Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 14:45, реферат
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі.
Әлеуметтік қорғау және оның түрлері
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарғауақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.
Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.
Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді. ! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Жұмыс берушіге, сондай-ақ қызметкердің жарақат
Келтірілген зиянның орнын толтыру
дегеніміз — зақымданған
Зардап шеккен қызметкердін алған енбек жарақатына байланысты жұмсалған қосымша шығындардын орнын толтырудың тәртібі мен шарттары да белгіленген. Мәселен, кәсіпорын зардап шеккен қызметкердің денсаулығы жойылуынан жоғалтқан жалақысының орнын толтырумен қатар, оның алған жаракатына байланысты шығарған қосымша шығындарының да (қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, медициналық тексерілуге және денсаулығын қалпына келтіруге, тіс салдыруға, оны күтуге, санитарлық емделуге, зардап шегушінің емделетін жерге әрлі-берлі барып-қайтуға қажет жолақысын, ал қажет болған жағдайда оның қасына еріп жүретін адамнын да жолақысын қоса) орнын толтырады. Алған жарақаттарынын немесе кәсіби аурудың салдарынан мүгедек болған қызметкерлер өздері еңбек қатынасында тұратын жұмыс берушілердің қаржысы есебінен жүріп-тұру құралдарымен, еңбектік- әлеуметтік қалпына келтірудің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс беруші осы айтылған міндеттерді
орындаудан жалтарған жағдайда мүгедектердің
немесе олардьщ мүддесін қорғайтын
әлеуметтік камсыздандыру органдарының
талаптары бойынша сот алдында
жауап беретін болады. Қолданылып
жүрген заңға сәйкес мүгедектердің
жұмыска орналасуға қақысы бар. Мемлекет
күйі төмен азаматтарды әлеуметтік
қорғау жөнінде де шаралар қолданып
отырады. Адам басына шаққандағы орташа
табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың,
Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері
Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:
2005 жылы Қазақстанның барлық
азаматтарына үш мың теңге
мөлшерінде мемлекеттік
Зейнетақы қорлары
Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар.
Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:
Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.
Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.