Кітап
Мені жұрт
сүйеді, құрметтейді, маған арнап
шкафтар жасап. Үстемі щаң жуытпай,
таза стайды. Мені ұрпақтан-ұрпаққа
мұра етіп қалдырады. Мен адамды
жақсы көремін. Қалтқысыз қызмет
етемін. Адамға жаксы тұруды, бақытты
өмір сүруді үйретемін. Мен адамның
досымын. Менің атым – кітап. Мені
жасау үшін адам баласы көп
еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан
ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады.
Фабрика ол ағаштан қағаз жасап
шығарады, оған авторлар жазады,
суретшілер сурет салады. Баспахана
жазулар мен суреттерді басып,
кітап етіп шығарады. Жұмысшылар
машина мен поездарға тиеп, қала-қалаға,
ауыл-ауылға таратады
Міне, енді
сенің қолында тұрмын. Сен мені
күтіп, жыртпай таза ұста. Мен
сенің сенімді досыңмын.
Әңгіменің
мазмұны ашылады.
1)Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Білімнің бәрі кітапта. Білімсіз
күнің жоқ деген тұжырымға келеді.
Кітап – білім бұлағы.
(балаларға оқыту,жаттату).
«Білім» сөзін талдау, буынға
бөлу,
«І» дыбысының қай буында екенін
ажырату.
д) «Бірлік» сөзінің мағынасын
ашу үшін «Шалқан» ертегісі оқылып, көрнекілікпен
ертегінің
мазмұны ашылып, оқушыларға
«бірлік болмай, тірлік болмайтындығы
ұқтырылады»
ж) Дәптермен
жұмыс.
Оқулықтағы
«ірімшік» сөзіне сөйлем құрау
Дыбыстық талдау, буынға бөлдіру
І-рім-шік
І әрпі нешінші буында кездесті,
яғни, оның буынның басында, ортасында,
аяғында келіп тұрғанын айту.
Сөйлем құрастырып, схемасымен
беру.
( жинақтау әдісін қолдану)
Тиін
Түсі қызыл жалындай,
Көзі жылтыр лағылдай.
Тиін – орман еркесі,
Орман – оның өлкесі.
Қарағайда қуыс бар.
Ұясы сол тыныштар.
Қарағайды қағады,
Тәтті жаңғақ шағады.
Тиін – орман еркесі,
Орман – оның өлкесі. ( М. Әлімбаев
).
Кірпі сөзіне дыбыстық талдау.
Балалар кірпі тіралы әңгіме
құрастырады.
Сауат ашудың негізгі мақсаты
– балаға хат танытып, жазуға, оқуға үйретеду.
Сауат ашу жұмысы – баланың
әріп танудың бастап, өзана тілін танып-білудің
алғашқы баспалдағы.
Сауат ашы
кезінде оқушыларды оқуға, жазуға,
айтуға үйретіп, әріп танытып, тұтас
сөзді, сөйлемді, мәнді оқуға үйретіп,
сауатты жазуын қалыптастыру.
Мұғалім сабақ
барысында түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдаланып, оқушыларды сөйлем құрастыруға,
тексті оқуға, көшіріп жазіға, сөйлеуге
дағдыландырады.
Әліппеден кейінгі
кезең
Бұл кезеңнің
негізгі мақсаты – сауат ашу
кезеңінде берілген білім негіздерін
одан әрі жетілдіріп, оқушыларды
екінші жарты жылдықта «Ана
тілі» пәнін оқытуға даярлау. Ана
тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу
және граматика мен емле салалары енеді.
Грамматика ана тілінің ең күрделі
саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда
өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені
оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін
меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу
осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл
кезеңдегі оқу материалдарының басты
ерекшелігі – мұнда өзара байланысты
мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен
жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді,
мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді,
әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен
оқуды талап етеді. Әліппеден кейінгі
кезеңде оқытудың мынандай міндеттері
қарастырылады.
- Буындап оқытуды жетілдіре
отырып, барлық оқушыны сөздерді тұтас
оқуға төсілдіру. Сауат ашу кезеңінде
оқумен жазу жұмыстары өзара тағыз байланысты.
Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен
жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және
бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп
отырады.
- Оқушылардың білімдегі кемшіліктері жою арқылы сынып білімін теңестіру; әрбір оқушының өздігінен оқып, жазуын камтамасыз ету:
- Оқу Техникасын жетілдіру арқылы дұрыс оқу, саналы түрде түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу машықтарын қалыптастыру. Оқушыларды сөйлемді және мәтінді оқуға үйрету жұмыстарының бәрі мағынасын түсініп оқы мақсатына бағыталыды, осы жолда мәтінді мәнерлеп оқу тәсілің маңызы зор. Бұл шара тыныс белгілеріне қарай кідіріс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс қолдана білу жағдыларын меңгерту мақсатында жүргізіледі. Нүкте, сұрақ, леп белгілері не кідіріс жасау арқылы оқушы сөйлемдердің жігін айыра алатын болады. Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің бәсеңдейтіні, сұрақ белгісі бар ссөйлемде сұрау мәні бар сөздің көтеріңкі екпінмен айтылатыны, ал леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен оқытылатыны мұғалімнің өзі оқып, үлгі өнеге көрсету жолымен меңгертіледі.
