Влиянии экономики на информационных систем

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 10:05, реферат

Краткое описание

Ақпараттық төңкеріс - ақпараттық технологиялар әкелген түбегейлі өзгерістер; білімге және ғаламдық экономикаға негізделген қоғамның қалыптасуы. Ақпараттық технологиялар әлемді күрт өзгертіп, біздің өзіміз және қоғам, мәдениет жайлы көзқарастарымызға үлкен ықпал етті. Ақпараттық төңкеріс кеңістікке (қашықтықтың қысқаруы), уақытқа (уақыт тығыздығы), мемлекет рөліне (кеміп бара жатқан), саясатқа, ғаламдық экономикаға, мәдениетке, адамзат бірегейлігіне аса маңызды жаһандастырушы ықпал етті. Ақпараттық дәуір мәні, әсіресе оның ғаламдық өзара байланысқа және қоғамға әсері әлі толық анықталмаған.

Содержание

Ақпараттық төңкеріс......................................................................................3
Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде.........................5
Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi (МБАЖ)...............................6
Ақпараттық-техникалық қызмет (АТҚ)......................................................15
Қорытынды..................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................23

Вложенные файлы: 1 файл

referat.docx

— 179.58 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті

Теориялық информатика кафедрасы

 

 

 

 

                              

РЕФЕРАТ

          Тақырыбы:

Ақпараттық техналогиялардың экономикадағы рөлі

                                                                                Орындаған: Инф-31қ тобының                                   студенттері Құралова Қ.Н.     және   Сейдыханова М.А.

                                                                                Тексерген: Сагадиева А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Мазмұны

  1. Ақпараттық төңкеріс......................................................................................3
  2. Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде.........................5
  3. Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi (МБАЖ)...............................6
  4. Ақпараттық-техникалық қызмет (АТҚ)......................................................15

Қорытынды..................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ақпараттық төңкеріс 

Ақпараттық төңкеріс  - ақпараттық технологиялар әкелген түбегейлі өзгерістер; білімге және ғаламдық экономикаға негізделген қоғамның қалыптасуы. Ақпараттық технологиялар әлемді күрт өзгертіп, біздің өзіміз және қоғам, мәдениет жайлы көзқарастарымызға үлкен ықпал етті. Ақпараттық төңкеріс кеңістікке (қашықтықтың қысқаруы), уақытқа (уақыт тығыздығы), мемлекет рөліне (кеміп бара жатқан), саясатқа, ғаламдық экономикаға, мәдениетке, адамзат бірегейлігіне аса маңызды жаһандастырушы ықпал етті. Ақпараттық дәуір мәні, әсіресе оның ғаламдық өзара байланысқа және қоғамға әсері әлі толық анықталмаған. Көптеген трансұлттық корпорациялар үшін ақпараттық төңкерістің мәні технологиялардың өзінде емес, банктердің, университеттердің, үкімет қызметтерінің және коммерциялық мекемелердің түбегейлі өзгеруінде. Көпшілік мемлекеттердің саясатына сәйкес интернет экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік даму мен көркею мүмкіндігі болып, ал нарық экономикалық "ұтқандар" мен "ұтылғандардың" соңғы төрешісі болып табылады. Әртүрлі әдетте бірін-бірі толықтыратын саладағы ғалымдар үшін ақпараттық дәуір білімді тауарға айналдырып, сөйтіп, ақпаратты қоғамды дамытуда қолданатын ресурс қалпынан айырады. Шын мәнінде университеттердің өздері сандық капитализмнің өзара байланысты мекемелеріне айналды. Демократиялық қоғам күннен-күнге кеңейіп бара жатқан ақпараттың коммерциялануы нәтижесінде біршама ұтылды, өйткені демократия көптің қолы жететін ақпаратпен еркін алмасуға және азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени шешімдер қабылдауға қатысуына негізделген. 1996 ж.Мануэль Кастельс ақпараттық төңкеріс 1980-ші жылдардан бастап капиталистік жүйенің ыдырауының аса маңызды факторы болды деп сендіреді. Кастельс өндірістің әдістерін (капитализм, этатизм) және дамудың әдістерін (индус¬триализм, ақпараттық) бөліп қарастырады. "Ақпараттық" - дамудың жаңа әдісі, XX ғасырдың аяғында капиталистік даму әдісін ыдырату нәтижесін¬де пайда болған. Ақпараттық төңкеріс саясат пен демократияны түбегейлі өзгертеді. 1990- шы жылдары азаматтық қоғамның басым бөлігінің әлеуметтік мемлекетке, әлеуметтік қорғауға қарсы шыққанын, сөйтіп, оның қоғамды жіктеу процесіне және мемлекеттің әлсіреуіне алып келгенін көрдік. Бүгінгі күні қазіргі қоғамды атомдандыру мен үзінділендіру тарихи естелік пен адамзат ынтымақтастығын әлсіретті. Жаһандану мен жекеменшіктің іріленуі және технологиялардың икемділігі мен бәрін қамтитын маңызы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрлілігі мен автономдығы - осының бәрі егеменді мемлекетке қауіп төндіреді. Аса маңызды экономикалық, экологиялық және саяси мәселелерді шешу барысында егемендіктің бөгетінің бұзылганын көреміз. Егеменді мемлекет оның өкілеттігін тұрақтылыққа алмастырып, шектейтін көптеген әртүрлі саяси институттардың қоршауында қалды. Біз негізгі саяси кеңістік болып бірден-бір электронды бұқаралық ақпарат құралдары ғана қалған ақпараттық саясат әлеміне бет бұрдық. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбай билікке жету де, оны ұстап түру да мүмкін емес. Соңғы онжылдықтың аса күрделі саяси және этикалық мәселелерінің бірі ғаламдық ақпараттық технологиялардың өнеркәсіппен, жұмыспен қамтылудың өсуі әсерімен байланысты. Екінші мәселе - құпиялылық пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты. Үшінші мәселе - стратегиялық ақпараттық инфрақұрылымдар мен ақпараттық соғысқа қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде

Қазақстан үшiн экономиканы тиiмдi басқару сұрағы бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Қазақстанның қазiргi жағдайына ұқсас экономиканы басқарудың оң нәтижесiне жеткен елдердiң тәжiрибесi мен басқару әдiстерiн, әртүрлi жүйе тиiмдiлiгiн талдай отырып, Қазақстан үшiн жарамды, негiзгi экономиканы басқару тетiгiн белгiлеуге болады: бұл мемлекет мүмкiндiгi арқылы басқару және нарықты мемлекеттiк реттеу арқылы жүзеге асырылады. Бiрiншi бағыты мемлекеттiк секторды тiрек ете отырып, холдинг пен банк белгiлерiнiң бiрлесiмдiлiгi бар ұйымды қалыптастыру, соның нәтижесiнде оның бөлшектерiн жекешелендiру арқылы, мемлекетке максималды пайда келтiру.

Экономикаға мемлекеттiк әсер етудiң екiншi бағытының негiзi-нарықты мемлекеттiк басқаруды реттеу. Бұл мемлекет қызығушылығындағы нарықтың тактикалық өзгерiсiн жүзеге асыру үшiн де, сондай-ақ стратегиялық мемлекеттiк мақсатқа жету үшiн де керектi бағыт.

Европа елдерiнiң тәжiрибесi көрсеткендей, алдыңғы қатарлы салалардың технологиялық даму кезеңiне сүйенген кезде ғана; экономиканы реттеуде мемлекеттiк бөлiм тиiмдi жұмыс iстей алады.

Ресей қоғамның барлық саласында ақпараттанудың ролiн мойындағанына қарамастан ақпараттық қоғамға өтуде ендi дамып келедi. Дамыған елдердiң алға басар жолындағы есептеулерi мен қателiктерiн ескерiп, кейбiр кемшiлiктi пайдаға шешуге болады. Экономикалық дамуды реттейтiн мемлекеттiк басқару органдары мен нақты ақпараттағы нарық субъектiлерiнiң қажеттiлiгiн бiруақытта қанағаттандыратын нарық экономикасына керектi жалпымемлекеттiк ақпараттық жүйенi жобалап, әлемдiк деңгейдегi мамандандырылған қорғаныс сипатындағы ақпараттық институттар мен халық шаруашылығын басқаруда ұйымдастырылған жабық жүйенi құруда үлкен тәжiрибеге ие бола отырып, даму жолында бiрнеше сатыдан секiрiп, басып озып, алдыңғы шекпе шығуға болады. Өз қарамағындағы қуатты ақпараттық жолдингке ие бола отырып, ақпарат нарығындағы ақпарат ағымын бақылай отырып, мемлекет аз уақытта экономиканы қалыпқа келтiру мүмкiндiгiн иеленiп, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қаратыра қосылады.

 

 

 

3. Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi

МБАЖ талдау мәселесi толық зерттелмеген. Сондықтан ақпараттық жүйенi мемлекеттi басқарудың құралы ретiнде қарастыру өзектi болып саналады, бiрақ жеткiлiктi зерттелмеген және өңделмеген.

МБАЖ экономиканы басқару үшiн мемлекеттiк органдарға қажеттi ақпаратты беру, жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесiн құрайды.

МБАЖ нақтылы сызба нұсқасы мен құрылымы 1 суретте көрсетiлген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Экономиканы мемлекеттiк басқарудың ақпараттық жүйесi.

Мемлекеттiк басқарудың жеке бөлшектерiн қарастыру жеке зерттеудiң құралы болып саналады. Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi математикалық және бағдарламалық әдiстер арқылы қамтамасыз етiледi (2 сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. МБАЖ математикалық қамтамасыз етудiң сызба нұсқасы.

Жоғарыда көрсетiлген үлгiлердiң бiрнешеуiн қарастырайық. Ең көп тарағаны - корреляциялық-регрессиялық талдауға негiзделген көп факторлы модель.

Экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттық жүйенiң математикалық қамтамасыз етiлуi, оның - әдiстерi мен модельдерiнен тұрады. Ол үшiн жеке басқару параметрлерiн және экономикалық көрсеткiштердiң динамикалық қатарын құрастыру қажет. Соның арқасында экономикалық әдiстердi қолдану арқылы модельдер құрастырылады. Қазiргi кезде макроэкономикалық (Model.xlc), бюджеттiк (Budget.xlc) және төлем баланстары (BoP.xlc) модельдерi iс жүзiнде қолданылуда. Бүгiнде ақпараттық жүйенiң модельдерi толық iске асырылмаған. Құрылымда берiлген модельдердi жүзеге асыру болашақта ақпараттық тауар мен қызмет құндарын қалыптастыру моделi арқылы ақпараттық қызмет нарығындағы және қамтамасыз етудегi болжамдарды жасауға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, ақпараттық тауардың сиректегi қорды сақату мүмкiндiгiмен сипатталады. Басқа тауарлардағы сияқты үнемдiк оған тән емес, яғни оны қолданған сайын, қоғам да байи түседi. Осыған орай, ақпараттық өнiмнiң тұтыну қасиетi, оның сатылу мөлшерiнiң өсуiне сәйкес төмендемейдi.

Ақпараттық жүйенi жасаудағы тапсырыс берушiнiң рөлiн қайта бағалау қиын. Жүйенi әзiрлеу кезеңiнде, ол тапсырыс берушi болып табылады, ал кейiннен оның пайдаланушысына айналады.

Ақпараттық жүйелерге деген шығындар өсiмi оларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруды қажет етедi. Бұл үшiн өлшеу, басқаша айтқанда, ақпараттық жүйенi пайдалану нәтижелерiн енгiзу және пайдалану шығындарымен салыстыру қажет. Шығындар мен нәтиженi салыстыру олардың ақшалай түрделi көрiнiсiн болжайды.

Көрсетiлген қызмет пен ақпараттық өнiмнiң бағасын қалыптастыру ақпараттық маркетингтiң бағдарламасының негiзгi элементтерiнiң бiрi болып саналады.

Табыс мөлшерiне қойылған баға ғана емес, сонымен қатар басқа да қозғаушы күштер әсер етедi, соның бiрi ақпараттық қызмет пен өнiм сапасы. Дамыған елдердiң маркетингтiк зерттеуiнiң iс-тәжiрибесi көрсеткендей, ақпараттық қызметтер мен өнiмдердi өндiругi фирмалар ақпараттық қызмет пен өнiм құнын белгiлеуде бiршама негiзгi тәсiлдердi қолданады. Өнiмдiк тәсiл ақпаратты қызмет пен өнiм өндiрушiлерге назар аудартады. Басқару тәсiлi алдындағы тәсiлдiң бiрнеше белгiсiн өзiнеқосып, сол не басқа фирмада құнды стратегияны жасауда қолданылады. Ақпараттық өнiм ен қызметке деген құнды қалыптастыру процесiнде әрбiр өндiрушi мынадай бiрнеше сұрақтар қатарын шешедi: берiлген тауар мен қызмет қаншалықты сирек, тұтынушының төлем мүмкiншiлiгi қандай, берiлген өнiм нарығының құрылымы қандай және т.б.

Ақпараттық қызметке деген құнның деңгейiн анықтайтын үш басты әдiс белгiлi: шығынға негiзделген құн, сұранымға негiзделген құн, бәсекелестiкке негiздеген құн.

Құн түзiлудiң сол, не басқа үлн\гiсiн таңдау мынаған байланысты: автоматтандырылған деректер қорын иемденушiсiнiң нарықтық бағытына (тұрақты бағыттағы фирмалар көп дәрежеде сұраным есебiне, шығынға бағытталған); баға, сұраныс, шығын туралы ақпараттардың сенiмдiлiгiне; сұраныс сипатына, оның iшiнде баға тиiмдiлiгiне. Ақпараттық қызметке деген бағаның деңгейi автоматтандырылған деректер орталығының иегерiнiң табысын жоғарылататындай болуы керек. Егер де құн деңгейi өте төмен болса, онда автоматтандырылған деректер қорын басқарушысы пайданың бөлiгiн ала алмай қалуы мүмкiн және керiсiнше, өте жоғары болса, онда да пайда мөлшерi өспеуi мүмкiн, яғни жоғары құн ақпараттық қызметке деген сұранысты шектейдi. Сондықтан, берiлген жағдайда құнның тиiмдi деңгейде болғаны жөн. Мұндай деңгей едәуiр дәрежеде баға бойынша сұраныстың құбылмалы екендiгiн көрсетедi, бағаға байланысты сұраныстың төмендеуiн көрсететiн сұраныс қисығының көмегiмен көрсетiледi. Ол бағаның кейбiр белгiленген деңгейiндегi ақпараттық қызметтi тұтынушылардың қажеттiлiк шамасын көрсетедi. Барлық көрсетiлген сұранысты iс жүзiнде қанағаттандыратын автомататндырылған деректер қорының бiра ақпараттық қызмет ұсынысын өзгешелiгiнiң қаншалықты екенiн көрсетедi. Бұл жағдайдағы құнның тиiмдi деңгейi бәсекелестiктiң жетiлмеген жағдайындағы фирмалардың теңдiгiн талдау үшiн жасалған математикалық әдiстер көмегiмен табылады.

МБАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудiң сызба нұсқасы 6-суретте келтiрiлген.

ДЭЕМ бағдарламамен қамтамасыз ету нарығы бағдарламалау тiлi және жалпыға арналған мәлiметтер негiзiн басқарудың коммерциялық жүйесiнiң қызмет мүмкiндiгiн орналастырады. Қазақстанда ақпарттанудың нарықтық дамуы зерттелмеген деп айтуға болмайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  3. Экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттық жүйенi бағдарламалық қамтамасыз ету сызба нұсқасы.

