Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:09, доклад
ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұлтаралық қақтығыс, түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі.