Аппараттық және информациялық компоненттер арасындағы қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:20, реферат

Краткое описание

Интернеттің аппараттық бөлігінің құрылымы мен информациялық кеңістігі құрылымы өте ұқсас. Оның екеуінде де басқа объектілермен біреуі – көппенен бай-ланысқан принциптегі объектілер бар. Интернеттің ап-параттық құрылымы бойынша әрбір компьютер көпте-ген компьютерлермен байланысқан. Осындай байла-нысу архитектурасы Желі (Сеть - Net) деп аталды.

Вложенные файлы: 1 файл

Желілер дамуының қысқаша тарихы.docx

— 134.04 Кб (Скачать файл)

                        Желілер дамуының қысқаша тарихы

Өткен ғасырдың 60-ж. алғашқы компьютерлік желі жасалып, ол Калифорния университетін, Массачусет технологиялық институтын және RAND әскери ғылыми-зерттеу орталығын байланыстырды.

    (Ол ядролық  жарылыс болған жағдайда елді  басқару үшін қажет деп есептелді)

Желіге қойылған басты талап – қандай жағдай болса да, мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу болып саналды.

Желіге оның басым бөлігі істен шықса да, қалған жағы дұрыс жұмыс істей беруі тиіс деген талап қойылды.

1969 ж. ARPANET желісі құрылды, ол АҚШ-тың бірнеше әскери, ғылыми  және білім беру орта-лықтарын  бір-бірімен байланыстырды.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды.

Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.

2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен. 
1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.

 

                           Интернеттің негізгі ұғымдары

Интенет — біртұтас ауқымды (глобальдық) компьютерлік желі, оның барлық жүйелері хаттама деп аталатын бір стандартпен жұмыс істейді. Көбінесе Интернет сөзінің синонимі ретінде бас әріппен жазылған Желі сөзі айтылады.

                                         Интернетпен байланысу

Интернетке тұтынушыларды қосу ісін атқарушылар  – провайдерлер (ағылшынша provide – қамтамасыз ету) деп аталады – олар кез келген компьютерді (ұйымды немесе жеке тұлғаны)  Интернетпен байланыстыруды жүзеге асыратын мекеме.

                                           Браузерлер

Қазіргі кездегі браузерлер (навигаторлық программалар, сілтеуіштер, көрсеткілер) біртіндеп желінің бірнеше функцияларын қатар атқарып, «әмбебап» клиент-программалар рөлін ала бастады. 
Қазіргі уақытта бағдарламаның екі түрі таралған: 
* Internet Explorer 
   * Netscape Navigator 
  

 Әрбір қызмет бабы үшін өзіндік сервер- программа және өзіндік клиент- программа қажет болады. Мысалы, электрондық пошта серверлері мен клиенттері, телеконферен-циялардың да өз серверлері мен клиенттері болады.

Сервер деп сервер-программалар орнатылған негізгі компьютерлерді де айтады. Бір сервер-компьютерде бірден бірнеше сервер-програм-малар жұмыс істей алады. Көбінесе «сервер» деген сөз компьютерді білдіреді.

Интернет ауқымды желісі бір-бірімен байланыс арналарымен қосылған түйінді компьютерлер (коммутациялық жабдықтар мен серверлер) жиынынан тұрады. Әрбір түйінде (торапта) UNIX операциялық жүйесінде жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты сервер-компьютерлер болады. Осындай түйін немесе торап көбінесе хост деп аталады.

  Аппараттық және информациялық компоненттер арасындағы қатынас

Интернеттің аппараттық бөлігінің құрылымы мен информациялық кеңістігі құрылымы өте ұқсас. Оның екеуінде де басқа объектілермен біреуі – көппенен бай-ланысқан принциптегі объектілер бар. Интернеттің ап-параттық құрылымы бойынша әрбір компьютер көпте-ген компьютерлермен байланысқан. Осындай байла-нысу архитектурасы Желі (Сеть - Net) деп аталды.

Информациялық құрылымда да әрбір құжат басқа көптеген құжаттармен байланысқан, мәліметтердің осылай байланысуы архитектурасы Өрмек (Паутина - Web) деп аталады.

Егер бізге алыстағы компьютерге қосылу керек болса (құжат алу үшін ғана емес, орбиталық телескопты басқару үшін де болуы мүмкін), онда Желі ұғымдарын пайдаланамыз, ал информациялық кеңістіктен құжат іздесек, онда Өрмек (Web) ұғымдарын қолданамыз.

Айна — қашықта орналасқан көп мәліметі бар сервердің көшірмесі сақталатын компьютер. Айна желі арналарындағы мәліметтер тығыздығын азайту үшін және информацияны тасымалдау жылдамдығын арттыру мақсатында қолданылады. Айнадағы мәліметтер жиі-жиі жаңартылып отырады.

Хаттама (протокол) – желі бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін мәліметтер форматы мен байланысу ережелерінің жиыны.

TCP (transfer control protocol) - мәліметтерді пакеттерге бөліп тасымалдауды жүзеге асыратын хаттама түрі.

IP (Internet protocol) - желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы

Шлюз (тоған) — әртүрлі протоколдармен жұмыс істейтін желі бөліктерін бір-бірімен байланыстыруға арналған программалық-аппараттық құрал. Шлюз әртүрлі желілер мәліметтерін бір-біріне сәйкес келетіндей етіп түрлендіреді.

Прокси-сервер (Интернет пен жергілікті желі арасында тұрады) — желідегі мәлімет тығыз-дығын азайтып, тасымалдау жылдамдығын өсіру үшін пайдаланылатын байланыс компью-тері. Прокси-серверде тұтынушылар көп қажет ететін мәлімет белгілі бір уақыт кезеңінде сақталып тұрады.

Егер бір тұтынушы жақын арада бір Web-пар-ақты қараған болса, екінші тұтынушы да сол мәліметті керек етсе, ол оны прокси-серверден алады. Екінші тұтынушы мәліметті түп нұсқа-дан алдым деп ойлайды.

Брандмауэр – мәліметтері қорғалған желіге рұқсатсыз қатынасуды (кіруді) болдырмайтын аппараттық-программалық құрал (желіаралық экран).

Желіаралық экран екі желі арасындағы мәліметтер ағынын бақылап, белгілі бір «информациялық мембрана» рөлін атқарады. Мұнда экранды одан өтетін мәліметті талдап сүзгіден өткізетін бірнеше фильтрлер жиыны деп қарауға болады. Брандмауэр өзінде орнатылған алгоритмдер негізінде келіп түскен мәлімветті өткізе ме, жоқ па – шешім қабылдайды. 

Оған қоса, брандмауэр барлық «заңсыз» мәлімет алуға тырысқан жағдайлар туралы хабар жинап, «дабыл қағады» десе де болады.

— бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы.Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауыш әрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды.

Информацияны тасымалдау жолын таңдап алу процесін маршруттау деп атайды.

 

              4. Интернет желісін ұйымдастыру принциптері

IP-адрестеу

Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы -           0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы:

          194.84.93.29   немесе   128.29.15.124

   Осылай адрестеу жүйесі  2564» 4,3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32-разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.

Физикалық адресті пайдалану ыңғайсыз (адамдарға цифрлар тізбегін есте сақтау қиын),  сондықтан мұндай адрестерге символдық (домендік) адрестерді сәйкестендіреді. Символдық адрестер белгілі мағынасы бар сөз тіркестерінен тұрады.

Символдық немесе домендік адрестер былай жазылады:

протокол://машина аты.домен аты[/каталог/ подкаталог/файл аты]

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

ICQ (I seek you – мен сені іздеймін) – нақ-ты уақыт кезеңінде тікелей хабарласу ісін жүргізу-ге мүмкіндік береді. Осы сәтте Интернетке қосы-лып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентифика-циялық нөмір UIN алу қажет.

Интернетке қосылған сайын ICQ программасы IP-адресіңізді қызмет орталығына, сіздің әріп-тестеріңізге де жібереді. Байланыс орнатылған-нан кейін әңгіме сияқты жалғаса береді.

IRC (Internet Relay Chat - Интернет ар-қылы тікелей хабарласу - чат) – мұнда мәлімет алмасу бірден тікелей жүргізі-леді.

RC қызметі нақты уақыт кезеңінде  бірнеше кісі тікелей хабарласуы  үшін қажет. Кейде  IRC қызметін чат-конферен-ция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйе-сіне қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және оған бірнеше адам ғана қатынаса алады.

Сонымен ауқымды желілер тұтынушыларға әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Олар желі бойында таралып сақталған мәліметтер базасымен жұмыс істеп, электрондық пошта арқылы хат алысуға, телеконференцияға қатысуға, нақты уақыт кезеңінде басқалармен сөйлесуге, файлдармен алмасуға, т.с.с. мүмкіндіктер береді. Әрбір қызмет бабы (кейде қызмет, сервис деп те айтады) өз заңдылықтары-мен (хаттамаларымен) жұмыс істейді.

 


Информация о работе Аппараттық және информациялық компоненттер арасындағы қатынас