- Біршама Көлемді, бірақ қызғылықты да түсінікті мәтіндерді: әңгіме, өлең, ертегілерді сыныпта және сыныптан тыс уақытта үнемі үзбей оқуға жаттықтыру, ( қосымша оқуға «Әліппе серігіндегі» материалдар ұсынылады ).
- Оқылған мәтін мазмұны түсініп,
мұғалімнің қойған сұрақтары мен мағыналық
бөліктерге бөлген жоспар бойынша әңгіменін
логикалық жүйесін сақтай отырып, өз сөзімен
айтып беруге төсілдіру.
- Теріп оқу, рөлге еніп оқу, мәтінге,
оның бөліктеріне ат қою, өлең жаттау
жұмыстарына арнайы көңіл бқліп отыру.
- Оқушылардың сауатты, көркем
жазуын қалыптастыру; сөздегі әріптердің
өзара жалғастық белгілерін меңгерте
отырып, біркелкі үзбей жазуға дағдыландыру,
шағын сөйлемді көшіру, есте сақтау арқылы
жазуға төселдіру.
- Мазмұны суреттеу, оқылған мәтіндер
және оқушылардың көрген-білгені, серуен,
саяхат материалдары, т.б. бойынша шағын
көлемде әңгіме жазуға жаттықтыру.
- Жазылуы мен айтылуы әр түрлі
сөздердің емлелік және пунктуациялық
нормаларды сақтауға қалыптасыру.
Әліппеден
кейінгі кезеңде көптеген ақын-жазушылардың
шағармалары енгізілген. Сонымен
бірге халық ауыз әдебиеті
үлгілері бар. Әліппеден кейінгі
кезеңде мәтіндерді оқытудың
мынадай әдіс-тәсілдері қолданылады:
1. Мұғалінің кіріспе әңгімесі.
2. Мәтінді мұғалімнің
оқуы.
3. Сөздік жұмысын жүргісу.
4. Мәтінді оқушылардың
бөліп-бөліп оқуы.
5. Мәтінді оқығаннан кейін
қысқаша әңгіме өткізу.
6. Мәтінді бөлектерге
бөлу.
7. Мәтінді толық оқу.
8. Сұрақтарға жауап беру.
9. Жауаптарды мәтіннен
табу.
10. Қорытынды әңгіме ( тақырыптардың
тәрбиелік мәтін ашу, дамытушылық
жұмыстар ).
11. Мәтінді мәнерлеп оқу.
12. Мәтінді рөлге бәліп
оқыту.
13. Шығармашылық жұмыстар
( мақал, ойын, сахналық қойылым, сурет
салу, мәнерлеп жатқа айту).
Сабақ өткізудің
әдіс-тәсілдері тиімді пайдалану мұғалімнің
шеберлігіне, ізденіп, еңбектенуіне байланысты.
Сауат ашу кезеңінің соңында оқушылардың
білімділік және икемділік деңгейлері
қалыптаса бастайды.
- Альфавиттегі барлық әріптер
бойынша кез келген буыннан құралған сөздерді
буындап, не тұтас сөзбен оқи алатын
болады.
- Кіші және бас әріптерді дұрыс,
біркелкі және өзара байланыстырып,
оқыған сөздерін өздігінен жаза алатын
болады.
- Жеке сөздерді, шағын сөйлемдегі
тақтадан не мәтін-нен көшіріп, не есту
арқылы жазып беретін болады
- Өз жазуларын сөздегі дыбыстардың
құрамы мен орын ретін айқындау арқылы
өз бетінше тексеруді үйренеді.
- Мұғалім берген сұрақтар негізінде
оқыған шағын мәтіндердің мазмұны айтып
беретін болады.
- Қысқа өлең мәтінін мәнерлеп,
жатқа айтып беріге төселеді
- Мұғалумнің көмегімен өзара
байланысқан, екі-үш шағын сөйлемдерден
мазмұндама, шығарма жазуға үйренеді.
- Кейбір грамматикалық-орфографиялық
мағлуматарды білетін болады:
а) кісі аттары мен үй жануарларына
қойылған аттарды және жер-су аттарын
үлкен әріппен бастап, оңдағы әрбір сөзді
бөлек жазуды және сөйлем соңына нікте
қоюды білетін болады.
ә) сөйлемнің бірінші сөзін
бас әруппен бастап, оңдағы әрбір сөздік
бөлек жазуды және сөйлем соңына нукте
қоюды білетін болады.
Әңгіме немесе ертегі
оқу сабағы
- Оқылатын әңгіме немесе ертегі
тақырыбы туралы қысқаша кіріспе әңгіме
жүргізіледі.
- Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа
бөлімдерге бөлімніп, оқушыларға оқытылады.
- Әр бөлім оқылып болған соң
мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын
қысқаша, оңдағы басты-басты ойларға токталу
арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске
асырады. Қажет болса сұраулар кояды.
