Квинт Гораций Флакк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 20:19, реферат

Краткое описание

Квинт Гораций Флакк - Августа дәуірінің көрнекті ақыны, Виргилийдің кіші замандасы болды. Гораций — Римдік эстетика мен Римдік классиканың көшбасшысы.
Гораций б.з.д. 5-ші жылдың 8 желтоқсаныңда Италияның оңтүстігінде, Венузияда дүниеге келген. Әкесі жай адам болып, кішкентай ғана қонысқа ие болған. Өз ұлына жақсы білім берген.Горацийдің әкесі оның көзқкрасының толық дамуына үлкен әсер еткен.Ал анасы туралы Гораций көп айтпайды,бірақ тәрбиешісі Пуллияны көбірек еске алады.Гораций бала кезінде әкесі провинциядағы тыныш тіршілікке қанағаттанбай,баласының болашақ өмірін ойлап ,римге көшіп кетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Квинт Гораций Флакк.docx

— 66.97 Кб (Скачать файл)

Квинт Гораций Флакк - Августа дәуірінің көрнекті ақыны, Виргилийдің кіші замандасы болды. Гораций — Римдік эстетика мен Римдік классиканың көшбасшысы.

Гораций б.з.д.  5-ші жылдың  8 желтоқсаныңда  Италияның оңтүстігінде, Венузияда дүниеге келген. Әкесі жай адам болып, кішкентай ғана қонысқа ие болған. Өз ұлына жақсы білім берген.Горацийдің әкесі оның көзқкрасының толық дамуына үлкен әсер еткен.Ал анасы туралы Гораций көп айтпайды,бірақ тәрбиешісі Пуллияны көбірек еске алады.Гораций бала кезінде әкесі провинциядағы тыныш тіршілікке қанағаттанбай,баласының болашақ өмірін ойлап ,римге көшіп кетеді.Алдымен, Гораций Римдегі Орбилия мектебінде алғашқы оқуын бастап, сол жерде ол Ливия Адроник пен Гомердің «Латындық Одессейін» оқиды, ал кейін Афиныдағы Платон академиясында грек  әдебиеті мен философиясымен айналысады. Гораций б.з.б. 8-ші жылдың  27 қарашасында ол  57 жасқа толған кезінде кездейсоқ ауру салдарынан қайтыс болған.

Горацийдің ақындығы

Гораций драма теориясына да ерекше көңіл бөлді. Оны әсіресе классикалық трагедия жанры қызықтырды. Ал поэзия, ақын ойынша, жеңіл-желпі өнер емес, поэзия – зерттеуді талап ететін, өзіндік заңдылықтары бар ұлы өнер. Ал б.з.б. 30 жылы сегіз сатирадан тұратын екінші кітабымен қатар «Эпод» атты кітабы дүниеге келді. «Эпод» кітабы 17 эподтан тұратын немесе ямбтық өлең жолдарынан тұрды. Кітапқа «эпод» деген атау оған енген өлеңдердің екі тармақтан түзілуіне байланысты берілді, екінші тармақ бірінші тармақтан қысқа болды. Горацийдің өзі мұны «ямбтар» деп атаған.

Негізінен грек поэзиясы метрикалық өлең жүйесіне жатады. Гораций өз поэзиясына үлгі еткен ямб өлшемін оның алдында б.з.б. VІІ ғасырда өмір сүрген грек ақыны Архилох кеңінен пайдаланған болатын. Гораций сол Архилох лирикасына еліктеп, римдік тақырыптарға эподтар жазды, жаңа теориялар мен кейбір әдеби жанрларды сынап, сықаққа айналдырды. Жалпы, Гораций эподтарының мазмұнынан оның жоғары мәдениеті мен асқан білімділігі байқалады.

Б.з.б. 33-31 жылдары Гораций кішігірім шаруа қожалығына ие болды. Жаңа ауыл өмірі оның екінші эподты жазуына шабыт береді. Екінші эподында ақын өзінің аңғалдығымен, жанға жайлы тыныштығымен, еркін аңшылық өмірімен қала адамдарының қызығушылығын тудыратын ауыл тіршілігінің артықшылықтарын бейнелейді. Ақын ауыл өміріне деген жалаң қызығушылықты күлкіге айналдырып, оны көре, сезіне білу қажеттігін ескертеді.

