АДВАКАТУРА
ОРЫНДАҒАН:УДЕШОВА А.ФК-11
Жоспар:
1. Адвокатура
2. Адвокатураның
міндеттері:
3. Адвокатураның
басқа мақсаттары:
4. Адвокатураның
атқаратын функциялары:
5. Адвокат
6. Адвокаттардың
заңды көмегі
Адвокатура – құқықтық институт
болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы
адамдар және жеке адвокаттық операциямен
шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік
бірлесулерін өз ішіне алады.
Адвокатура — заңгерлердің
азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға
көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық
тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек
көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан
бірлестік.
Адвокатураның міндеттері:
15-бап.
Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны
ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн
басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық
нормаларының талаптары мен адвокаттық
құпияны сақтауға мiндеттi.
2. Егер адвокат осы iс
бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған
адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша
ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда)
мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң
көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын
көрсеткен болса немесе судья, прокурор,
анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы,
маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе
куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе
азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан
жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге
немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық
қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол
заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан
бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн
көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған
мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және
көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз
оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың
көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын
нашарлататын құқықтық позиция ұстануына
тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық
iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас
тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын
адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы
бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда
оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға
мiндеттi.
6. Адвокатқа мемлекеттiк
қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен
айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе
шығармашылық қызметтен басқа өзге де
ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым
салынады.
Адвокатураның мақсаттары: 1-бап
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура
адамның өз құқықтарын, бостандықтарын
сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн
алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан
Республикасының Конституциясымен баянды
етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге
арналған.
2. Адвокатура қылмыстық
iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк,
қылмыстық және басқа да iстер бойынша
өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ
заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу
мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн
көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн
ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде
адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк
қызмет болып табылмайды.
Адвокатураның атқаратын функциялары:
1.адвокаттар
қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып
қатыса алады.
2.адвокаттар
коллегиясының қызметкерлері халыққа
заңи кеңес береді.
3.адвокаттар
арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын
т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.
2-бап. Адвокаттық қызмет туралы
заңдар
- 1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық
қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың iстерi бойынша қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге асырған
кездегi адвокаттардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленедi.
3-бап. Адвокатураның ұйымдастырылуы
мен қызметiнiң
принциптерi
-
- Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен
жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны
сақтау принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Адвокаттар көрсететiн
заң көмегiнiң түрлерi
-
- 1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:
1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы
басқа құжаттарды жасайды;
3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және
азаматтармен қарым-қатынастарда
жеке және заңды тұлғалардың
өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге
асырады.
2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
3. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн /осы Заңның 6-бабы/ сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын
жағдайлар қосылмайды.
4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
5-бап. Адвокаттар
көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау
және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды
өтеу
- 1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және
өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап
келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келiсiмде белгiленедi. <*>
Келісім жасасу Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады. <*>
2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары
және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
3. Адвокат көрсететін заң
көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері
мен тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді. <*>
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
6-бап. Заң көмегiне ақы төлеуден
босату
- 1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:
1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс
болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей
бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;
2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге,
жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;
3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау
туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;
4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.
2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.
3. Азаматтарды олардың материалдық
жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң
консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.
4. Осы бапта көзделген жағдайларда
адвокаттың көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
7-бап. Қазақстан
Республикасындағы адвокат
- 1. Адвокат
- жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті
жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі
болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде
кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін
Қазақстан Республикасының азаматы. <*>
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік
жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау
органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының
қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.
8-бап. Адвокаттың
көмекшiлерi мен тағлымдамадан
өтушiлерi
- 1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен
жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары
бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының
азаматтары ғана адвокаттың
тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан
өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы
қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет
стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан
өтеді. Тағылымдамадан
өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан
өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан
өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң
мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен, 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.
9-бап. Адвокаттың
лицензиясы
- 1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның
адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан
өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға
үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың
мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының
қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын
тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық
қызметпен айналысуға лицензия алуға:
1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы
Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және
заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған
судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды
қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан
өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі қабылдайды.
5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан
Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, өзгерту енгізілді - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен
бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.
- 10-бап. Лицензия беруден бас тарту
- Лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
- 11-бап. Лицензияның күшiн тоқтата тұру
- Лицензияның күшi адвокаттың мемлекеттiк қызметке
тұруы, оның Парламент депутаты болып сайлануы (тағайындалуы), мерзімді әскери қызметте болуы, осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4),
7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген
өзге де негiздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiнен шығарылуы кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
Лицензияның қолданылуын тоқтата
тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының
Әділет министрі қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді.
Лицензиясының күші тоқтатылған
адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және
адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425,
2007.05.22. N 255 Заңдарымен.
- РҚАО-ның ескертуі!
12-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР 2009.08.28. N 192-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
12-бап. Лицензиядан айыру
және оның қолданылуын
тоқтату
-
- 1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокатты лицензиясынан айыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және
оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны
үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық
қудалау тоқтатылған;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған;
4) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті
шектеулі деп танылған;
6) адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;
7) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан
айрылған;
8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби
міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.