Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 16:13, реферат
Манас дастаны - қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиядасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түседі. Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры. Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. XV ғасыррдан бастап дастанның аты деректерде атала бастағанмен, оның жазбаша нұсқасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын.