Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 01:14, реферат
Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.
Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан
қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі
күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен
түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы
тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн»
мағынасында, қазіргі парсы тілінде де
сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн;
мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды»
(күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан
бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
«Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес
21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып
қабылданды.
Қазақстанда Наурыз
мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында
аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы,
Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының
арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың
басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда
21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және
Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде
Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда,
Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні
аталып өтіледі.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Халық наурыз мерекесіне
алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша
үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне
дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен
толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі.
Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан
көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып,
ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең,
көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал
ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек.
Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген
ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық
тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже
болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан
жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу
керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!"
деген сенім бар. Дастарқан басында жастар
үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің
өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты
тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!"
- деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз
айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың,
суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.
Мереке қызған кезде
жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар
ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз
қуу", "Жамбы ату" ойындары аса
бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз
күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын.
Қышты адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған.
Қыш өнері- грек тілінде keramіke деп аталған. Ежелгі замандарда,
атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде
(б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар
өткен сайын технологиясы күрделене түскен.
Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін
арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған.
Керамика жасауды әр халық өз бетімен
ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері
де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі,
әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың,
тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды
бағалы тарихи ескерткіштер қатарына
жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым
ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын
ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы
беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың
қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық)
жазу да жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта
Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде сыртына шыны тектес қабат
күйдіріліп бекітілген (глазурьленген)
керамикалық заттар кездесе бастайды.
К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай,
одан кітап беттерін (Ежелгі
Шумер, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен
хайуандардың, т.б. мүсіндерін (Ежелгі
Мысырда, Грекияда, Қытайда, Ор