Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 21:00, творческая работа
Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның қандай шығармаларын төменгі сыныатарда өткендігін еске ала отырып, қосымща сол алған білгендеріне ақынды тағы да жаңа қырынан таныта білу, өлеңнің мағынасын, негізгі мақсатын тарихын аша отырып түсіндіру.
Тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі:
Сабақтың дамытушылығы: Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, елге,
Сабақтың тәрбиелігі: Патриоттыққа, батылдыққа, өткірлікке,
Сабақтың
түрі:
Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту,, мағынаны тану, ой
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, кітап көрмесі, бейнежазба,
Пәнаралық байланыс: Тарих, саз пәні, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа сабақ
«Қызығушылықты ояту»
2. Мағынаны тану
3. Ой қозғау
4. Шығармашылық жұмыс
5. «Бір айналым сөз»
6. «Әлемді шарлау»
7. Үйге тапсырма
8. Қорытындылау
9. Бағалау
10. Рефлексия
1. Психологиялық дайындық
Аспанда күн шығып, барлық
Жаңбыр тиылды, күн шықты. Ағаштар
сілкініп жоғары қарай
Жаңа сабақ. Жалынды ақын – Махамбет
«Қызығушылықты ояту»
Мына суретке назар аударайық.
-Махамбет Өтемісұлы кім?
(Оқушылар жауабы)
Махамбет ақын, батыр, жыршы,күйші-сазгер, қолбасшы.
Ол жәй ақын емес, патриот ақын, шаруалар көтерілісінің айнасы.
-Ал, сендер 3-сыныпта қандай шығармасымен таныс болдыңдар?
Біз 3-сыныпта ақынның «Махамбет пен Жақия» және «Халық кегінің күй-шісі» әңгімесімен таныстық. «Махамбет пен Жақия» әңгімесінде Махамбет Исатайдың баласы үшін жанын қиюға дайын екенін көрсетсе, «Халық кегі-нің күйшісі» әңгімесінде «Құрманғазы мен Махамбеттің кездесуі» туралы әңгімеленеді.
Қазақтың белгілі лирик ақын қызы, қазақ поэзиясының ақ шағаласы
А. Бақтыгереева « Өлең деген – құдірет қой шынында » деген жинағында жас қауымға:
О, жас ұрпақ !
Төрлеріңе ілгейсің
Патшаны емес
Махамбет пен Абайды – деген екен.
Махамбет туралы бейнетаспадан көрсетіліп, түсіндіріледі.
Оқушыларды топқа бөлу. Топтың аты қорғалады.
« Дулыға » « Семсер » « Тұлпар »
Топпен жұмыс. ( Хронологиялық кесте)
Үш топқа Махамбет туралы мәтін бөліктерге бөлініп таратылады. Әр топ мәтінді оқып, түсінгенін келесі топтарға түсіндіреді.
Халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері , Қ Р Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың: «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз» деген сөзі Махамбетке арналған болатын.
«Ой қозғау»
ІІІ. Топпен жұмыс
1-топ: «Дулыға» тобы
↑
↓
2. Махамбеттің өлеңін жатқа айтып бер.
2-топ: «Семсер» тобы
1. Махамбеттің күйлері туралы не білесің?
2. Махамбеттің қанша күйі бар, қандай атпен жарыққа шықты?
3-топ: «Тұлпар» тобы
1. Махамбетке арнау. Өлең шығару.
2. «Еркін жазу»
Сергіту сәті
Бейнетаспадан «Жұмыр, Қылыш» күйін тыңдау. Күйдің тарихы түсіндіріледі.
Шығармашылық жұмыс
Махамбет аталарың сияқты ақын болғыларың келе ме?
Махамбет өлеңдері үзінділерін толықтыру.
1-топ: «Дулыға» тобы
Мұнар да мұнар, ______ ______ ,
_______ шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға ______ ______ ,
_______ _______ шөккен күн.
2-топ: «Семсер» тобы
Мен, ______ ______ , мен едім,
_______ Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ______ ______ ,
_______ барында,
Екі тарлан ______ ______
Қай _______ кем едім?
Бір қазақпен ______ ______ .
3-топ: «Тұлпар» тобы
Ереуіл ______ ______ салмай,
_______ найза қолға алмай.
_______ _______ шалмай,
Қоңыр салқын ______ _____
Тебінгі терге _______,
Терлігі ______ ерімей...
Ерлердің ісі _____ _____ ?
«Бір айналым сөз»
Топтың әрбір мүшесі тақырыпқа байланысты бір-бір сөзден айтып шығады. Соңынан сөйлем құрайды.
«Әлемді шарлау» Тың деректер.
Оқушылар өздері ізденіп, дайындап әкелген тың деректерді айтып береді.
1-оқушы:
Ақын ретінде тұңғыш танытқан Жәңгірдің немересі Шәңгерей Бөкеев. Шәңгерейдің көмегімен Ғұмар Қараш 1908 – 1910 ж. Ақынның «Ереуіл атқа ер салмай», «Беріш Мұхаммед батырдың Сұлтанға айтқаны» өлеңін алғаш рет «Шатыр» жинағына жариялайды.
2. Халық мұрасының жанашыры Мұстафа Исмағұлов Махамбеттің домбыра-сын 1979 жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына та-быс етті.
3-оқушы:
Ақын шебер күйші, домбырашы болған. 11 күйі 1982 ж. «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрген.
Ақынның «Қайран Нарын», «Арысын аңсау», «Жұмыр қылыш», «Өкініш», «Нарын» күйлері күйші қауымға танымал.
4-оқушы:
2003 ж. М.Ө. 200 жылдық мерейтойы Юнеско шеңберінде кең түрде аталып өтті. Төрт томдық жинақ жарыққа шықты. Интернетте «Махамбет сайты» ашылды.
5-оқушы:
Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысы Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар.
Ақын қайтыс болған Атырау облысы, Индер аулынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды.
Үйге тапсырма. Менің қиялымдағы 2050
« Біз кімбіз, қпйда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді ? »
деген сұраққа жауап жазамыз.
«Мен боламын асылдың бір сынығы»
Махамбет өлеңдерінен пйтыс ұйымдастыру
Қорытындылау.
Әрі ақын, әрі батыр Махамбет!
Ұрпаққа ұран есімің бұл бүгінде,
Сендей ер жоқ мынау жердің жүзінде
Ерлігіңді қайталаған Қайраттай
Жас ұрпағың көбейеді түбінде.
Бағалау. Мадақтау.
Сабаққа Өте жақсы қатысқан топқа « Жарайсыңдар »
Жақсы қатысқан топқа « Құттықтаймыз »
Орташа деңгейдегі топқа « Әлі де талаптан »
Рефлексия
Сабақ ұнады ма? |
Көңіл күйің қандай? |
Ұсыныс |
Сабақтың қай бөлігі саған ерекше ұнады?
|
Сабақ барысында көңілім құлазыды, аяушылық сезімдер болды. Қай жерінде?
Көңіл күйім жақсы, өзімді жақсы сезіндім. Қай жерінде? |
Бейнетаспадан Махамбеттің « Мен, мен , мен едім » өлеңін тыңдау.
Сабақ аяқталды.
Махамбет аудандық білім бөлімі
Таңдай орта мектебі
Әдебиеттік оқу
( Таңдау пәніне арналған )
Сабақтың тақырыбы:
Жалынды ақын - Махамбет
Өткізген мұғалім: Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы
Сыныбы: 3 сынып
2013 жыл