- Әңгіме мәнерлеп қайта оқылады.
- Мәтіннің мазмұнындағы негізгі
ойлар оқушыларға аңықталады
- Мәтінмен жұмыс жасалады ( мысалы:
мәтіннен табығатты суреттеген жерлерін
тауып оқыңдар немесе көңіл-күйді суреттеген
жерді табыңдар т.б. )
- Мәтіндегі негізгі ойларды
оқушылар өзера табады
- Мәтін оқу дағдысы нашар оқитын
оқушыларға оқытылады.
Өлең оқыту сабағы
- Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.
- Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.
- Өлеңнін шумақтары бөлініп,
әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда баланың
бір жолы оқыса да мәнерлеп, анық оқуына
баса назар аударған жөн
- Өлеңді мәнерлеп іштен оқытады.
- Өлең мәтінін тұтас, мәнерлеп,
дауыстап оқиды, онда кездесетін кейбір
сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік
болса жаттатылады.
Жазу сабағы
- Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру ( дұрыс
отыру, қалам ұстау, дәптер қою т.б. ).
- Мұғалім бір сөйлем айтады,
оқушылар оны қайталайды.
- Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа
талданады.
- Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады,
оны оқушыларға оқытады, содан кейін бл
сөйлемді жауып қояды.
- Оқушылар сөйлемді дәптерлеріне жазады.
- Тақтадағы сөйлем ашылады да,
оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен
салыстырып, тексереді.
- Осылайша 2-ші, 3-ші сөйлемдер
жазылады.
- Оқушылар жазған үш сөйлемін
тұтас оқитын.
Оқылған әңгіме бойынша
жазу сабағы
- Оқушылардың жазуға дайындығын
тексеру.
- Мұғалімнің тақтаға жазғанын
оқушылар оқып шығады.
- Мұғалімнің сұрағы бойынша
әңгіменің мазмұны талданады.
- Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық
талдау жасалады, жазылуы қиындау деген
сөздер түсіндіріледі.
- Мәтіндегі көп нүктенің орнына
болған сөздерді естерінде сақтап оқитын.
- Мәтінді дәптерлеріне көшірелі,
көшіру барысында көп нүктенің орнына
тиісті сөздерді тауып қояды.
- Мұғалім көп нүктенің орнына
тиісті сөздерді жазады.
- Балалар өздері тауып жазған
сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен
салыстырып тексереді.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі
жүргізілетін сауат ашу барысында жазуға
қойылатын негізгі талаптар:
Оқушылар жазу
ережесін сақтап отырғанда ғана
дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға
негізінен мынадай талаптар қойылады
а) әріпті дұрыс
жазу, дәптердің көлденең сызығынан
ауытқымау
ә) әріптердің
элементтерін тегіс, бірдей жазу
б) әріптердің
бірін оңға, бірін солға қисайтпай,
барлық әріпті бірдей, оңға қарай,
сәл көлбете жазу:
в) әріптердің,
сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты
бірқалыпты сақтап отыру.
г) бірте-бірте
жазу қарқынын тездете түсу.
Жазуға кірісерде
алғашқы куннен бастап орындалуға
тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның
үстіне, баланың кеудесінің қақ
ортасынан тура келетіндей болып,
сәл көлбетіле қойылады;
ә) бала басын оңға, не солға,
иықтарын, кеудесін алға не артқа кисайтпай,
аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап
отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі
дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге
еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей,
бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай,
аяқтарын не алға, не артқа сілтемей отырған
дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу
керек. Өйткені, бұл тынысты тарылтады.
Жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады
г) қаламды ұстағанды саусақ
қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұрып,
қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына
дәл келгені жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен
тәптер аралығындағы 25-30 см қашықтық сақталуға
тиіс.
Сауат ашу
кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Қазақ бастауыш
мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов
ағартушы ғалымдар әдустемелік еңбектерінде
оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік
қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға
баса назар аударды.
Сауат ашу
кезінде оқушылардың ойлау және
сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың,,
М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін
зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин,
С.Жиенбаев, ш.Сарыбаев, И.Ұйқыбаев
секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше
мән береді.
Тіл дамыту
жұмысы сауат ашу кезінде де
жүргізіледі.
Сауат ашу
кезінде жүргізілетін тіл дамыту
жұмыстарының бастауыш мектептің
басқа сыныптастарындағы тіл
дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің
басқа сыныптастарындағы тіл дамыту жұмыстарынан
өзгешілігі – оқыту ісіндегі талдау және
жинақтау процесінің бірлігінде.
Тіл дамыту
үш түрлі салада жүргізіледі:
сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру;
байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік жұмысын жүргізуде екі
түрлі мақсат алға қойылады: бірі
оқылған сөздің мағынасын түсіндіру,
сол арқылы оқушыларды саналы
оқуға баулу, олардың ойлау қабілетінж
етілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету
барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы
оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем
құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың
мынадай түрлерін пайдалануға болады.