Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:02, контрольная работа
Қазақтың батырлары соғыс өнерін ХІХ ғасырға дейін сақтап келгені белгілі. Жазба деректермен мұқият танысқан адам қазақтың соғыс өнері сонау сақ, ғұн және Шыңғыс хан заманы сабақтасып жатқанын байқайды. . Ата-бабаларымыз жаугершілік замандарда әскери өнерді жан-жақты дамытып, оны биік шыңға көтерді Соғыс өнері туралы сөз қозғағанда қазақтар әскерін қанша құрылымға бөлінгенін айтуымыз керек. Жазба деректерге көз салсақ, көшпенділер әскерін орталық, оң қанат және сол қанат деп үш бөлікке бөлгенін байқаймыз. Бұл дәстүр қазақ хандығы дәуірінде де сақталды. Елдің негізін құрайтын ру, тайпалардың шығарған жасақ осы екі қанатқа теңдей бөлінсе, ханның маңайында топтасқан арнайы гвардия орталық шепті құрады.
Қазақтың батырлары соғыс өнерін ХІХ ғасырға дейін сақтап келгені белгілі. Жазба деректермен мұқият танысқан адам қазақтың соғыс өнері сонау сақ, ғұн және Шыңғыс хан заманы сабақтасып жатқанын байқайды. . Ата-бабаларымыз жаугершілік замандарда әскери өнерді жан-жақты дамытып, оны биік шыңға көтерді Соғыс өнері туралы сөз қозғағанда қазақтар әскерін қанша құрылымға бөлінгенін айтуымыз керек. Жазба деректерге көз салсақ, көшпенділер әскерін орталық, оң қанат және сол қанат деп үш бөлікке бөлгенін байқаймыз. Бұл дәстүр қазақ хандығы дәуірінде де сақталды. Елдің негізін құрайтын ру, тайпалардың шығарған жасақ осы екі қанатқа теңдей бөлінсе, ханның маңайында топтасқан арнайы гвардия орталық шепті құрады. Жорыққа шыққанда әскердің алдында соғыс өнерін жетік меңгерген батыр-сарбаздардан құралған ереуіл топ жүріп отырған. Мұны қазіргі тілмен айтсақ, авангардтық бөлім деп атауға болады. Ереуіл тобының өзінің мақсат-міндеті болған. Олар жау тылына барлау жасау, алғашқы әскери қарсылықты қабылдау сынды жауапты міндеттер атқарып отырды.. Көшпенділердің әскери тактикасы өз дәуірінде ең озық тәсіл болып саналған. Сарбаздар темірдей тәртіпке бағынған. Қазақ батырлары әскери шеп құруда жер жағдайын, әскер күшін есепке алып, жасақтарды күшейтіп отырған. Қытайдың көне жылнамаларында ғұндар мен қытайлардың арасындағы шайқас жайында жазылады. Сонда қытайдың тарихшылары ғұн әскері төрт бөлікке бөлінгенін, әр бөліктің сарбаздарды мінген аттарының түсіне қарап ажыратуға болатынын айтады. Қазақтардың әскері ереуіл, маңдай, оң және сол қанат, өкше деген топтарға бөлініп ұрыс салған. Әскердің өкше бөлігінде шоғырланған сарбаздар әскердің тылын қорғап тұрды. Мұндай шеп пен бөлікке бөлу тәртібі жасақтардың санына тікелей байланысты болғанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа әскердің әрбір бөлігінде бұқтырма деп аталатын арнайы жасақ тобы болған. Олар әскердің күші сарқылған сәтте қиқулап келіп, жаудың бүйіріне найзадай қадалатын. Ал көне түрік тіліндегі ереуіл жасақтарын орыстар «ертаул» деп сол қалпында атаса, бұқтырманы «засада» деп өз тілдеріне аударып алған. Көшпенділерді осындай әскери шеп құру тәсілі майдан даласында әбден сыналғандықтан, оны өзге елдер де өздерінің соғыс өнерінде пайдаланған. Сондықтан осындай бай әскери тәжірибені бойына сіңірген қазақ әскері ұлан-байтақ даланы білектің күшімен, найзаның ұшымен уысындаустаптұрды.