Дми́трий Ива́нович Менделе́ев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 18:37, реферат

Краткое описание

Дми́трий Ива́нович Менделе́ев (27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Сән-Питербор) — орыс ғалымы және қоғам қайраткері. Химик, физикохимик, физик, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, энциклопедист. Ең атақты жаңалығы химиялық элементтерінің периодтық кестесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Менделеев Дмитрий Иванович.docx

— 144.41 Кб (Скачать файл)

 

 

Менделеев Дмитрий  Иванович

(1834-1907)

Дми́трий Ива́нович Менделе́ев (27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Сән-Питербор) — орыс ғалымы және қоғам қайраткері. Химик, физикохимик, физик, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, энциклопедист. Ең атақты жаңалығы химиялық элементтерінің периодтық кестесі.      

Мәселен, календарь, сағат  немесе көбейту таблицасы тәрізді  адам қажет етпей тұра алмайтын бір  заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы»  химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.     

Дмитрий Иванович Тобольск қаласында  дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.       

Ол «Химия негіздері» деп  аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен  толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.       

Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық  салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде  қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған  және осы жаңалық ашылғанға дейін  химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген  периодты системаға негіз болды.        

Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше  элементтердің бар екенін болжады  және олардың аса маңызды қасиеттерін  сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.        

Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.       

Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп  көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде  ғана емес, одан көптеген аса маңызды  заттар алудың көзі ретінде де құнды  дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты.       

Ол Арктиканы игеру  ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш  кеменің жобасын жасады. Бірақ  бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі  қолдау таппай қалды.       

Ол көп жылдар бойы өлшем  мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.       

Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде  ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың  жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние  жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды.        

Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі  саған біткен талант па, әлде бақыт  па, осыны түсіндірші бізге?»- деп  сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген  толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында. 

Менделеевтің дүние салуы  – бүкіл ел қабырғасын қайыстырған  ауыр қаза болды. Мыңдаған адам оны  ақырғы сапарға аза тұтып шығарып  салды. Менделеев Петербургтегі  Волково зиратына жерленді. Азалы  шеруге қатысушылар өздерімен  бірге элементтердің периодты системасының үлкен кестесін алып жүрді. Ол Менделеевтің өзінен кейінгі ғалымдар ұрпағына қалдырған өсиеті сияқты еді.

Қазақстандық  химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп. Солардың ішінен Е. Н. Өзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов, т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде жоғары оқу орындарына арналған тұңғыш оқулықтар, оқу құралдары және орысша-қазақша сөздіктер жазған химик-ғалымдар: К. Аханбаев, Б. А. Бірімжанов, И. Нұғыманов, Ш. Ш. Шаяхметов, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Ө. Шоқыбаев, X. Д. Молдағалиев, С. Т. Омаров, т. Б

Михаил Ильич  Усанович


Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы болған, дүние жүзіне белгілі ғалым. 1938 жылы М. И. Усановичтің ұсынысы қабылданып, «Қышқылдар мен негіздердің теориясы» ғылымға енді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары ерітінділер теориясына арналды.

Батырбек Ахметүлы Бірімжанов


Батырбек Ахметұлы Бірімжанов - тұз түзілу теориясының авторы. Б. А. Бірімжанов - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы болған, табиғи тұздар мен тыңайтқыштардың физикалық химиясы және технологиясын зерттеген ғалым. «Жалпы химия» окулығының авторы.

Михаил Тихонович  Козловский


Михаил Тихонович Козловский - аналитикалық химия саласында еңбек еткен әйгілі ғалым, ол аса таза металдар алуда үлкен үлес қоскан химия ғылымдарының докторы, «Амальгама химиясы мен амальгамды металлургия» бойынша ғылыми жаңа бағытта зерттеулер жасап, оның негізін қалады.

Әбікен Бектұрұлы  Бектұров


Қазақстанда химия ғылымының негізін салушы, Республика Ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі,профессор, минералды тыңайткыштар ендіру жөніндегі әйгілі ғалым Әбікен Бектұрұлы Бектұров болды.

Дмитрий Владимирович Сокольский


Қазақстандағы катализ мектебінің негізін салушы әйгілі химик, Қазақстан  Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Дмитрий  Владимирович Сокольский. Ол катализдік гидрлеу теориясын, өршіткілерді, тотығу процесін зерттеудің электрлік-химиялық әдісін ұсынды: іштен жанатын қозғалтқыштардан шығатын газдардың толық жануына қажетті өршіткілер тапты. Д. В. Сокольскийдің шәкірттері - қазақ қыздары Г. Д. Закүнбаева жәнө Ш. Б. Батталовалар да химия ғылымының докторлары, әйгілі химиктер.

