Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2012 в 17:33, доклад
АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі
мен шығармашылық өнері, философия, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ
поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы
жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу шын мәнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов мақалаларынан
басталды деуге болады.
АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі
мен шығармашылық өнері, философия, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ
поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы
жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу шын мәнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов мақалаларынан
басталды деуге болады. Байтұрсынов 1913 ж. “Қазақ” газетінде басылған “Абай —
қазақтың бас ақыны” атты мақаласында “Онан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ” — деп, Абайды аса жоғары бағалады. Абай
шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс
болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік.
Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте
басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма
өлеңдерін қосып санағанда) мен “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары басылғаны, яғни,
осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны
айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай
Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. А-дың бастамасы, алғашқы деректік
арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған
кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі
тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз
қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының
қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық.
Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ
өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде
бағалануы орынды. Ал, кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген
жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған “Абай термесі” атты
кітапта жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын
жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде І.Жансүгіров
1923 ж. “Тілші” газетінде “Абай кітабы” атты мақала жазып, бір алуан қате
басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды
дәлелдеді.
Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар
бойынша басылған “Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны” атты көптомдық
жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада Абай — қазақ әдебиетіндегі
жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап
болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған.
Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж.
Мәскеуде жарық көрген “Восточный сборник” атты кітапта Абайдың өмірі мен
шығармалары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде
қарасөзбен
берілген.
1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан “По киргизской степи” деген кітабында Дм.