Информация және информатика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 15:46, реферат

Краткое описание

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио
тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз.
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың,
хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және
ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып,
айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Информация.docx

— 35.66 Кб (Скачать файл)

Информация және информатика 
1.1. Информация 
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио 
тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, 
достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз. 
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен 
сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, 
хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. 
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және 
ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген 
информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, 
айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста 
болады. 
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, 
информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі 
қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. 
Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылы- 
ғының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат 
пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын 
үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді. 
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының 
пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын 
ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. 
Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік 
кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа 
жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге 
болады. 
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың 
шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесі- 
нің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теле- 
дидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын 
біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламала- 
рын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді. 
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа 
мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық 
есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп 
аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын 
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы 
мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ 
экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды 
дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, 
сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда 
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана 
бастадық 
"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу 
деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен 
шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, 
қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті 
информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, 
соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. 
Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға 
жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, 
естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті 
информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол 
суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақ- 
тарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді. 
Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, 
газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдер- 
ден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. 
Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, 
анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. 
Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады. 
Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар 
береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып 
жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, 
ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз 
немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап бере 
алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, 
сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен 
музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер 
мен кинофильмдер - бәрі де информацияны жеткізу түрлері 
болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді 
қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады. 
Жалпы түрғыдан алғанда, информация - таңбалар мен 
сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып 
саналады. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған 
қүбылыстар меи нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы 
шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар 
мен мәліметтер алу дегш сөз. 
Сонымен, информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, 
зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде 
берілетін мағлұматтар. 
Информацияның түпкі заттық мазмүны оның негізгі 
қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен 
қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. 
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, 
оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеу- 
шілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп 
соқтыруы мүмкін. 
Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім 
қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. 
Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжы- 
рымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін. 
Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып, 
қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. 
Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары 
өзгерген жағдайда өте керек болады. 
Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен 
жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер 
информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол тусінікті 
болады. 
Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық 
сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б. 
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді 
пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет 
тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері, т.б. 
Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліп-би) болып саналады. 
Алфавит - белгілі бір тілдің кез келгея сөздерін құрай алатын 
символдарының жиыны. 
Алфавит мысалдары:1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q, R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z. 
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К, Қ, Л, 
м, н, ң, о, ө, п, Р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, 
Ы, I, Ь, Э, Ю, Я. 
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1. 
Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оны есептеу 
техникасында кең қолдануға мүмкіндік берді. 0 жәж 1 мәндері 
ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар 
- заряды жоқ", "іске қосылған - қосылмаған" деген сияқты 
және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік 
сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар 
түрінде таңбалана алады, яғни бұл - кез келген тілде жазылған 
мәлімет екілік кодтар түрінде бейнелешді деген сөз. 
Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері жәнз 
цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен 
бейнеленеді: 
Әріп Код Әріп Код Сан Код 
A 10000000 A 01000001 0 00110000 
Ә 11110000 В 01000010 1 00110001 
Б 10000001 С 01000011 2 00110010 
В 10000010 D 01000100 3 00110011 
Г 10000011 Е 01000101 4 00110100 
F 11110001 F 01000110 5 00110101 
"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен 
бейнеленеді: 
AHA - 10000000 10001011 10000000 
Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық 
түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын 
басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде 
жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден 
тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп 
аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) 
деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңба- 
ларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сэнды "байт" (ағыл- 
шынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген. 
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орна- 
ласқан 8 биттен тұрады, мысалы, 
Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 
т.с.с. 
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға 
айналады жәнз екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру 
қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар 
ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріш сәйкес екілік 
кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, 
азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. 
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын 
емес, ол үшін мына жолдарды карастырайық. 
Ондықсан: 010 1Ш 210 310 410 510 610 1010 11]0 
Екіліксан: 02 12 102 112 1002 1012 1102 10102 1011, 
Мүнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал 
төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. 
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір 
разрядын (1 немесе 0 санын) түрған орнына байланысты екінің 
дәрежелеріне - 1, 2, 4, 8, 16, т.с.с. көбейтіп, шыққан сандарды 
қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, 1011 болып жазылатын 
екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі: 
23 22 21 2° - екінің осындай дәрежелері санның 
разрядтарымен көбейтіліп қосылады 
1 0 1 12 = 1*23+0*22+1*2'+1*2°=8 + 0 + 2+ 1 =11]0 
Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін: 
сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, 
одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, 
біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып 
жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік 
санның таңбаларын құрайды. Енді 12 ондық санын екілік санға 
айналдыру мысалын қарастырайық: 
12│ 2 
12│ 6 │ 2 
0 6 │ 3 │ 2 
0 2 | 1 