Ақын сонымен бірге, ел тыныштығын лайлатқан азаматтық соғыстарға қарсы болды. Ол Вергилий секілді «алтын ғасырдың» болатындығына сенбейді. Керісінше, барлық римдіктерді алыс, тыныш аралдарға қашып кетуге шақырады. Ақын ойынша, тек сонда ғана азат, бейбіт өмір бар. Кейбір эподтарында ақын рим өмірінің шынайы сипатын береді. Мысалы, төртінші эподында әскери трибунаны, оныншы эподында дарынсыз бірақ танымал ақын Мевийді күлкі етеді. Горацийдің эподындағы персонаждар қатары «кішкентай адамдармен» шектеледі. Сондықтан оның эподтары таза, шынайы дүниелер болды. Ол эподтар жазу барысында әр кезеңдердегі әдеби мұраларды еркін, шеберлікпен қолдана білді. Кейінгі жазған эподтарында Гораций Архилох лирикасынан да ары тереңдеп, күрделі мәселелерді қозғай білді.

Гораций негізінде б.з.б. 30-жылдардан бастап лирикалық өлеңдер жаза бастаған. Оның алғашқы үш кітабы б.з.б. 23 жылдың екінші жартысында «Өлеңдер» деген атаумен жеке кітап болып жарыққа шықты. Бірақ, сол дәуірдің өзінде оны «ода» деп атай бастаған.Гораций одалары эподтар мен сатираларынан жоғары стилімен ерекшеленеді. «Римдік одалар» атты еңбегінде Гораций Октавиан Августтың идеологиялық бағдарламасына өз көзқарасын білдіреді. «Римдік одалар» шығармасы жалпы мазмұны жағынан әкелер күнәлары, олардың азамат соғысы кезінде жіберген қателіктері жөнінде болды. Ал әйгілі 30 одасында Гораций өзіне ақын ретінде мәңгі өшпес ғұмыр тілейді. Ақынның бұл одасына кейінгі дәуірлерде еліктеген ақындар аз болған жоқ. Олардың қатарында еуропалық ақындармен қатар, атақты Пушкин мен Державинді де атауға болады.

Шынайы классик ретінде ақын өзінің лирикалық образын ежелгі грек лирикасынан іздейді. Образ жасауда Анакреонт, Сапфа, Алкий секілді ақындарды өзіне үлгі тұтады. Бірақ ешқайсысының туындысын аударып пайдаланбай немесе бұрмаламай, өзі жазуға тырысқан. Гораций одаларының тақырыптары алуан түрлі. Атап айтқанда, махаббат, достық жайлы өлеңдер, құдайларға арналған гимндер және саяси мәселелерге ақын ерекше көңіл бөлген.

Гораций кейде құдайларды мадақтап, оларға арнап гимндер жазумен де айналысқан. Көбіне тірі, жанды заттарға және адамзатқа арнап өлеңдер жазған талантты ақын жансыз заттарға аса үлкен мән бермеген. Көптеген өлеңдерінде Гораций сезімге жол береді. Өзгелердің көңілін аудару мақсатында ақын қаратпа сөздерді жиі қолданады.

Гораций өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – ақын өз шығармалары арқылы бұқара халыққа ақыл-кеңес беріп отырған. Ол өз туындыларына махаббат пен шарап жайындағы тақырыптарды арқау етті. Оның махаббат жайлы өлеңдерінде махаббаттың қайғы-қасіреті жеңіл ирониямен сыналады.

Б.з.б. 39-38 жылдары Гораций алғашқы шығармаларын жазады. Бұл шығармалар әуелгіде латын тілінде жарық көріп, уақыт өте «Сатира» деген атпен жеке кітап болып шығады. Гораций сатираларында басқа ақын-жазушылармен салыстырғанда ешқандай кемсіту, сынап-мінеу болмады. Саясатты да Гораций өз сатираларына арқау етпейді. Оның бұл әдіс-тәсілдері Октавиан Августтың көңілінен шықты, сондықтан ол ақынды үнемі қолдап отырды. Гораций сатира саласында көп еңбектенді. Б.з.б. 30-жылдары оның 2 сатиралық жинағы жарыққа шығады. Біріншісі, шамамен б.з.б. 35-34 жылдары, ал екіншісі шамамен б.з.б. 30 жылы. Ақын өз сатираларын әңгімелесу (sermons) деп атаған. Гораций сатиралары диатриба (философиялық әңгімелесу) жанрына ұқсайды. Гораций диатрибалары автор мен белгілі бір адам арасындағы қарым-қатынас кезінде көрінеді.Ақын өз сатираларында жеке адамның бақыты мәселесіне де тоқталады. Ол арқылы оқырмандарына өмір даналығын түсіндірмекші болды. Бірінші кітаптың алғашқы сатирасында ақын байлық жинау үшін өзінің барлық қалауын шектеген сараң адамдарды сынға алады. Алтыншы сатирасында өзі үшін ең аяулы әрі жағымды идеал – әкесін, оның қарапайымдылығын әңгімелейді. Бесінші сатирасында Луцилий сияқты Меценат, Вергилий, Вариймен бірге Римнен Брундизиумға дейін жасаған саяхатын сипаттайды.

Азаматтық соғыстардың аяқталуы мен жаңа, бақытты кезеңнің басталуының белгісі – «ғасырдың жаңаруы» мерекесі Римде б.з.б. 17 жылы салтанатты түрде тойланды. Атаулы мерекеге күшті дайындық жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша бұл мерекеге Римнің барлық атақты адамдары қатысуға міндетті болды. Октавиан Август «мұндай мерекені әлем әлі көрген жоқ және көрмейді де» деп жар салды. Бекітілген жоспар бойынша мереке соңы гимнмен бітуі тиіс болатын. Бұл міндет Горацийға жүктеліп, ол өз міндетін абыроймен атқарып шықты. Гимннің басталуында ақын табиғат сұлулығын әсем тілмен суреттеп, одан рим халқының патриоттық сезімін оятуға тырысты. Гимн алғаш Аполлон Палатинскийдің храмында б.з.б. 17 жылдың 3 маусымында айтылды. Гимнді хор түрінде 27 жігіт пен 27 қыз орындап шықты. Сонымен бірге бұл ресми гимнде Гораций император Октавиан Август пен оның реформаларын дәріптеп, мақтап, Августтың атағын асқақтатады. Бұдан басқа да император Августты мадақтайтын өлеңдер жинағын – төрт ода кітабын шығарады. Осы кезден бастап Гораций елге атақты ақын ретінде таныла бастайды. Ол үнемі басқа ақындарды грек ақындарынан үйренуге шақырады. Ақын ойынша, дарындылық еңбекқорлықпен ұштасып отыру керек.

Гораций шығармашылығы рим әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Бірақ, оның атақ-даңқы Вергилий секілді шарықтап кеткен жоқ. Дегенмен оның поэзиясы жаңа заманның лирикасын орнатуда ерекше роль атқарды. Гораций – ой ақыны, белгілі бір образдың, қысқа және өткір сөздің шебері. Осындай қасиеттері ақын бойында жас кезінен-ақ дамып, жетіліп отырды, алайда, кей кезде бар ойын жинақтап, бүтін, тұтас сурет жасау қолынан келе бермейтін. Гораций бүтін сурет жасауға өзінің кейінгі шығармаларында қол жеткізді. Ерте ортағасыр кезеңінде Горацийдің рухани-философиялық тұрғыда жазылған шығармалары мен жолдауының ерекшеліктеріне, лирикасымен салыстырғанда сатира жанрындағы туындыларына көп көңіл бөлінді. Бірақ оған қарамастан, қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген итальяндық ақын Петрарка Горацийді эпикалық қана емес, лирикалық ақын ретінде де үлгі тұтып, бағалаған. Француз классицизмінің теоретигі Н.Буало Горацийді ұлы ұстаз деп танып, Аристотельмен қатар қояды. Антикалық әдебиет тарихын зерттеуші А.Ф.Лосев ақынға «Гораций – Римдік эстетика мен Римдік классиканың көшбасшысы. Филологиялық талғампаз адамдардың идеалы» деп жоғары баға береді.

Гораций негізінен классик ақын болды. Оның шығармалары Рим мектептерінде оқытылып, оқушыларға көп тәлім-тәрбие берді. Заман өте келе Гораций шығармаларымен қоса, автордың өзіне, оның жеке тұлғасына деген қызығушылық та арта түсті. Ақынның орта есеппен алғанда 250-ге тарта туындысы біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі күннің ұлы ескерткішіне айналып отыр. Горацийдің өлең өнерін мадақтаған “Ескерткіш” одасы соған дәлел. Горацийдің ақындық сырын ашқан “Поэзия ғылымы” еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған. Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының, әсіресе XVI – XVIII ғасырлардағы лирика жанрының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Гораций соңғы он жыл өмірін әдебиет мәселелеріне арнаған «Жолдау» кітабына арнайды.Үш жазбадан тұратын кітап б.з.б. 19-шы және  10-шы жылдар аралығында жазылған.Бірінші жолдауы Августке арналған,ол  12-ші жылы шықса,екінші жолдауы  Юлия Флорға арналған,ол 20- шы және 19-шы жылдар аралығында туған,үшінші Пизонға жолдауы 10-шы жылдарда жазылған.

