етінде
сақталады (мысалы, «Гаймор қуысы»-«Гайморит»,
«Евстахий түтігі»)-«евстахит» және
т.б.).
Шет тілден
алынған, халықаралық ресми терминдерге
сәйкес келетін және медицинада
кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің
де (медиалді, латералді, миокард, ганглии
және т.б.) қолданылуына жол берілуі
керек.
Шет тілдік
терминдердің орыс тілінде қолданылатын
қанағаттанарлық және қолайлы
эквиваленттері жоқ болса, олардың
орысша транскрипциясы пайдаланылуы
керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус
т.б.). Сонымен қатар, егер шет тіл
терминдері медицинада кеңінен
таралған болса, олардың орыс
тіліндегітранскрипциясын қолданған
дұрыс.
И.Р. Лазовскис
(1989) «Медициналық терминдердің құрамы
мен саны ғылым мен техниканың
дамуына тікелей бағынышты. Әрбір
жаңалық жаңа терминдерді қажет
етеді. Медициналық терминдер саны
без жүз жыл ішінде (1380-1880) екі
есе өссе, ал соңғы жүз жылдықта
(1980 жылға дейін) оның саны тағы
да екі есе өсті және үстіміздегі
жүз жылдықтың соңына дейін
терминдер әлі де екі есе
өсе түсетінін мөлшерлеп айтуға
болады»,-деп жазды.
Медицина терминдерін
жасарда оның шығу тарихын
жан-жақты зерттей келіп, басқа
грек, латын, түрік және орыс тілдерімен
салыстыра отырып, қазақтың өзіндік
төл сөздеріне лайықтаған жөн.
Орыс тіліндегі
медицина терминдерінің жасала
бастағанына екі жүз жылдан
аса уақыт өтті.
Медицина ғылымының
негізі-анатомия пәні бойынша
ең алғаш латын терминдерін
орыс атауларына аударып қолданушының
бірі және студенттерге тұңғыш
лекция оқушы М.И. Шейн (1744) өзінің
ресми түрде жазған шағымында:
«Маған орыс тілінде бір лекция
оқығаннан латын тілінде он
лекция оқыған әлдеқайда жеңіл»,-деп
жазған екен. Олай болса, қазіргі
біздің жағдайда «терминдерді тез
арада жасап, оқулықтарды өте
сапалы түрде шығару керек» деушілер
осы саладағы жарыққа шыққан
басылымдарды асығыс сынға алудың
орнына, халқының қамын ойлап, бұл
үлкен іске өз үлестерін қосуға
ұмтылғаны.
Медицина саласындағы
көптеген ұғым атаулаын жан-жақты
зерттеу, оны ана тілімізде атау,
яғни термин жасау оңай жұмыс
емес. Оған белгілі уақыт және
ұлттық сезімі үлкен, еліне жаны
ашып, қажымай-талмай еңбек ететін,
ешкімнен қаражат күтіп алаңдамайтын
патриот оқымысты мамандардың
ынта-ықыласы қажет.
Кейінгі кездегі
бір ұлағатты іс-жоғарыда айтылған
мәселелерге мемлекеттік тұрғыдан
қаралып, соған байланысты құжаттардың
қабылданылуы. Олар Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы
№4106 «Тілдерді қолдану мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасы» және 2001
жылғы 7 ақпандағы №550 жарлығымен
бекітілген «Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы».
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.Алшынбай
Рақышев «Адам Анатомиясы» І-том.
Атлас І-том. А.А Идрисов.
2.Мария Дайырбекова
«Адам анатомиясы.
3.Нұрмұхамбетова
Б.Н. Оқу құралынан. Алматы 2007 ж.
4.Аубакиров
А.Б. “Адам анатомиясы Атлас” 2005ж.