Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 13:13, реферат
Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-түрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңга барып жүргенде сегіз жастагы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған.