Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 19:18, сочинение
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей
ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде
туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі
Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген
- қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге
1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар
көтерілісінің жалынды жыршысы ретінде
де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи
қайраткер тұлғалардың бірі. Халықтың
азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған
батыр, өр рухты ақын.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге
кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды
сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне
бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы,
даналығы мен адамгершілігі арқасында
да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып
жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі
істерді өлеңдеріне арқау еткен.
Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған
асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп,
билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер
шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда
көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына
мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған
үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті
қамауға алғызды. Махамбет қала бекшісінің
түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан
соң Исатай Таймановқа қосылды.
Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен
екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан
еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша
өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы
хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды,
халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен
аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау,
Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті
жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл
ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында
қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады.
Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін
Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде
өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң
аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың
жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет - халықты патшалық, хандық
өкіметке қарсы қарулы кетеріліске
шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның
"Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға"
деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін
бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн"
өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле,
ашына айтты. Исатай - ақынның көп өлендерінің
басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай",
"Исатай деген ағам бар", "Исатай
сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде
Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы,
батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған.
Оның "Өкініш", "Қайран Нарын",
"Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б.
күйлері бар.
Махамбет өзінің
барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер
арасындағы көсем тұлғалардың бірі.
Ол Исатай батырмен бірге арыстандай
ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп
шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің
бүкіл өмірінің мазмұнына айналды.
Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік
теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған
әйгілі ақын.
Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған,
өзінің бойына халықтық дәстүрді терең
сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы
бастаған халық көтерілісінде маңызды
рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы
халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне
қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері
бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің
батырлығын қалың халық бұқарасына паш
ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері
бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді.
Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың
бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып,
оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның
тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы —
теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес,
қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып
келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып
жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған
көне дәстүр бойынша философиялық терең
толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін
күрескер тарихи тұлға ретінде біздің
Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің
бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен
бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы
бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға
арнаған ардақты ақын.