Сұйықтың беттік керілу коэффицентін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 16:12, лабораторная работа

Краткое описание

Заттың сұйық күйі газ бен қатты дене аралығында сұйықтың молекулалары газ молекулаларына қарағанда бір біріне жақын орналасқан. Тартылу,тебілу күштерінің мәндері де үлкенірек. Сұйық көлемін сақтайды, бірақ формасын сақтамайды. Сұйық молекулаларына тән қасиет: салыстырмалы аз сығылғыштық , ішкі қысым, аққыштық ішкі үйкеліс, тұтқырлық және беттік құбылыстар, беттік керілу және жұққыштық, капиллярлық. Беттік керілу құбылысын қарастырайық: ол үшін сұйықтың бетіндегі А молекулаға және сұйықтың ішіндегі В молекулаға оларды қоршаған молекулалар тарапынан әсер етуші күштерді қарастырайық. Олардың әрқайсысына қоршаған молекулалар тарапынан тарту күштері әсер етеді. В молекуласына ол күштері жан-жағынан бірдей шамамен әсер етеді де, ол күштер бір-бірімен теңгеріледі.