Ұлттық аспаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 18:21, реферат

Краткое описание

Домбыра — қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді. Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат по каз.doc

— 374.50 Кб (Скачать файл)

Ұлттық аспаптар

Домбыра

 

Домбыра — қазақ халқының кең  тараған аспаптарының бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді. Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды.

Адырна

 

Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп  ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар  ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ  пішінді болды. Кейін бұл аспапты  бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ

Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан  арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.

Сыбызғы

 Сыбызғы – үрлемелі көне  аспап. Қурайдан, ағаштан және  күмістен жасалады. Сыбызғының үні  жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Қамыс сырнай - тілшесі бар қамыстан жасалған үрлемелі аспап.

Сазсырнай

 

Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы  Отырар қаласында жүргізілген қазба  жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

Жетіген

 

 Жетіген — шертіп  ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық  аспап. Тиектің орнына асықтарды  пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.

Қобыз


 

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың  ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.

Біреулер оны құс даусына  ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады.

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ  халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық  және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші  ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.

Қобыз

 

Дегенмен жоғалып жойылып  құрып кетуге жақын қалған қобыз  ойнау өнерін өмірге қайта оралтып  «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға  жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар  болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев(1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.

Қобызда ойнап ең алғаш  рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан. 

Қылқобыз

 

 Қылқобыз — әлемдегі  ысқышпен орындалатын ішекті  аспаптардың атасы, қос ішекті  көне музыкалық аспап. Қобыздың  екі ішегіне және ысқышына  аттың құйрық жалының қылы  тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі — прима қобыз.

Шаңқобыз

 

Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа  атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз— ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.


Информация о работе Ұлттық аспаптар