Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:53, реферат
Мұхтар Әуезовтің ғалымдық жолы көпке белгілі. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр-өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты. Ол ғылыми жұртышылық мойындаған фольклоршы болатын және өмірінің соңғы күндеріне шейін Ғылым Акедемиясының Әдебиет және өнер институтында ауыз әдебиеті бөлімін басқарды.