Нәтижесі - 11002деген екілік сан болып шығады. 
1.2. Информатика 
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, 
сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылық- 
тары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.  
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ- 
дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу 
принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және 
адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен 
тәсілдері туралы түсініктер береді. 
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, 
олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске 
айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау 
және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы 
себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын 
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күнжн күнге 
күрделілшіп барады. 
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен 
беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан 
"информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-де жүмыс іст^дің 
ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. 
1.3. Информация және есептеу машиналары 
Бүл күнде ЭЕМ информацияны өңд^дің ең негізгі құралы 
болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы 
компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес 
компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де 
мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда 
кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, 
жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда 
пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау 
ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану 
миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен 
орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. 
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған 
технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның 
үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын 
жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. 
Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу 
машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс 
технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты 
"болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жүмыстардың 
бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті 
жоспарлау, роботтар жүмысын басқару және ЭЕМ көмегімеи 
жаңа бүйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады. 
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді 
пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және 
өңдеу жүмыстарын оңайлатып, жобалау жәнз ғылыми-зерттеу 
жүмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер 
мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия 
мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне 
үлкш көмек береді. 
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында 
пайдалана білу бұдан бүрынғы аталарымыздың қаламсаппен 
сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең 
керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін 
қалайды. 
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана 
отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация 
іздеу жолдарын меңгеруді айтады. 
ЭЕМ-ді жүмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдшиет иесі 
болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып 
саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің нггізгі мүмкіндіктерін жақсы білу 
қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, 
оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде 
жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мея 
алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік 
меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика 
мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі. 
1.4. Жаца информациялық технологиялар 
Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз 
жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу 
және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық 
технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - 
әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны 
дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады. 
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі 
организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық 
өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру 
процестері. 
Дербес ЭЕМ-дер - жүмыста жөне үйде адамның 
пайдалануына арналған шағын компьютерлер. 
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі 
қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен 
қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа 
машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: 
қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының 
өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға 
тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік 
принтері бар компьютёрлер негізінде істейтін шағын баспа 
жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі. 
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - 
ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, 
әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды 
жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп 
табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер ба засы м ен 
информациялық жүйелер. Жаңа информацияльщ 
технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген 
электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық 
коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. 
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, 
информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, 
информацияны пайдалану, алу және тарату істерін 
ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бүған дейінгі 
қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды 
толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру 
процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық 
технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін 
"технология" үғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық 
дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір 
бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді. 
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен 
автоматтандыру технология үғымын машиналар, 
механизмдер, қүрал-саймандар және т.б. өндіруді 
үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар 
жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды. 
Есептеу машиналарын басқару қүрылғылары ретінде 
пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа 
өндіріс технологиялары оны қайта қүру істері мен оған кететін 
жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай 
қазіргі "технология" үғымына, аз дегеннің өзінде үш компожнт 
- өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен 
оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне 
мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау 
жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ 
олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары 
бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. 
мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы 
тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай 
басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз 
керек. Кез келген жаңа жүмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған 
жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа 
программалар aлy қажет болады. 
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі 
мея ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет 
ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің 
программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін 
анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина 
ешқандай да жұмыс атқара алмайды. 
Кез келген ЭЕМ-мея жұмыс істеу  оның программаларын оқып 
үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе 
дербес ЭЕМ түрлерінде көптегеы программалық жабдықтар бар, 
сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларымен танысудан 
басталады.

 

 Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді. Ақпарат — қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат. [1][2]


Информация о работе Информация және информатика