Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, реферат
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымныңдемократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді
Кіріспе
1.Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
2.Басқару нысаны
3.Саяси режим
Қорытынды
Қолданылғын әдебиеттер
Жоспар :
Кіріспе
1.Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
2.Басқару нысаны
3.Саяси режим
Қорытынды
Қолданылғын әдебиеттер
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын
және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат
қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне,
сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың,
әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және
жеке адамдардың арасындағы қатынастардың
маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып,
қоғамдағы істердің жағдайына белсенді
түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне
ғана тән функциялары, әсер ету нысандары
мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде
сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
үйымда, құрылымдар мен институттарда
әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен
көзге түсетін күрделі саяси организм
ретінде қабылдаймыз.
Осы курстық жүмыстың мемлекет нысандарың
тақырыбы бойынша орындаудағы мақсатым:
мемлекет нысандарының мазмүнын талқылай
келе, олрдың арақатынасын, жалпы әлемдік
тарихтағы орнын қарастыру блып табылады.
Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы
сипаттамсына, түсінігі мен мазмұнына
тоқталуды жөн санадым. Сондай-ақ мемлекет
нысандарының арақатынасы туралы сөз
қозғай келе, мемлекет нысандары жөнІнде
жалпы мағлұмат беруді орынды деген үйғарымға
келдім.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси
ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың,
топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік
субъектілердің қарым-қатынасын реттеп,
бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына
жағдай жасау жүктелген.
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген
кең тармақты органдар жүйесі және биліктің
ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық
өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз
ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі
берілген.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту,
қоғамның жүмысының көлемі де, шеңбері
де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты
тиісті дәрежеде жүмыс жасай аламады.
Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік
тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету,
жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек
болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік
жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты
нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет
керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің
ерекше жүйесі болуы (әскер, полиция, сот,
т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене
түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі
де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына
сай қоғамды қарым-қатынас ережелерін
белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі
территориясының болуы, халықты руына
қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым
ретінде мемлекет сол көлемде белгілі
бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы
процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда
мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі
партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б.
бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси
үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа
саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі
қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі.
Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол
елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық
ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы
бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық
белгілері:
Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір
билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің
билігі барлық халықты қамти алмайды,
мемлекет қана барлық қоғамға күші бар
нормативтік акты қабылдай алады.
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны.Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империяларда
Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Мемлекеттік құрылым -кең
мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын,
яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық
және саяси негіздерін, оның азаматтарының
құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік
аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар
жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада:
мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе
ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет
аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс
сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федерат
Унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтасУкраинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
Конфедеративтік мемлекет - екі немесе одан да көп мемлекеттердің
өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып,
қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды
көздей отырып, мерзімді шарт бойынша
одақтасуы. Конфедерация мүшесі
Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kr
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған.
Олар мынандай мемлекетті демократия
Демократия теңдік болған жерде
ғана болады. Мұнда барлық салада – заң
шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның
барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық
билігі, теңдік, құқық, әділдік
Бұл еңбегімді қорыта келгенде тақырыптың
аса ауқымдылығын атап кетуге болады.
Сонымен, бірінші тарауда мемлекеттің
мәні қарастырылды. Оның ішінде мемлекет
- басқару функциясын орындайтын және
соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат
қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны
екен екен қарастырылды.
Екінші тарауды қысқаша қорыта келгенде, мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан,
мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси
режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық
ұйымы екені туралы нақты нәтижелер айтылған болатын.
Сонымен қатар басқару нысандары
– монархиялық және республикалық
болып,ал ұлттық-мемлекеттік құрылым нысандары
– федерациялық,унитарлы және конфедерациялық
болып бөлінетіндігі,сонымен қатар
саяси режим түрлері қарастырылған болатын .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы
2. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев
А.Н.
3. Основы государства и права. Под ред.
Сапаргалиева
4. Сапарғалиев Ғ Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығы Алматы
Венгеров А.Б. ТГП. М. 1999 с.93
Өмірбеков Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы
Ж.2000 42бет
Сырых ТГП М. 1998 с. 47
Матузова Н. Теория государства и права
М. 1999
Петров В.С. Сущность содержания и формы
государства Л.
Марченко М.Н. Проблемы теории государства
и права М.
Общая теория государства и права под
ред. В.В.
Лазарева В.В. ТГП М. 1997. с. 93.
Өмірбекова Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы.
2000 с.85
Корельский В.М. ТГП. М. 1997. с.38
Сырых ТГП. М. 1998. с. 19.