Бiздiң елiмiзде ақпараттық технологияның қарапайым дамудан күрделi дамуына өтудiң үш кезеңi байқалады:

-компьютер техникасы  нарығының құрылуы;

-телекоммуникация жүйесiнiң дамуы;

-телекоммуникация ортасында ақпараттық өнiм мен қызметi сату дәне өндiру.

Ақпараттық технологиялар ресурстары техникалық және бағдарламалық жабдықтарға, сондай-ақ, қызмет түрлерiне бөлiнедi. Техникалық жабдықтарды қолданудың жүктеме мөлшерiнiң пайызын шығындар факторларына жатқызамыз. Бағдарламалық жабдықтар жүйелiк және қолданбалы болып екiге бөлiнедi. Жүмыс iстеп тұрған жүйелiк ресурстардың пайызы шығын факторына жатады (4-сурет).

Компьютер техникасының нарығы, компьютердi сатудың қарқынды өту кезеңiнен басталды. Телекоммуникациялық желiлер бұдан қолайлы жағдайда дамыды. Бұл жерде жоғарғы технологияның елiктiрушi әсерi болды. Телекоммуникация желiсiнiң дамуында озық, дайын жетiстiктер қолданылды және ұзақ мерзiмде инвестицияға жағдай жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4. Ақпараттық технологиялар моделiнiң ресурстары және

шығын факторлары.

Қазiргi кезде отандық ақпараттық өнiм мен қызметтi сату және өндiру мәселесi тұр.

Ақпараттық өнiм мен қызметтi шетелдiк тауарлар басып қалған. Отандық ақпараттық қызмет пен өнiм құрылымы баяу дамуда; отандық ақпараттық өнiм мен қызметке жоғарғы деңгейлi пошта жасалмаған, соның есесiнен бiз оны шетелдерден жоғары бағаға аламыз.

Өз өндiрiсiмiз арқылы ақпараттық өнiм мен қызмет нарығын дамытатын болсақ, ақпараттық өнiм мен қызмет тауарын шетелден әкелу нарығын қорғап, оның өз елiмiзде құрылуына мүмкiндiк берiледi. Осы мәселе бойынша өткен жылдың мамыр айында елiмiзде тұңғыш рет ақпараттық технологиялар паркi iске қосылып, онда үндi, қытай компьютерлерi шығарыла бастайтын болады. Алматы қаласының төңiрегiнде орналасқан "Алатау" ақпараттық технологиялар паркiнде жұмыс iстейтiн компаниялар салықтан босатылатындықтан олар шығаратын өнiмдердiң бағалары да арзан болады деп көзделуде. Осылайша, бәсекелестiктi дамытып ақпараттық технологиялардың бағасын бiрте-бiрте төмендетiп, сәйкесiнше тауар сапасын көтеру басты алға қойылған мақсаттар болып табылады. Ақпараттық дамыған елдер тәжiрибесi көрсетiп отырғанындай, мұндай тәжiрибелердi қолдану үлкен табыстарға әкеледi.

Қазiргi нарық, қамтамасыз ету құралдары мен технология нарығы және ақпараттық нарықтың өзара байланысуынан тұратын екi бөлiктен құралған (сурет 5).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Ақпараттық технология мен техникалық құрал, ақпараттық қызмет нарығы дамуының сызба нұсқасы.

Жаңа ұйымдастыру-басқару болмысы қазiргi уақыта толық сәйкес келмейдi. Оның iшкi себептерден пайда болғандығын көрсетедi. Экономиканы басқару жүйесiндегi аймақтың өсушi ролiн есепке алғанда, сондай-ақ ақпараттық менеджмент пен макетингке иерархия механизмiн ендiру негiзiне бейiмделудi жоғарылатады. Бұған сәйкес нарықтық дамудағы ақпараттандырудың келесi ұйымдастыру-функционалды сызба нұсқасы көрсетiледi (сурет 6).


 

 

Информация о работе Влиянии экономики на информационных систем