Әдетте ұрысты алдыңғы лектегі ереуіл бөлігін тәжірибелі батыр-сарбаздар бастап отырған. Олар садақ оғымен жау әскерін баудай түсіріп, сарбаздардың қанын қыздырып, рухын оятқан. Ал ең соңғы шешуші соққыны ортаңғы бөлік жасайтын болғанын тарихтан білеміз. Қазақ әскері көшпенділердің бұл тәсілін берік ұстанған. Қазақта «толғама» деген сөзі бар ғой. Ата-бабаларымыз алғашқыда толғама садақ ату тәсілі бойынша ұрысты бастауды әдетке айналдырғанын байқаймыз. Құралайды көзге атқан мергендер атқа мініп алып, жаудың әскерін айналып жүріп, оқ жаудырды. Садақшылар ешқашан бір орында тұрмаған. Осылайша, жаудың әскерін біраз шығындап алғаннан кейін ғана негізгі шабуылға кіріскенін байқаймыз.– Жекпе-жек — әскери тактиканың бір түрі. Батырлардың жеке сайысын өткізу арқылы жаудың жетекші батырының көзін жойып, сағын сындыруға көшпенділер ерекше мән берген. Тарихтан батыры жеңілген жақтың соғыстан бас тартып, кері қайтып кеткені де кездескен. Осылайша, кейбір жекпе-жек қантөгісті болдырмауға септесті. Соғыс барысында қалыптасқан дәстүр бойынша екі жақтың қолбасшылары бір-біріне адам жіберіп, жекпе-жекке қандай батырлардың шығатынын бірлесіп шешкен. Көп жағдайда атақ-дәрежесі бір-біріне сай келетін батырлар күш сынасқанын біле бермейміз. Айталық, қазақтар мен жоңғарлар бір-бірін жақсы білген. Сондықтан бұл екі елдің батырлары ортаға шығып, өзіне лайықты қарсыластарының атын атап, жекпе-жекке шақырған. Бұл ретте екі жақтың батырлары да бір-бірінің күші мен атағы тең болуына баса мән берген. Осыдан-ақ, сол кездегі батырлардың бір-бірін ерекше сыйлап, қадір тұтқанын байқаймыз. Ел танитын батырларға қарсы жекпе-жекке өзінен күші төмен жас батыр шықса, оны қайтарып жіберген. Батырдың бұл іс-әрекеті қорыққандық емес, қайта өзін-өзі сыйлағандықтың белгісі ретінде саналғанын айта кетуіміз керек. «Екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер» дегендей, екі батырдың бірі жекпе-жекте мерт болатыны белгілі. Сондай кезде батыры өлген жақ жігіттері сүйекке шабуға дайын тұруы тиіс болатын.– Қазақтар соғысқа шығардың қарсаңында, яғни түнде көптеген от жағып, әскер санын көп қылып көрсетіп, жауларын қорқытқан. Жалпы, бұл тәсілді дүниежүзінің барлық елдері қолданған десе болады. Ал күндіз қарсы беттегі жауға көз қылу үшін әйелдерді де аттарға мінгізіп әскер санын көп қылып көрсетуге ерекше мән бергені белгілі. Тіпті кей жағдайда мұндай көз алдауға қазақ әскері қолдан жасалған қуыршақтарды да пайдаланғанын айта кетуіміз керек. Айталық, Шаған өзенінің бойындағы шайқаста Қабанбай бас қолбасшы болып тағайындалғанда, жоңғарларға әскер санын көбейтіп көрсету үшін таудың тасасынан әскерін қайта-қайта шығарып, жоңғарлардың зәресін алғанын тарихтан білеміз. Жауға қазіргі тілмен айтқанда жалған ақпарат беру сол кезде де кеңінен қолданылды. Сондай-ақ аттылы сарбаздар соңдарына сыпырғыш байлап, дүниенің шаңын аспанға көтергенде, қарсы бетте тұрған жау әскері жер қайысқан қалың қол келе жатыр деп иманы ұшып, қорыққан.– Көшпелі елдерде тұрақты әскер болмаған. Тек ханның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жасақтары болды. Әскери өнерді ұстанған батырлар мен рубасылар әскер жасақтау ісіне белсене қатысып отырды. Ел басына күн туған шақта жаршылар ел-елді аралап, ханның жарлығын халыққа жеткізіп отырды. Осыдан кейін әрбір ру соғысқа баратын азаматтарын шығарса, ауыл үйдің байлары ел қорғауға аттанып бара жатқан азаматтарды азық-түлік, мініс атымен толықтай қамтамасыз етуді өз мойындарына алды. Әдетте халық жасағына 16-40 жас аралығындағы еркек кіндіктілер тартылғаны белгілі. Ірі рулар 10 мыңға дейін әскер шығарып отырғанын тарихтан білеміз. Ал ел басына шындап күн туған жағдайда жұртты жаппай жасақ қатарына тарту ісі қарастырылған. Мұны қазақтар қылқұйрық деп атаған. Мұндай жағдайда білек күші бар жұрттың бәрі атқа қонғанын байқаймыз.