Туындылары

  • Sermonum liber primus, Сатиры I (35 до н. э.)

  • Epodes, Эподы (30 до н. э.)

  • Sermonum liber secundus, Сатиры II (30 до н. э.)

  • Carminum liber primus, Оды I (23 до н. э.)

  • Carminum liber secundus, Оды II (23 до н. э.)

  • Carminum liber tertius, Оды III (23 до н. э.)

  • Epistularum liber primus, Послания I (20 до н. э.)

  • Ars Poetica, Послание Пизонам (18 до н. э.)

  • Carmen Saeculare, Вековой Гимн (17 до н. э.)

  • Epistularum liber secundus, Послания II (14 до н. э.)

  • Carminum liber quartus, Оды IV (13 до н. э.)

Аудармалары

  • «Loeb classical library» жинағында  2 томды шығармалары жарық көрген.

  • «Collection Budé» Жинағында 3 томды шығармалары жарық көрген.

Орыс тіліне аударған шығармалары:

  • Артюшков, Алексей Владимирович
  • Барков, Иван Семёнович
  • Водовозов, Василий Иванович
  • Давыдов, Денис Васильевич
  • Дельвиг, Антон Антонович
  • Державин, Гавриил Романович
  • Дмитриев, Михаил Александрович
  • Загорский, Михаил Павлович
  • Казанский, Борис Васильевич
  • Красинский, Адам Станислав
  • Крестовский, Всеволод Владимирович
  • Крешев, Иван Петрович
  • Лермонтов, Михаил Юрьевич
  • Ломоносов, Михаил Васильевич
  • Майков, Аполлон Николаевич
  • Мерзляков, Алексей Фёдорович
  • Модестов, Василий Иванович
  • Норов, Авраам Сергеевич
  • Ошеров, Сергей Александрович
  • Позняков, Николай Сергеевич
  • Пастернак, Борис Леонидович
  • Пушкин, Александр Сергеевич
  • Срезневский, Иван Евсеевич
  • Тютчев, Фёдор Иванович
  • Фет, Афанасий Афанасьевич
  • Филимонов, Владимир Сергеевич
  • Шаховской, Александр Александрович
  • Шебор, Осип Антонович

Орысшаға аударылған басты шығармалары:

  • Квинта Горация Флакка Десять писем первой книги. / Пер. Харитона Макентина. 2-е изд. — СПб., 1744. — 81, 24 стр.

  • Письмо Горация Флакка о стихотворстве к Пизонам. / Пер. Н. Поповского. — СПб., 1753. — 40 стр.

  • Квинта Горация Флакка Сатиры, или Беседы с примечаниями. / Пер. И. С. Баркова. — СПб., 1763. — 184 стр.

  • Наука поэзии, или Послание к Пизонам Кв. Горация Флакка. / Пер. и прим. М. Дмитриева. — М., 1853. — 90 стр.

  • Оды Квинта Горация Флакка. / Пер. А. Фета. — СПб., 1856. — 130 стр.

  • Сатиры Квинта Горация Флакка. / Пер. М. Дмитриева. — М., 1858. — 191 стр.

  • К. Гораций Флакк. / В пер. А. Фета. — М., 1883. — 485 стр. (почти полный перевод (с незначит. проп.))

  • Избранные стихотворения. / Перевод и комментарии О. А. Шебора. — СПб., 1894. — Вып. 1—2. Первое издание. (Всего 16 изданий.)

  • Квинт Гораций Флакк. Полное собрание сочинений. / Пер. под ред. Ф. А. Петровского, вступ. ст. В. Я. Каплинского. — М.-Л.: Academia. 1936. — 447 стр. — 5300 экз.

    • переизд. под назв. «Собрание сочинений». Вступ. статья В. С. Дурова. — СПб.: Студиа биографика, 1993. — 446 стр.

  • Гораций. Оды. Эподы. Сатиры. Послания. / Вступ. ст. М. Гаспарова. — М., Худож. лит. 1970. — 479 стр. — 40 000 экз. (в частности, издание включает новый перевод Гаспаровым «Науки поэзии»)

  • Квинт Гораций Флакк. Наука поэзии. / Пер. М. М. Позднева. // Книга сочинителя. — СПб.: Амфора. — 2008. С. 113—142.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөздер

  1. Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. Ленинград, 1981

  1. Радциг С.И. История древнегреческой литературы. Москва, 1969

  1. Людинина О.Е. Античная литература. Пропедевтика.

Информация о работе Квинт Гораций Флакк