Гауһар Дәуленқызы


Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.

Ал Шарбан Батталқызы Батталова  Қазақстан Ғылым академиясының  академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге  қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға  мүмкіндік туғызды.

Ольга Альфредқызы  Сонгина


Ольга Альфредқызы Сонгинаның еңбектері негізінен Қазақстанның түсті және сирек кездесетін элементтерін тазартып жіктеуде электрохимиялық әдістерді қолдануға арналған. Ұзак жылдар бойы ҚазМҰУ-да (1950-1989) шәкірттерге сабак берумен айналысты.

Көрнекті химиктердің  бір тобы: Е. Н. Өзірбаев, Н. К. Надиров, Б. А. Жүбанов, С. Р. Рафиков, A. Ш. Шөріпқанов, Т. К. Шомбалов, Е. Е. Ерғожин көмірсутектерді  зерттеді.

Ерден Нығыметұлы Әзірбаев


Ерден Нығыметұлы Әзірбаев - Қазақстан Ғылым академиясының  корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, органикалық химия саласында - ацетилен және көміртек оксидінің химиясы,азот, фосфор, күкірт, селен, қалайы және қорғасын қатысатын органикалық қосылыстар синтездеу саласында еңбек еткен ғалым. Ол 500-ге жуықжаңа қосылыстар синтездеген болатын.

Сағид Рауфұлы  Рафиков


Сағид Рауфұлы Рафиков - Қазақстанда  жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаған академик, химия ғылымдарының докторы, Б. А. Жұбановпен бірге қызмет атқаратын башқұрт ғалымы.

Болат Ахметұлы Жұбанов


 

 Болат Ахметұлы Жұбанов - Қазақстан  Ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы тұңғыш үлкен молекулалы химия кафедрасын ұйымдастырушы, сол салада жаңа полимерлер синтездеген дүние жүзіне әйгілі ғалым. Оның алған жаңа заттары медицинада дәрі-дәрмек ретінде өр түрлі ауруларды (туберкулез, жүрек ауруы, ісік, т. б.) емдеуге қолданылуда.

Ахметжан Шәріпқанұлы  Шәріпқанов


Ахметжан Шәріпқанұлы  Шәріпқанов биологиялық белсенді заттар синтездеді, оның «Рихлокаин» деген препараты медицинада дәрі ретінде өндірістік жолға койылған.

Тайыр Көшекұлы Шомбалов


Ал ҚР еңбегі сіңген ғылым  кайраткері, химия ғылымдарының докторы  Тайыр Көшекұлы Шомбалов зерттеулерінің нөтижесінде көптеген өсімдіктердің химиялық кұрамы анықталып, олардан медицина мен халық шаруашылығына аса қажетті заттарды алудың әдістері іс жүзінде пайдалануға ұсынылды. Осыған орай соңғы кезде жастар да өсімдік құрылысының химиясын зерттеумен шұғылданып, олардың дәрілік қасиеттерін анықтауға ден қоюда.

Надир Каримұлы Надиров


 

 Ал Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдеу, мұнайды крекингілеу мәселесінде Надир Каримұлы Надировтың сіңірген еңбегі зор. Н. К. Надиров - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері. Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай әнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу Н. К. Надиров еңбектерінің негізгі бағыты болып саналады.

Фитохимия институтының ғалымдары (А. Әдекенов, т. б.) қазіргі кезде табиғи өсімдіктерден дәрі жасау, олардың экологиялық тиімділігі мен сіңімділігінің жоғары екенін ескеріп, көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 20 түрлі фитопрепараттар дайындалды, оның ішінде ісікке карсы - «Арглабин», жараға - «Биалм», «Алхидин», «Глидеринин», кабынуға - «Аллапинин», т. б. ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы - пестицидтер шығарып, өнімін фармакология, медицина, ауыл шаруашылықтарына ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет  тізімі

 

  1. Интернет желісі:

kk.wikipedia.org› wiki/Қазақстандық_химик_ғалымдар

drk.kz›load/khimija/mendeleev_dmitrij_ivanovich_…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Көлік колледжі

 

 

 

Тақырыбы: Әйгілі химиктер

 

 

 

Дайындаған: Асхатов  Төлеген

12 ТР-к

                                                 Тексерген:

 

 

Семей 2013-2014 оқу  жылы

 

 

 

 

 

Жоспар:

1. Дми́трий Ива́нович Менделе́ев.

2. Қазақстандық химик ғалымдар 


Информация о работе Дми́трий Ива́нович Менделе́ев