Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 18:11, реферат
ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың бірден-бір жолы білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, жігерлі, білімді адамдарды тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді саналылықпен байыптап, қарқынды дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. Солардың сапында Бөкей ордасынан шыққан Мұхамед – Салық Бабажановтың еңбегі ерен. Мұхамед-Салық – қазақ халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол – Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан.