Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 19:30, лекция
Краткое описание
Шаңды жорық» - қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған жорығы халық арасында осылай аталған. Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады. Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни оның шығыс жағын; дүрбітпен хошауыттар оң жағасын алып жатқан еді.
Шаңды жорық» - қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы
шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға
үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей
қуған жорығы халық арасында осылай аталған.
Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап,
халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының
жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап
тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары
Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын
атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін
ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан
қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған
қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады.
Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын
торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни
оның шығыс жағын; дүрбітпен хошауыттар оң жағасын алып
жатқан еді. Көш 5 қаңтарда басталып, 11198
отбасы өзенінен өте алмай Ресей шегінде
қалуға мәжбүр болды. 30909 отбасы немесе
шамамен 170— 180 мың адам қазақ жері арқылы
өтуге бет алды. Олардың қарулы күштері
- 40 мың жауынгер еді. Еділ қалмақтарының көшкені туралы
хабар алған Ресей үкіметі оларды күшпен
кері қайтаруға тырысты. Бірақ олар қуғыншы
ұйымдастырғанша, қалмақтар қазақ иеліктеріне
тереңдеп еніп үлгерді. Қалмақтар бірнеше
қазақ ауылдарын таптап өтіп, Жем өзенінің
жағасында аз уақыт аялдады. Олардың келгенін
білген Кіші жүз ханы Нұралы тез арада
әскер жинап, қарсы аттанды. Жем өзенінің
бойында алғашқы шайқас өтті. Ұбашы жеңіліс
тапты және Нұралыға уақытша бітім туралы
хат жолдады. Бірақ ол нәтижесіз болды.
Қалмақ көштері Мұғалжарды айналып өтіп,
одан әрі жылжыды. Көктемгі су тасуы кезінде
қамыстан сал жасап, Торғайдан қиындықпен
өтті. Көштің артында қалған қаза тапқан
адамдардың мәйіттері, әлсіреген адамдар
күн сайын көбейе берді. Қазақтар көштің
жүрісін қадағалап отырды және толассыз
шабуылдар ұйымдастырып, мол олжаға кенелді.
Наурыз айынан бастап жаздың ортасына
дейін төрт айдай уақыт бойы қалмақтар
қазақ жасақтарын қиындықпен тойтарып,
аялдамастан ілгері жылжыды. Маусымның
аяғына қарай олар Сарыарқаны толығымен
Балқашқа дейін қиялай кесіп өтіп, Мойынты
өзені жағасында аялдады. Осы жерде оларды
Абылай хан бастаған қазақтардың біріккен
әскері қоршауға алды. Қазақ жауынгерлерінің
жалпы саны елу мың болды, жекелеген жасақтарды
Нұралы хан, Әділ сұлтан, Орыс сұлтан басқарды.
Өлім қатерін сезген қалмақ басшылары
Абылай ханға бодандыққа қабылдауды ұсынып,
елші жіберді. Қалмақ елшілерінің ұсыныстарын
талқылау үшін Абылай әскери кеңес шақырады. Абылай олардың ұсынысын қабыл алып,
шығыстан төнген қытайлардың қаупіне
қарсы қалқан ретінде пайдалануды көздеді.
Бірақ тоғыз ұрпақ бойы осы жаумен соғысып
келген халық өкілдері оларды біржолата
жойып жіберу керек деп мәлімдеді. Кеңес
созылып кетіп, үш күндік бітім жарияланды,
оның соңғы күнінде тұтқындар алмасып,
мәселе түпкілікті шешілетін болып белгіленді.
Бірақ үшінші тәулікке қараған түнде қалмақтар
аса күшті соққы жасап, қоршау шеңберін
бұзып өтті. Таң алдында қазақтар жауынгерлік
қатарын қайтадан тәртіпке келтірді. Қазақ
жасақтары жауды күндіз-түні өкшелей қуып,
әскери күшін біртіндеп жоя берді. Қалмақтар
Балқаштың тұщы сулы батыс жағынан айналып,
Іле өзенінің бойымен жоғары өрлеп Жоңғарияға
өтуді жоспарлады. Алайда қазақтар оларды
суға жеткізбей, шөл даламен басуға мәжбүр
етті. Шел мен сансыз шайқастардан қалжыраған
қалмақтар қырылып, тірі қалғандары тұтқынға
түсумен болды. Тек ең табанды, жақсы қаруланған
аз ғана тобы Қастек, Қаскелең, Кеген және Нарынқол арқылы зор қиындықпен Жоңғарияға
жетті. Мойынтыдағы түнгі шайқаста қалмақтардың
бір тобы бөлініп шықты. Танжу тайшы басқарған
бұл топ Балқаштың солтүстік жағалауын
жағалай жүрді. Біраз уақытқа дейін оларды
ешкім байқамай бұл көш жағдайларын жақсартып
алады. Алайда көп ұзамай қазақтар бұларды
да қыспаққа алды. Бұл кезде олар Аягөз,
Қаратал өзендерінен өтіп, Ілеге жеткен
еді. Соған қарамастан қазақтардың шабуылынан
олардың да 1/10-і ғана қашып құтылды. Олар
Іленің жоғарғы жағына қарай қашып, Қытай
шептеріне жеткен еді. Жайықтан Жоңғарияға
дейінгі аралықты алты айда азаппен өтіп,
тірі жеткен 10-15 мыңдай қалмақтар Қытайға
барып, құлдық қамытын киді. Цин әкімшілігі
оларды жекелеген ұсақ ауылдарға бөлшектеп,
өзінің боданы деп жариялады. Қалмақтардың
Еділден Жоңғарияға үдере көшуі Еділ-Жайық
бойында үлкен дүрбелең туғызды. Көп ұзамай
бұл маңда Е.Пугачев бастаған
шаруалар көтерілісі басталды. Жайықтан
өте алмай Ресейде кідірген 50-60 мың адам
аман қалды.[1]
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Көптеген ғасырлардың
барысында қазақтардың өзіндік
бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріқалыптасты. XVIII ғасыр
мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және
шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды.
Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
үй ішіндегі отбасылық және адамдардың
өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастардықалыптастыруда үлкен
рөл атқарды.
Мазмұны
[жасыру]
1 Қазақтардың қонақжайлылық
қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
2 Әдептілік пен сыпайылық
әдет-ғұрпы
3 Жасы үлкендерге құрмет
көрсету
4 Тамырлық әдет-ғұрпы
5 Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
6 Отбасы және неке саласындағы
әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
7 Бата беру
8 Бала тәрбиесі
9 Дереккөздер
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
Киіз
үйдің ішінде
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті
көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан.
Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай
деп жазған болатын: «Жалпы алғанда,
қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен,
қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық
қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен
керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан
үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында
болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің
бірі Ф. фон Хелльвальд та
былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар
барынша қонақжай мейірімді болып келеді.
Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан
кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер
тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей,
алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез
келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы
беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып
жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер
үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан
бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің
үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық
әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып
салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан
әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию.
Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмненауыз тигізбейінше жібермейтін —
«Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы
әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан
жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары
немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп
келген туыстарына немесе көршілеріне
деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал
көшіп келгендер жаңа қонысқатез үйреніп, оңдағы адамдармен
жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған
әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың
кез келгенін қаладым деп айтуына болады,
ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі
тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы
достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып
бойынша кіндік шешенің де
өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына
болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып,
қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа
шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы
да бар болатын. Оның мәні кездейсоқжағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның
шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан,
су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың
көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап
шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның
өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны
ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып,
ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс
ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай
жазаға кесілгендер өз руының тарапынан
жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені
ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды
кез келген қарақшы аяусыз тонап кете
алатын.
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен
тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен
бөлшесіненқарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының
көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі
болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары
кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі.
Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары
мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем
жасауының бір көрінісі міне осындай.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай
ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің
белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар
біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге,
сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла
көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас
адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі
болып табылады. Асарға шақырылғанда оған
бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар
XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты
пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.
Әрбір қазақ суға кетіп бара
жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған
адамның өтінішін орындауға, шөлдеген
адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар
жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе
іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге
қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау
қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтыңжылқы қосынан ат ұстап мініп кете
беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен
рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға
ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз
қоғамдық пікірқалыптасқан.
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
Екі қазақ кездесе қалғанда
жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!»
деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған
«Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады.
Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық
сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын
адамдар үшін де міндетті болып саналады.
Дала тұрғындарына тән әдептілік
пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке)сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек
— Қазеке, Диқан
— Дәке, Бауыржан
— Бауке сияқты
айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде
белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те
байқаған: «Қырғыздардың сыпайылығы,
кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір
көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне
еке (әке) сөзін қосып айтуы».
Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын
туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің
іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш,
гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын.
Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды
ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен
жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді
әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайынағаларының көзіне түспеуге
тырысқан.
Отағасы үйде жоқ кезде ересек
ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының
мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар
үйге бас сұғар алдында қару-жарағын
әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдынақамшы ұстап кіруге де болмайтын.
Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған
адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне
әр түрлісыйлықтар - базарлық ала
келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы
кішілерге асатужасайтын.
Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса,
оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы
болған.
Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман,
тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып
өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың
да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге
тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген
жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан,
әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерденсәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.
Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен
разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар
мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар
мен көрші-қоландар өзара бөлісетін.
Дала тұрғындары бір-біріне
қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген
адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге
аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына
байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған.
Қазақта ежелден бар тұрмыстық
әдет-ғұрыптың бірі - ажырасу
аяқ. Оның мәні ауылдың
бір түрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп
кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен
қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын
тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына
айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік,
тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара
жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп
жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын.
Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған
жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып,
ақсақалдар ақ баталарын берісетін.
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын.
Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін.
XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының
бірі Ф. фон Шварц былай
деп жазған болатын: «Қырғыз-қайсақтарда
сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы
үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі де кім екеніне,
қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше
сый-құрметке бөленеді». Олар барлық мерекелерде,
жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге
шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі
рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге
тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың
өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың
белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.