Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:52, реферат
Елбасымыздың «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деген сөзін тіл жанашырлары, егеменді елдің айбынды ұрпақтары басты бағдарламалық тапсырма деп бір кісідей қарап жүр деуімізге болады. Менің тіл тақырыбымдағы осы баяндамамды құр жыламсырап жазуды жөн көрмей, мемлекеттік тілді дамытудың жаңаша мүмкіндіктерін жүйелі түрде көрсетіп, тіл саясатын дамытудағы нақтылы ұсыныстардың болғанын және ол ұсыныстарды орындауға бірінші өзіміз үлгі болғанымыз жөн деп білемін.
Тілді дамытудың өзекті мәселелері
Астана гуманитарлық колледжінің
2 кял тобының студенті Рыхсиев Еркебұлан
Жетекшісі: Ибраева А.Қ.
Елбасымыздың «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деген сөзін тіл жанашырлары, егеменді елдің айбынды ұрпақтары басты бағдарламалық тапсырма деп бір кісідей қарап жүр деуімізге болады. Менің тіл тақырыбымдағы осы баяндамамды құр жыламсырап жазуды жөн көрмей, мемлекеттік тілді дамытудың жаңаша мүмкіндіктерін жүйелі түрде көрсетіп, тіл саясатын дамытудағы нақтылы ұсыныстардың болғанын және ол ұсыныстарды орындауға бірінші өзіміз үлгі болғанымыз жөн деп білемін.
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Әбіш Кекілбаев «Тіл деген – тіл байлағанша айтуға тұратын тақырып», десе дегендей-ақ, қазіргі таңда, жаратушы Алланың Алаш ұрпағына мейірімі түсіп, елімізге тәуелсіздік, басымызға бостандық, жерімізге еркіндік орнағалы да жиырма жыл болғанымен де, әлі де ұлт тілі күрмеуі шешілмеген түйінді мәселе болып басты назарымызда жүр. Осы тәуелсіздік жылдарында ең көп жазылған мақалаларда мемлекеттік тіліміз жайында. Тіл мәселесі жайында қазір біршама игі істер атқарылып жатыр. Ол жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Енді ол жұмысты жалғастыру сіз бен біздің міндетіміз.
Тәуелсіздіктің баянды да, мәнді де келешегіне басты ықпал ететін – тіл. Бұл жолда аянбай еңбек етіп жүрген еліміздің елеулілері көп десек артық етпес, игілігі мол жұмыс жолында Мырзатай Жолдасбеков, Нұрғожа Ораз, Қойшығара Салғараұлы, Фариза Оңғарсынова, Мырзатай Серғалиев, Сабыржан Шүкірұлы, Ахметов Мұхамедия сияқты қазақтың мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткерлеріміз аянбай еңбек етіп жүр. Мемлекеттік тіліміз Қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселесі. Соған орай оны ана тілі және өзге этнос өкілдеріне екінші тіл ретінде оқытып-меңгертудің ғылыми да, әдістемелік те жолдары көрсетіліп, нақтылы кешенді шаралар жүйесі атқарылуда. Қазіргі таңда осыған байланысты республикалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ түрлі салалық деңгейлерде қыруар жұмыстар орындалуда.
Мемлекеттік тілімізді 1989 жылы 22 қыркүйекте еңгізгеніміз бәрімізге аян. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасымызды аз толғандырып жүрген жоқ. Сол себептен де болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»,«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөздерінен кейін жүрегі қазақ деп соққан әрбір азамат қазақ тілін бағалауы қажет.
Қазақ тілінің
қолдану аясын кеңейту үшін, Елбасының
ел халқына арналған жолдауында Қазақ
тілін дамытудың нақты бағыттар
Қазақстанда қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да, бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолдану аясын әлсіретіп жүр. Бірақ та тілдің кемшілігін өзгелерден көрмеуіміз керек, біріншіден әр адам өзінен бастауы керек. Сонда ғана елдің ертеңі аян, тілдің аясы тарылмас еді.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін көптеген маңызды істер атқарылып жүр. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында көрсетілген заңдар, соның ішінде 23,24-баптарының қазіргі таңда толық орындалып жатқаны бәрімізге бесенеден белгілі дүние. Нақтылай айта өтсек, мемлекеттік тілді дамыту және қолдау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. «Тілдерді дамыту басқармасы» т.б. ұйымдар тілдерді дамыту бағытында халық игілігі үшін көптеген істер атқарып келеді.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының тілі болып есептеледі. Тілді шұбарламай, термин мәселесіне де аса көңіл бөлу қажет. Осы термин мәселесі де, қазіргі кезде күрмеуі қиын мәселеге айналып отыр.
«Неге біз осындай өрескел қателіктерге жол бердік?»,-деген сұрақ менің ойыма маза таптырмайды. Иә, бәлкім 70 жыл Ресейдің бұғауында болғаннан болар. Дегенмен, біз тәуелсіздік алғалы 20 жыл болды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-дегендей, қашанға біз жоғарыда отырған адамдардан бастаймыз. Қазақша каналдар, қазақша мультфильм болсын дедік, қазір бізде бар жағдай жасалынған. Қазіргі таңда тек қана бір тілді білу аздық етеді. Басқа тілді білу – әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды. Дегенмен жастар мейлі 10 тілді білсін, «ана тілің – арың бұл, ұятың болып тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз. Сондықтан да қазақ тілін жетік білгейсін дегім келеді, себебі ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
Бұл қателікті шиеленістірмес үшін әрбір қазақ ұлттық тілін мақтан тұтып, оның болашағына сеніммен қарауы қажет. Мемлекеттік тіл мәселесін шешуге, тілді қорғауға, дамытуға ғалым, қоғам қайраткерлері, филология ғылымдарының докторлары ғана емес, біз де тілді қорғауға, дамытуға қарлығаштың қанатымен су сепкендей өзіміздің үлесімізді қосуымыз қажет. Қазақ халқының киелі топырағында Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, ұлтымыздың тірегі болған – туған тілім. Менің мына бар өмірім сен үшін ғана өрілсін – туған тілім. Әрбір қазақстандық «Мемлекеттік тілдің бүгінгі жайы қалай?, Тілдің қолдану аясын кеңейту үшін не істеу керек?» деген секілді көкейкесті сұрақтарға өз жауабын білдіре алуы керек. Ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің беделі асқақтап тұрады!
Тіл тағдыры қазақтың өз қолында!
Пайдаланылған әдебиеттер: